КЕЙБІР МӘШҺҮР ХАДИС ОЙДАН ШЫҒАРУШЫЛАРЫ

Бөлім: Хадистердегі қайшылықтар 139

    Егер Пайғамбарымыздың хадистері де Құран секілді діннің қайнары және әр Мұсылманның білуі әм ұстануы қажет қағида болғанда, онда Пайғамбарымыз хадистерінің өзінен кейінгі адамдарға ұласуы үшін сахабаларға жаздыратын әм жаттатқызатын еді. Пайғамбарымыздың өйтіп істеуі былай тұрсын, хадистердің жазылуына түгіл тыйым салғандығыны өткен тарауларда көрдік. Егер де Пайғамбарымыз хадистерінің жатталуын қалаған болса, онда Пайғамбарға ең жақын сахабалардың; Әбу Бәкрдің, Омардың, Османның, Алиның, Зубәйрдың, Зәйд бин Сәбиттің, Салман әль Фарисинің риуаят еткен он мыңдаған хадистері болар еді. Алайда бұл сахабалардың айтты делінген сөздері тым аз.

Мысалы хадис ойдан шығарушылардан болып саналатын Абу Хурайраның (Мысықшықтың Әкесі) риуаят еткен хадистерінің үште яки төртте бірі түгіл төрт халифа және барлық беделді сахабалардың риуаяты делінген хадистердің жалпы санынан да едәуір көп. Міне осы Абу Хурайраны әм Исраилийят деп аталатын Яһуди хикаяларын және Мәсихийят деп аталатын Христиан хикаяларын дінге енгізген бірнеше өтірікшіні осы тарауда қолға алып зерттейміз. Зерттеп жатқанда осы хадис ойдан шығарушылардың тым көп мөлшерде хадис риуаят еткендіктерінен, жеткізген мыңдаған хадистерінің неліктен сенімсіз болғандықтарын ұғынатын боламыз. Сондай-ақ мухаддистердің хадис жинау барысында, хадис риуаят ететін кісілерді жетерліктей танымағандықтарын осы арақатынаста түсініп, солайша мухаддистердің бүткіл еңбектерінің де сенімсіз және күмәнді екендігін ұғынатын боламыз. 4. Тарауда хадистерді зерттегенімізде Пайғамбарды көрген әркімге сахаба атағы берілгендігін әм әр сахабаның әділ және сенімді деп қабылданып, әр сахабадан түрлі хадис риуаят алынғандығын көрдік.(Сахаба сөйлемінің осы танымы қабыл көріп, кең таралған. Сахаба сөйлемін тек Пайғамбардың жақын айналасы үшін қолданғандар да болған.) Сол кезде Құран, Пайғамбардың дәуірінде көптеген мұнафықтардың өздерін Мұсылман ретінде көрсеткендіктерін, бірталай иманы әлсіз, иманы қалыптаспаған кісілердің, иман келтіргендіктерін тілдерімен білдірсе  де Пайғамбарға түрлі қиыншылықтар шығарғандықтарынан хабар береді. Өкінішке орай жүздеген Құран аяттарына қайшы келетін, дінге мыңдаған қосымшалар еңгізген мухаддистер, сол аяттардың мағынасын елемей бүткіл сахабаны даусыз ақиқат бұлағы деп жариялап, қай сахабаға ұйылса да ақиқат пен амандыққа жеткізетіндіктерін уағыздаған. Он екі Имамды қатесіз деп есептейтін Шиялардың қатесін өте жақсы шығарған Суннилер, өкінішке орай бүткіл бір ұрпақты, сондай-ақ Құранның көптеген аяттарында мінеліп-шенелген кісілердің, тіпті ішінде мұнафықтардың да болған бір ұрпақты түгелдей қатесіз деп жариялап, Шиалардан да ауыр қатеге түсіп, Шиаларға ұсынған орынды мінеулерімен түгіл күлкіге қалған. Келіңіздер, сахаба атағын алғасын әрбір сөзі беделді болып қабыл алынатын, мыңдаған хадисі бар Абу Хурайраны(Мысықшықтың Әкесі) зерттейік және бұндай саналардың бізді қай жерге және қалай апарғандығын бірге ұғынайық.


АБУ ХУРАЙРА СЕНІМНЕН АЙЫРЫЛСА БҮТКІЛ ХАДИС КІТАПТАРЫ ДА СЕНІМНЕН АЙЫРЫЛАДЫ

Абу Хурайраның Мұсылман болмай тұрғаннан бұрынғы өмірбаяны турасында өзі әңгімелегенінен басқа ешқандай мәлімет жоқ. Мұсылман болғаннан кейін де кедей болғандығынан Суффада тұрған. Муслимнің Фадаил ус-Сахаба’дағы 159. Тарауында Абу Хурайра Пайғамбармен тек қарнын тоқ қылу үшін жүрген деп айтылады. Ибн Хазм тек Бақи бин Мағбәттің ғана Муснадында Абу Хурайраның 5374 хадисі болғаны айтылады. Бухари бұлардан кітабына тек 446’сын алған.

Абу Хурайра өзінің әңгәмелегені бойынша ол Омардан қатты қорқатын болған. Омар Абу Хурайраның хадис риуаят еткені үшін ескертіп, ұрғандығы хадис кітаптарында бар. Абу Хурайра: “Сіздерге риуаят етіп жүрген осы хадистерді Омардың дәуірінде риуаят еткен болсам, ол таяғымен мені ұратын еді.”(Әз-Зәһәби, Тәзкирәт уль-Хуффаз). Абу Хурайраның былай дегені де бар: “Омар өлгенге дейін “Алланың елшісі айтты(قال رسول الله)” деп айта алмайтын едік. ” (Муслим, Сахих әль-Муслим 1.том бет 34). Егер Муслимді көруге жағдай болғанда оған былай сұрайтын едік: Әй Муслим, сен Сахих әль-Муслим деп аталатын, ішіндегі бүткіл хадистері сенімді деп қабылданған бір кітап жаздың, әм сол кітапта әль-джәрх уәт-тағдиль ілімі арқылы кітабыңдағы хадистерді риуаят еткен адамдарды зерттегеніңді жазғансың. Сонда Абу Хурайраны өзің көрмесең де, оны көрген және сол кезде халифа болып тұрған Омардың оны суқит өтірікші деп айыптауы, Абу Хурайраның сенімсіз әрі күмәнді кісі болғандығын түсінуің үшін саған жеткілікті болмады ма? Демек сенің сахих деп аталатын хадистерің берік іргеге құрылмаған. Муслим де өкінішке орай сахабалардың аспандағы жұлдыздар сияқты болып, кімде-кім олардың артынан жүретін болса, тура жолды табады деген негізсіз нанымға алданып қалған. Немесе Абу Хурайра және басқа да хадис жеткізушілерін әль-джәрх уәт-тағдильден қатаң өткізетін болса қолында ешқандай хадистің қалмайтынын білгендігінен әм әсіресе Абу Хурайрадан көптеген хадис келгесін, бұндай анық ақиқаттарды елемей өтіп кеткен. Абу Хурайраны өтірікші деп тек Омар ғана айыптамаған. Айша анамыз да оны әлденеше рет суқиттықпен айыптағанын Абу Хурайраны жақтайтын хадис кітаптарында да көруге болады. Айша анамыз Абу Хурайраға: “Сен Пайғамбардан мен естімеген хадистерді риуаят етіп жүрсін!” деп айтқанда, ол мынандай әдепсіз жауабын береді: “Айна мен сүрме сені Пайғамбардан алыстатты.”(Зәһәби, Сияру Ғәләм ин-Нубәлә 2.том бет 435). Али былай деген: “Тірілердің арасында Алланың Елшісіне ең көп өтірік жапсыратын Абу Хурайра-дүр.” (Ибн Абиль Хадид, Шәрху Нәһж уль-Бәләғә 1.том бет 360). Тағы бір жерде Али Абу Хурайраның: “Жан досым маған былай деді” деп Пайғамбарды айтып тұрғанын естіп: “Қашаннан бері Пайғамбар сенің жан досың бола қалды?” деп айтқан. Ибн Масғуд сынды беделді сахаба болса оның “ Мәйітті жуған және тасыған адам дәрет алсын” деген сөзін қабылдамай, оған ауыр сөздер айтып, сонсоң : “Әй адамдар, мәйітеріңізден нәжістенбейсіздер.” деп айтқан.

ЖАНУАРДЫҢ АЛДАНЫП ҚАЛУЫ ОМАРДЫҢ ТАЯҒЫНАН ДА МАҢЫЗДЫРАҚ ПА?

Мухаддистердің хадис риуаят алған адамдардың сенімділігіне көздері жетулері үшін аса сақтық көрсетіп, ақ пен қараның ара жігіні ажыратулары(!) мына бір хикаяда баяндалады: Бірде мәшһүр бір мухаддис бір хадисшіден бір хадис алу үшін бірнеше күн жол жүріп барады. Алайда ол өзі алыстан арнайы іздеп келген хадисші кісінің қашқан атын қолына жем ұстаған боп алдап шақырған қылығын көріп, ләм-мим демей, дереу келген ізімен кері қайтады. Неге олай істедің деп сұрағандарға: «Жануарды алдаған адамның мені де алдамасына кім кепіл», – деп жауап қатады. Біз де бұл хикаяны оқып алып: “Пай-пай! Мухаддистер хадис риуаятында қаншалықты мұқият болған!” деп, олардың өтірікшілерден ешқандай риуаят алмағандықтарын, осылайша жеткізген барлық хадистерінің қаншалықты сенімді екендігін біздерден сенуімізді күтеді. Бұл жерге дейін хадистердің жалғанмен араласып кетуінің себептері мен нәтижелерін көрдік. Беріліп отырған қисын шүбә жоқ жарамсыз. Мухаддистер хадис риуаят алуда қаншама сақтық көрсетсе де, мухаддистер қаншама кемеңгер болса да жүз мыңдаған хадис ішінен тек сенімділерін сараптап алулары тіпті мүмкін емес, себебі хадис жинау жұмыстары басталғанда хадис риуаятының жынжырларындағы ең маңызды тұлғалар дүниеден өтіп кеткен-ді.Өмірде қалғандары болса Ислам жоғрафиясының төрт жағына тарап кеткен болатын. Бұлардың бәріне бару үшін сапар шегу әм олардың сенімді болғандарына көз жеткізу әсіресе сол дәуірдің саяхат жағдайларыны да ойға алсақ тіпті мүмкін емес. Оларға жету мүмкін болса да, бұл қысқа меймандықта олардың қайсысының сенімді қайсысының сенімсіз екендігін білу мүмкін емес. Әр мухаддистің алдына атын алдаған хадис жеткізушісін кездестіріп, бетін ашатындай мүмкіншілік болмаған. Мысалы берілген Абу Хурайраға қайта оралатын болсақ; атын алдаған хадис жеткізушісін қабыл етпейміз деп маңызсынған мухаддистер, Омар мен Али сынды екі халифаның Абу Хурайраны суқиттікпен айыптаулары мен сабағандарына, Пайғамбардың әйелі Айшаның сол кісінің ұғынымдарын жоққа шығарғанына қарамастан оны қалай қабылдайды екен? Әлде жануардың алданып қалуы Омар, Али және Айшаның бұл ұстанымдарынан маңыздырақ па? 

Халифа Омар Абу Хурайраны тағайындаған әкімшіліктен ұрлықтары үшін кері алғандығы әңгімеленеді. Омар Абу Хурайраға: “Сені Бахрейнге әкім етіп тағайындағанымда аяғыңда тіпті аяқ киімің жоқ еді. Сосын сенің 1000-600 динарға арғымақтар сатып алғаныңды естідім. Сен не сонда Бахрейннің шалғайдағы түкпіріне адамдардың Алла және Мұсылмандар үшін берген салықтарын өзің үшін жинауға бардың ба?” дейді. .”(Зәһәби, Сияр) Абу Хурайраның өзі риуаят еткен хадисте Омар оған былай дейді: “ Әй Алланың әм Оның Кітабының жауы! Алланың мүлкін ұрладың ғой, иә?! Әйтпесе сенде он мың динар қайдан болсын?!” (Ибн Сағд, Табақат, 4.том бет 59) Иә, Абу Хурайраның өзі Халифа Омардың оны қалай айыптағанын осылай әңгімелейді, алайда мухаддистер өкінішке орай Омардың айыптауларына қарамастан оны бірінші дәреже сенімді деп қабылдап, ең көп хадисті онан риуаят етеді.Сосын келіп алып өздерінше әль-джарх уәт-тағдиль ілімінің сараптауынан өтпей қалған кісілердің хадистерін алмаймыз деп шіренеді. Халифа Омардың “Алланың әм Оның Кітабының жауы” деп жариялаған кісіні ең сенімді рауилер арасына кіргізген мухаддистердің, әль-джарх уәт-тағдиль ілімінде қаншалықты ұқыпты болғандықтарын көрсетеді.

Батырбек Сұлтанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *