Адамның сыры көңілде,
Көңілге көңіл бөлейік.
Көңілдің сыры тереңде,
Тереңге терең енелік.
Тұңғиық терең тұрады,
Сенім мен көңіл күмәні.
Бірінен-бірі бөлінбес,
Сезімдер жарыс құрады.
Күмәнның жолы шытырман,
Сенімді артқа ықтырған.
Алысқа бармас пенде де,
Күмәнға сенім жықтырған.
Жеңілме сенім-күмәнға,
Енбегін қалың тұманға.
Надандық жүрген жерінде,
Берілме күмән-сенімге.
Таразға таяқ секілді,
Көңілдің жүріс екпіні.
Тең ұстап пенде көрелік,
Ақылың етсін төрелік.
Ақылмен сенім жалғассын,
Ақылмен күмән тоқталсын.
Өмірдің ұзақ жолында,
Сезімен жарға соғылма.
(Қыдырәлі Тарыбаев. Ақпан. 2001 жыл)