Бірің қазақ ұлысың,
Бірің қазақ қызысың.
Адамдықты құрмет қып,
Сақтаған өз жынысын.
Жер ана рұқын тынысын,
Тазартар адам өрісін.
Ақ бұлағы ғылымның,
Өсірген иман жемісін.
Ата жолы біз үшін,
Мирасы ақыл кенішін.
Аманаты ата-ананың,
Меңгермек жүкті ел үшін.
Алқапты байтақ жер үшін,
Дәстүрі ата жолы үшін,
Қан мен терін төкенді,
Арттағы ұрпақ біз үшін.
Ендігі ұрпақ ұрысың,
Былғаған жер тынысын.
Әзәзілдің егіп тұқымын,
Шайтаннан болған жындысың.
Меңгерсең болды дін ісін,
Ұмытып ақирет өлісін.
Үркетін Алла досынан,
Шайтанның анық өзісің.
Қабірін тастап туыстың,
Қылмаған риза өлісін.
Жын-шайтан болса ата-анаң,
Тірі емес сенде өлісің.
Түсінбей өзінің кемісін,
Өсірмей ділдің жемісін.
Ел билеген надандар,
Заң шығарған күні үшін.
Түсірген Раббы белгісін,
Көрсін деп қиямет түр түсін.
Ойланған билік болмады,
Санаумен алтын, күмісін.
Бүгінгі дүние жұмысын,
Ішіп-жем, байлық күн үшін.
Білімді қауым жын болды,
Хайуандай оттар өзі үшін.
Толтырса дүние кемісін,
Мәңгі өмір деген жемісін.
Тажалға бұл қызметің,
Жоғалтуға ақирет өрісін.
Ата жол ұрпақ ел үшін,
Бергенді құдай кеңісін.
Көреалмас өңкей надандар,
Бал алмай орына, у іштің.
Байқаған заман тынысын,
Кім тапты тектің ұлысын?
Ғылымды текті меңгерген
Жол-жоба Құдай жұмысын.
(Қараша 2016 жыл)