Күмән(74)  

Бөлім: Зікір өлеңдер 65

Күмәншілдік тексертіп,

Қадымды алға бастырмас.

Артқа тартқан бір сезім,

Өзгеден ақыл алдырмас.

Артық деп білім-өнерің,

Байлап берер бір керім,

Сегіз бірдей себепке,

Жалғантып арқау өрмегің.

Тексеріп алды-артын,

Білімді ақыл қылатын

Өзді-өзіңе сендірмес,

Қажырлықты жоятын.

Тәуекелді ергенді,

Күзетіп сені жүргенді.

Түс, аянға жалғантпай,

Ұмыттырмақ әдеті.

Әлсін-әлсін бойдағы,

Ол да қуат алады

Қағыс есту, жайбасар

Оған себеп қылады.

Кәміл сенім жолдасты,

Иманды жойып таппасты.

Күмәншілдік әрдайым,

Талап, сығып жоймақшы.

Күнәға қайта жалғантып,

Ескі ауруды шақыртып

Тоқырауға түспек жан,

Күмәнға ақыл байланып.

Тәубеге кел асығып,

Күмәнға іспен сал құрық.

Алаңдамай есті жи,

Құдайға ет құлшылық.

Өмірің бір сәт емес пе?

Кетеді уақыт келмеске.

Болашақтан үміттен,

Тіршілік тұр үзбеске.

Жаныңды құтқар күнәдан,

Тазартып ет-мал арамнан.

Күмән да қайта келе алмас,

Қараңғы түнек тозақтан.

Қол сермеп бұлғап алыстан,

Болмассың жынды шақырған.

Нұр берер сенің жаныңа,

Құдайдың жолын танысаң.

Тот бастырмай жүректі,

Ғарыштан келтір сәулені.

Әулие менен әмбиің,

Аралық иман себебі.

Араша саған сұрауға,

Тәубеге келген адамға.

Алла өзі бұйырған,

Аяты түскен құранға.

Күмәннан туар күнәға,

Иманды қарсы қоярға.

Бетің күйіп қараймас,

Өлілер риза боларға.

Бітір қанат жаныңа,

Қалықтап құстай ұшарға.

Кеңшілігін іздеп Алланың

Самғасын жаның барзақта!

(Шілде 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *