Ой жетегі жетегі жетелейді алып асу шыңдармен,

Сағым қуған сары дала асау өзен құмдармен.

Өмір деген ұзын жол бар, тарам-тарам бөлінген,

Жауап берем ар алдында сұрағыма «кіммін мен?»

Қырыққа қарай аяқ басып аяңдадым бүгінде,

Көргенім бар, білгенім бар, түйгенім өмірде.

Жүрегіммен тілдесейін таққа қойып арымды,

Алла өзің кешірерсің кезім болса жаңылды.

Сұрақ келді, сендің бе сен бір Алланың барына,

Қыл көпірде жол бөлінер тозақ пенен жұмағының бағына.

Ұрпақ үшін ата-баба аруағы жауап береді білдің бе?

Пенде менен аруақтың Алла алданда бір көтерер жүгіне.

Әке үмітін ақтадың ба, анашыңның ақ сүтін,

Ұрпақ үшін міндет алған бабалардың ақ жүгін.

Адал шәкірт, ұлағатты ұстаз бола білдің бе?

Жауап берші сұрақтарға жүрегіңе үңіле.

Алла барын мойындадым орта жасқа келгенде,

Құран ұстап тәбе дейін,жығылайын сәзждеге.

«Аққа құдай жақ болады»-деген сөз бар аталы,

Ақ пен қара ажыратып таң шауағы атады.

Жартушы бір Алланың құлы болар бар пенде,

Мұсылман боп Мұхаммедтің үмбетіміз біздер де.

Алла жолын дәріптейміз замандас пен ұрпаққа,

Ей адамзат адаспайық, бет бұрайық жұмаққа.

Бірау сенер, біреу сенбес шындығымды айтайын,

Су сияқты келеді екекн талай аруақ байқадым.

Бабаларға басымды иіп, сәлем беріп жатқанда,

Арауақты көзбен көрген «бақытымын мына мен», деп айта алдым.

Арыстанбаб, Ясауидей үлкен тұлға бабалар,

Жүк артқанда қандай пенде қиналмай-ақ тұра алар.

«Ақылменен ал» деген сөзі бабмыздың Бәйдібек,

Осы жолды берік ұстар болды маған өсиет.

Пірім болып Айша бибі ана қолға алғанда,

Періште анам кешірерсің пендешілдік бізден қалған ба?

Ақтығына сай бола алмай қиналатын кезімде,

Сынған қайық секілдімін толқын ұрған теңізде.

Бес атамның аруағы бес жұлдыз боп ұшқанда,

Алмағы мен салмағы бар батасында ұқанға.

Ақ жолыңда аманаты «арың болсын» таразы,

Әр пенденің жүрегіне тұмар тұмар қылып тағады.

Алла жолын аруақтар батасымен қолдайды,

Аруақпен ойнағандар отқа түсіп оңбайды.

Әр пендеге ашық болған «Ақ жолыңның» есігін,

Бабаларың аруағы адалдықпен қорғайды.

Имандылық кең тараса өсіп-өнген елімде,

Калимаса жүрсе егер әр пенденің тілінде.

Ұл-қызыңды адалдықпен арманына жеткізген,

Ата жүгі, әке үміті, ана сүті, ақталғаны деп білем.

Қандай шәкірт болғанымды біле алмаймын бүгінде,

Алла өзі таразылап бере жатар түбінде.

Берік ұста, ата сөзін, соққан кезде сын сағаты,

Аруаққа ант бердім жолымда «жаным-арымның садақасы».

Ту көтердім, жол көрсетіп Айша бибі анамыздың атынан,

Халық еріп, шәкірт шықты мақтанышпен айтылар.

Қандай ұстаз болғанымды шәкіртерім бағалар,

«Бір анадан ала туар, құла туар» танып ал.

Ар алдында жауап берем «кіммін?» деген сұраққа,

Аруаққа, замандасқа, болашаққа, ұрпаққа.

Көпір салып екі дүние есігіне шындықпен,

«Елім үшін» ата жүгін арқалаған ұлмын мен.

(Қыдырәлі Тарыбаев)

(Ақпан айы. 2000 жыл)

Кім болып едің?

Кіммін мен деп, өз ойыңды салмақтап,

Сұрақ қойып өз арыңды тергедің,

Енді міне кезек келді шәкіртерің бізге де,

Сұрағыңа жауап берер кім болдың?

Мақтанарлық із қалдырдың артыңда,

Өрмелеп шығып қазақтың биік көгіне,

Ақ ұл болдың, аға болдың, мың болдың

Ұрпаққа үлгі, жарларыңа күн болдың.

Ұран салып, аруақ атап қазаққа,

Құлашты да өзге елге сермедің.

Желбіретіп Айша ананың туын ап,

Ақ жолыңның бесігін қазақ тербедің.

«Бір анадан ала туар құла туар» дегенің,

Жүзден, жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын

Үмітімді ақтар құлгер бар,-деп сенгенің

Пендешілік қалар ма пенделерден қашанда,

 Болмады бекер уайымды да жегеннің.

Пендешілікпен  ел билеген басшылар,

«Маркетшіл» атап, не ішіп не жемедің?

Теріс оқып аят, хадис дінші аталаған жақсылар.

Болған  қарсы хикметіне жүректердің ашылар

Тура жолды, Масһаб атап хикметі жоқ ашылар

Соқты сағат,  жолдарымен кітабы да ашылар.

Қияметің мезгілі боп, сын таразы тартылар,

+   +  +   +   +

Тылсымнан болып тойы да,

Шапырашты  бас болып,

Қолдау беріп ел ісін,

Көтерді қазақ намысын.

Ақ бастау атты бұлағы,

Ордалар жанған шырағы.

Халықтың ашып санасын,

Болғаны хақтың керемет.

Ақ ұлдың ашқан мөрімен,

Жаннаттың тура төрінен.

Жауды да  қазақ жеріне,

Көркем сөзбен ақ бата,

Елдің жерін көгертті.

Көтеріліп бастары,

Аруақтарда шатанды.

Айымыз туып оңынан,

Жұлдызы келді солынан.

Ата жолмен басталып,

Исі қазақ елімінің,

Арайлап атты ақ таңы.

Ұлттың болып мақтаны,

Орындадың Ақ ұл міндетті.

Ізіңе ерген шәкірт боп,

Ақ бата алып тылсымнан,

Таңбалар алып  киеден,

Күмістен болып босағаң,

Хикметіне Алла көз жетті.

Бесіктерде тербелген,

Сый болған таза киеден,

Талай ұл мен қыздар да

Бүгінгі таңда ер жетті.

Сапқа да тұрып ендігі,

Ата жолын ақтығын,

Құдайдың берген хақтығын,

Көре алмаған күншілдің,

Дәстүрін сатқан діншілдің

Зұлымдығын ғалымның,

Ел билеген наданның,

Дін билеген қараңның,

Дінді заңмен бөлектеп,

Жол көрмеген пасықтың,

Заң шығарған жасықтың

Бетеріне басып айыбын,

Көрсетіп дінін зайырын

Дәледейтін күн жетті!

(Ақпан 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *