Көңілде жүрген аққу жанға

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 96

Қар жауып қаңтар келді сықырлаған,

Қаңтарда жорықтарға шыққан еді бабам.

Ақша қар, қас сұлудай көңіл тербеп,

Сұлуға қандай ақын сөз арнамаған?

Болғандан сен аққу, мен бір сұңқар,

Аққу жанға жерде жүрген болдым іңкәр.

Мен ермін қанатын аққу қатайтатын,

Заманның дауыл сынына қарсы ұшар.

Етегі жерге жетіп, жаулығы желбіреген,

Еті таза тәніне сұқ түгіл, күн тимеген.

Бағаңа сендей арудың жан жетер ме,

Қолыңды берші десем келер ме едің?

Өшіре алмай бейнеңді көңілдегі,

Көтерсек деген ата-дәстүр жүгін бірге.

Жөн білген сендей ару жанды іздеймін,

Сырласып оңашада тарқатуға мұң шерімді.

Көктем келсе тоң жібіп, қар кетеді,

Қарамаса қатын, бақпаса мал өледі.

Болғанмен тегі мықты және сұлу,

Байталмен бәйге ала алмай тек өшеді.

Білемін қолқа салсам келіспейсің,

Жас үлкен және жұрт бар өсектейтін.

Домалақтай анаң өзінен үлкен ерді қалап,

Тектілердің анасы қалай болғанын ескермейсің.

Арман бар әрбір баста тұрар аңсап,

Көңілге қозғау салмай, тыныш тұрмас.

Шындық деген шын емес білсең жаным,

Арман еді бұл сырым аруларға қылған назым.

Аққу деген нұрлы әйелді тазартқан сезім жанын,

Тән сұлуы теңеуі емес еркіңді алар болып сағым.

Ақ ниетті, арлы әйел, ақылы кем болмаса,

Пәк сезімі жаннатпен жалғайды киіз қазығын.

Әрбір жанның тағдыры болады өз қолында,

Құдай оны жазған баста туылмай тұрғанында.

Жас кезде ақыл толмай, рухың өліп тазармайды,

Ердің жасында ұғасың иман өсіп толғанында.

Балықтар бар ұрығын шашса өзі өлетін,

Адамдық дәстүрің ол емес мен білетін.

Жас тоқал алып тәрбиені меңгеретін,

Тазартып  ердің қанын, шабыт сый беретін.

Жанына және жазып ерінен ілім көрген,

Пайғамбардан қалған еді құпия сырын білсең.

Жас әйел де естіден қаны тез жетілетін,

Текті ұрпақты осылай өмірге де әкелетін.

Арлы, ақылды нәзік есті ерге ғашық болар,

Ел мақтаған ерді жанына жақын тұтар.

Бұл жандының әрекеті өсіп-өнбек,

Ондай нәзік ата сөзі аманатына берік болар.

Осылай қазақ дәстүрін жаңғыртып үлгі қалса,

Қазақтың номадтық нәсілін қайта туса.

Әйелдері қазақтың мейірімді, арлы болып,

Арманым бұл дәстүрі қазақ әлемге үлгі болса.

(Желтоқсан  2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *