Киімің мақтан зейнетің  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 1

Бұрынғы еді мақтаның,
Қымбат киім, ас қамың.
Тойдың сәні киіммен,
Жарасып ұят жапқаның.

Бүгінгі енді мақтаның,
Шек-қарныңды ақтарып.
Жыртық киім кеуде ашық,
Көрсетіп қолтық жақтарын.

Қуаныш кіріп көңілге,
Сұқтанар бұған ерлер де.
Жалтырап тұрса тақымың,
Зейнетің қуыс жерлерде.

Тыртитып шалбар кигенің,
Кереметін өмір көргенің.
Ұқсасаң болды ерлерге,
Ойпатты қуыс жерлерің.

Ар-ұяттан сұрау жоқ,
Еркіндік келді мынау деп.
Кеудең арық терең қып,
Тұрсын еркек елеңдеп.

Сасық иіс тән кірі,
Бұл да өмір сәндігі.
Шашты жайып перідей,
Артық өсіп малдығы.

Ақыл-ойдан сұрау жоқ,
Ой қуаты қара боп,
Дүние ісімен қарын тоқ
Жаннан келер хабар жоқ.

Сезім биік, санадан,
Ар, ұяты жоғалған.
Жан жетілмей жарықсыз
Бой зейнетсіз қыздардан.

Қатынның қолы жалаңаш,
Жаулықсыздан у тарап.
Білекке алған ұрықты,
Тамаққа қосып жалалап.

Уланған астың қазаны,
Еркек пен жас баланы.
Есі кетіп жынданбақ,
Өсіп іштен жыланы.

Келіннің деген аяғы,
Болмаса деген арамы.
Тегі ұрпақ таза боп,
Туатын дертсіз баланы.

Аяқ бауыр арамдап,
Қызды өсірген қаралап.
Қатынға қара айналад,
Қайдан отау құралад?

Рухтан келер қалың мал,
Қырық тоғызбен саны бар.
Қыз жаны боп қалыңдық,
Бой жетсе толып жарықтық.

Рухқа күйеуге шығатын,
Әйелден жандық қуатың
Бес қуаттың зейнетін,
Қырыққа дейін алатын.

Ескілік киім зейнетің,
Жаудың тосқан бейнетін.
Үш байлығың арменен,
Құрайды ұлттың бейнесін.
(Сәуір 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.