Мәңгілік ел болу үшін қазақ руханиятына егемендік керек!

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 193

     Ел басымыз қазақтың зиялы және өзін ұлтшыл, ұлтжанды деп есептейтін әрбір тұрғынына «Мәңгілік ел идеясын» ұсынып, оны тағы да бір жақты әлеуметтік бүгінгі дүние тіршілігі тұрғысынан пайымдап, енді сөз жүзінде жабылып қолдаған болып жатырмыз. Бірақ философиялық тұрғыдан қарайтын болсақ әлем философия даналығының бұл салада қаншама ойлар қалдырып мәңгілік ел тұрғысынан Л.Н. Гумилев және көптеген ағылшын, американдық философтар да; «Пассионарлық, этно біріктіруші», «токсондық үлгі» ұлттың қалыптасуымен ғана әлемде болашақтағы рухани құрдымға құлаудан адамзаттың құтқарыла алатынын дәлелдеп өтіпті.
«Пассионарилер», «Арийлер» деп сыртқы кеңістіктегі заманның түрленуіне байланысты пайда болатын, адамзат руханиятына, мінез-құлқына тікелей әсер беретін энергияны (биохимиялық, биофизикалық) өмірқабына (денеге, аурасына, ар сауытына) мейлінше мол сіңіре алатын қабілеті бар «этностың» (нәсілдің) бір бөлігі деп ескертіпті философия оқулықтарында. Бұл тұрғыда өздерін «голубая кровь», «арийликтер» атаған неміс философтарының еңбегін жүзеге асыруға Гитлердің неміс халқын қайда апарғанын, қандай пайда, зиян көргенін баяндап жатудың да керегі жоқ. Бұл философиялық бағытты ұстанған орыс елі де ендігі аға ұлт болудан қалып, тығырыққа тіреліп, өздерінің пассионарлық дәрежесінен айырылғанын әлі жалпы халық болып мойындауға да шарасыз. Себебі мұндай философиялық бағдармен өз саясатын жүргізіп жатқан америка елі де рухани құлдырауға түскенін әлі пайымдай алған жоқ. Сол сияқты өздерін; «универсалды этно біріктіруші» ұлтпыз деп санайтын арап елдері де тәкаппарлықтың құрбаны болып құрлықтарында болып жатқан қан төгісті тоқтатудың амалын да таба алмай, европа жұртына қарай жалтақтап отырғаны да хақ. Осындай жағдайда қазақ елі егемендік алдық деп өз шекарамызды белгілеп, сыртымызды түзеп, әлеуметтік жағдайымыз да құдайға шүкір ешкімнен кем емес. Кембіз, ашпыз, жалаңашпыз дегендер оны өзінің тағдырларынан көрген де дұрыс. Себебі біздің елімізде қандай да бір демократиялық жолды ұстанған елдердің барлық заңдары да, еркіндіктің қандай түрі де кейбірі заңмен тыйым салғанмен ашық қудаланып жатқан түрі жоқ десе де болғандай. Сонымен сырттай қарағанда біз демократиялық мемлекетке айналып, еркін өмір сүретін қоғам құрып, енді руханиятымыздың ірге тасы – тілімізді меңгеріп мәңгілік ел болуға шешім қабылдадық. Осы жерден сәл дем алып, артымызға-алдымызға қарап көргеніміз де дұрыс болар.

     Ел биліктің әлеуметтік жағдайды түзеу барысында немістердің жолын Маркстік саясатты ұстанып, оны еліміздің, жеріміздің жағдайына қарай және бұл тұрғыда революциялық жолмен жүздеген жылдық, дәуірлік уақиға, тағдырды ондаған жылдарда өткеніміз де хақ. Бірақ алдымен руханият даму керек еді немесе кейінге қалдырмай қатар ұстану да керек еді. Бұрынғы қазақ дәстүрінің «Құдайсыз қурай сынбайды» деген нанымы заман дін білімімен бірге жетілдірмек түгіл, керісінше көптеген ата-бабалар тәжірибесін мүлде керексіздей қоғам өмірінен алып тастады. Сондықтан қазақ руханияты өздігінен «стихиялық» түрде дамып, біздер де бұл көштен қалмай артынан амал жоқ еріп отыруға да тура келді. Бұл тұрғыда қазақ ойлау жүйесінің мүлде өзге елдегідей сыртқы ақпараттық энергияны, тарих толқындарын бірін қабылдап, екіншісін терістеуге құдайдық жәрдемі әулие-әмбилер, пайғамбарлар аруақтары көп жәрдем берді десек жалған да емес.
Және қазақтың негізгі ұлттық құндылығы – дәстүрін қандай жағдайда мүлде жойып жіберуге жол бермейтін ұлттық мінезі және осыған байланысты «өлі риза болмай тірі байымас» деген дін ұстанымдарымыз, салттарымыз, ғұрыптарымыз біздерге мұндай сырттан келетін ақпараттарды сіңіруге, кей жағдайда басым түсіп, жынданып көшеге шығып кетпеуге тез бейімделгіш қасиеттілігіміз де құдайдың қалауымен көп жәрдем болғаны да сөзсіз. Бірақ қанша егемендік алдық деп дүние ісіне, қарнымыздың тоқтығына мәз болғанмен ұлтымыздың рухани тұрғыда аш екенін, оның зардабын татып жатқанымыз ай сайын, жыл сайын айқын білініп келе жатқанын көбіміз әлі дүние ісінен босамай аңғарудан қалғанбыз. Оған бір ғана мысал; біздер европалық аурудың бәрімен де ауыратын түркілік елдердің көш басында болып, әлеуметтік жағдайы әлдеқайда төмен түркіменстан, өзбекстан сияқтылар бізден 40 саты, 70 сатыдай төмен тұрғанынан-ақ көп жағдайдың, яғни қайғы-қасіреттің отаны болғанымызды әшкерелеп тұр.
Енді сырттай бақылаған адамға ел басқару орындары мен сөз, ақпараттық орындардың тағына отыруға жоғары саналы яғни тек рухани кемелдігі бар жетілген адам баласы ғана лайық болу керек. Ал біздің елімізде жақсы болу қалтаның қалыңдығымен, дүниенің байлығымен және рухани кемел болу деген дін білімін, кітап тәпсірлерін жаттап алып халық алдында ақыл айтуға мүмкін болса, ал лауазымды қызметке де іргелі білімнен хабарың болса болғаны, тіптен халықтың ұлттық рухани тілінің де маңызы да болмай қалды. Неліктен десеңіз, біздің рухани философиялық біліміміз және діни сауаттылығымызды (дін білімі емес) егемендік алмақ түгіл, өзге елдің құлдығына, ақылына мәжбүр болатын жағдайға дейіп апарып, қайта рухани тұрғыда оларға тәуелді болуға да жіпсіз байлап бергенбіз.
Еліміздегі қандай да бастамашыл рухани қозғалыстың бәрі біздің ішкі еркімізден емес, сырттың қалауымен ғана болып жатқанын ақымақ, ессіз адам ғана түсінбейді. Дін біліміміз қызылбастық, яғни бұрын дінінің өркениетін қалыптастырғанмен енді арадағы тарихи шежірені яғни заманды, демек Алла тағалының өзін де алып тастап, рухани тұрғыда бостықты қалыптастыруға негізделіп және қазақ халқының осы екі аралықтағы (этностық) «рулармен, суық қолдармен» жүктелуімен сол діні, салтын алған елдің руханиятына жалғанумен ғана нәтижесін беріп те жатқаны да хақ. Екінші жағынан осындай мәңгүрттікке түскен ұлттық қауымды тек заң шығару арқылы ғана басқарылатын тек білімге сүйенген сырттай қараған қандай іс істеуге де еркі бар қоғам құрылғанмен, жауапкершілігі жоқ, заңның бір осал тұсын тауып айналып өтуге тырысатын, ал ондай бостықты жамаумен ғана қолдары босамайтын билікті жетілдірумен немесе бір қауымға партияға жіктеліп өздерінің қарамағындағыларға қолайлы заң шығаруға неден де болса тайынбайтын дін, ар, сенім, дәстүр деген ұғымды ескіліктің қалдығы деп санайтын қоғам ішінен қауымдастықтардың қалыптасып және ол қауымдастықтан да іштей өздеріне ыңғайлы «феномен» тұлғаларды қалыптастыруға арналған әрқайсысы өздерінің мүддесіне лайық топ құрып алуға бөлшектеніп жатқаны сөзсіз.

      Бұндай жағдайдың қалыптасуына әрине басты себеп тілден деп дәлелдеп жатқандар да бар арамызда. Егер тіл білімі тек қазақ тілінде сөйлеумен шектелсе, бұл тұрғыда әзірге қазақ елінде жалпы кемістік жоқ. Ақыны да бар, жазушысы да, философ, психолог, теолог ғалымы да, саясатшы болжампаздары да жеткілікті, ешқандай мемлекеттен ақпараттық тұрғыда артық болмасақ та кем емеспіз. Тіптен бұл тұрғыда 99 пайыз өзбекше сөйлейтін өзбек елінен де артықпыз. Бірақ сөйлеген тіліміз бен ойымыз алшақ болып, философиялық мектебіміз өліп, енді ел басқаруға жоғарғы лауазымды орынға отыру үшін де ғалымдықты қорғап алу немесе ақын болып өлең жазып, жазушы болу, композитор болу дегеннің өзі түкке тұрмайтын болып қалды. Себебі ұйқас болса, сезім болса болды, оның сөз қуатын түсінетін ақсақалдар қауымы да азып, діннен ажырап мәңгүрттікке түскені соншалық исламның азған елдерінен де рухани, нәсілдік, «этностық жетілу» имандылық тұрғысынан әлдеқайда төмен елдердің салтын ұстанып, өліктерге гүл қойып, қол шапалақтап шығырып салып, көшенің бұрыш-бұрышына жалаңбас ата-аналарымыздың мүсіндерін қоюды, оған мал құсатып шөп салуды арсыздық, құдайсыздық, ата- баба аманатын тәрк ету деп ойламайтын да болдық.
Ең бастысы қырыққа толмай жанына ерекше қуат пен ғылым, кітап берілген пайғамбарларды да жұртқа менің соңымнан ер деп үгіт айтқызбаған жаратушы иеміз. Ал біздің елімізде сөздердің философиялық маңызының жоғалғаны қарапайым тіл біліміне айналғаны соншалықты рух пен жанды, кітап пен құранды, пайғамбарлық пен елшілікті, діни білім мен діни сауаттың айырмасын, ерекшелігін білмейтін, тек арап тілінен хабары болса болды имам, хазірет және дін ғалымы болып бүкіл халқымызды соларға ұйытып қойғаннан-ақ жалған пайғамбарлардың пайда болуымен, қандай тажалдық жағдайға тап болғанымызды білуге болады. Философтардың мәңгүрттігін пайдаланған мұндай тажалдар енді «хижра» жыл, дәуір оқиғалық санау жүйесін күн тізбегіне айналдырып онсызда жырым-жырым болған масһабтық пәтуаларды онан сайын аздыруға жол беріп қойғаннан-ақ не сөз? Айналайындар-ау, есеп білмесеңдер, ғылымнан хабарларың болмаса да айдың тізбесінің ішіне оның сыртында тұрған қалай күн кіріп кетті деп сұрайтын бір естінің табылмай қойғанынан-ақ белгілі жағдай. Негізінен бұл тұрғыда қазіргі көптеген ел билігіне де қолайлы, руханияттың маңызы да жоқ. Халықтан сұрау да жоқ. Себебі жалпы ел басқару және сауатты аталған қоғамда құранды оқу, зерттеу маңызды емес, оны мешіттер арқылы ғана үйрену керек деген пікір қалыптасқан. Енді ел басшылыққа таққа отыруға кез-келген партия құрып, өз арасынан әйтеуір айтқандарынан шықпайтын біреуді отырғызудың әлемдік үрдісі қазақ еліне де келген болатын. Бірақ ел басшымыздың рухани тұрғыда діни сауаты, сөз түсіну қабілеті әлдеқайда биік болып шығып, соның арқасында болжампаздық қабілеті де артық болып билікке келуімен құдай өзі қолдау беріп, енді ел биліктің тағына отырудың қадірі де, құны да артты. Яғни енді таққа отырғызсаң болғаны мен де басқара аламын деген көшеден немесе хайуандық күшпен әлемді таң қалдырып спорттан да келе салу мүмкін болмай қалды. Бірақ әлі де оған енді шаруашылықты жетік меңгерген ел басқару ісіне маманданған кез-келген жастың да отыруға үміттенетін жағдайы да бар. Себебі қазақ елінде руханияттың, діни сауаттылықтың, философиялық білімнің маңызы жоқ. Қандай да бір ақ ордаға барып таяқ лақтырсаңыз әйтеуір діннен хабары жоқ бір жалаңбас жүруді арсыздық деп қабылдамайтын кез-келген билеушінің басына тақ ете қалары да сөзсіз. Ал енді ол пенденің сенің сауалыңа жауап бере алатынына, тіл мен ойы бір жерден шыға алатынына да кепілдік жоқ. Сондықтан әйтеуір есеп біледі, осы дұрыс басқара алды деген қандай да бір жасты лауазымды орынға қойып оның халыққа өз ойын ұлтының тілінде қарапайым сөзбен жеткізе алмауы да ұлттық құндылыққа, руханиятымыздың белгісіне де кірмейді.

     Сол сияқты біздің шәкірттеріміздің он сұрағының біріне жауап бере алмайтын жас бала Нұр отан сияқты партияның тізгінін ұстап отырғаннан-ақ қазақ елінің философиялық құндылығы, ойдың құны да, ақсақалдық үлкендіктің маңызы да мүлде өлген. Сондықтан енді ақпарат сайт беттерінде құдайдың парызын, ата-баба аманатының бірін де орындамай-ақ, бастың қадірін білмеген шашын жайып, көтін ашқан қатын діннен де, ұлттық дәстүрден де тәлім беріп, тіптен исламды да, тарихи нақты ақиқатты да енді келместей қылып ақыл айту қалыпты жағдайға айналған. Жоғарғы дәрежелі бас имам, хазірет дін ғалым мен енді арап тілін меңгерген жас балалар мен қыздардың дәрежесі бірдей. Сол сияқты біздің шәкірттеріміздің білген философиялық білімін білмейтін философтар акедемик дәрежесінде заң шығарып кітап жазып, жоғардан қарап біздерге қандай жол ұстауды көрсетіп отырғасын не сөз? Немеремізге де ұлтымыздың руханиятынан от басылық тәрбие берсек, мектептен басқа нәрсені үйретіп арамдықты арам деп санамауға, ұятсыздық, арсыздықты еркіндік деп қабылдауға үйреніп келеді. Осындай тізе берсеңіз қазақтың ойлау жүйесінің біртұтастығы түгіл әдептілік қылығының өзінен жер шарының барлық елінің нәсілдік, рулық, қауымдық белгісі түгіл жер бетінен мүлде жоғалып кеткен Лұт қауымы, Ғад қауымынан бастап барлық мінез-құлықтарды да көшеден де, алысқа бармай-ақ көгілдір арнадан да тауып аласыз.
Бұл дегеніміз ұлттың негізгі іштей әлсіреуімен қандай жағдайда да тілімізді сақтап қалғанымызбен тектік белгіміз жойылып, не қазақ, не орыс, не түрік емес бір будан ұлттық сапаға айналып келе жатқанымыздың белгісі. Онда мәңгілік ел болу деген тек сыртқы бейнеміз. Ел деген әр пенденің ішінде тұрғанын білген де жөн. Сонымен қандай әулие ел билеуші болғанымен Нұрсұлтан мырза әзірге бұл тұрғыда қазақ ұлтына рухани егеміндік алып беруге шамасы жетпеді. Бірақ ел билеуші тағының қасиетін арттыруға, кез-келген пенденің ондай орынға отыруға құқы жоқ екенін ғана дәлелдей алды. Әрине бұл да болса қазақтың болашағына деген үлкен өзгеріс болмақ. Себебі, енді қандай да бір басшы келмесін бұрынғыдай бас шұлғып мақұлдай беретін уақыттан өтіп кеттік те; «Қазақ тұрмас тұрықтап, қызық пенен тыныштыққа» дегендей арамыздан дінді де, дәстүрді де өз еркімен меңгеріп, құдайдан шабыт-идея, қолдау алған талай текті азаматтардың да шығып ел биліктің, ел билеушінің әрбір қадамын, сөзін сынап әшкерелеп отыратындар қатары арта бермек. Мұндай жағдайда халық та сондай кісілікке жеткен қоғам өкілдеріне құлақ салып, ел билеушілерінің амал жоқ рухани білімдерін жетілдіруіне тура келетін заман басталып та кетті.

     Неге десеңіз менің осыдан 5-6 жыл бұрын жазған еңбектерімді ол кезде санаулы ғана адамдар оқып, оның да жартысын ғана түсінетін еді. Себебі көптеген сөз атауларын өз орнына ежелгі қазақ тіл біліміне сәйкес жаздыруға тылсымнан жетеленіп, тылсымның көптеген ақпараттық есіктерін ашып бергенмін. Бұл жазбаларды оқыған әрбір пенденің миы ашып, түрлі түстер көріп рухы тазарумен әйтеуір бір күні қайта оқып немесе құранға келіп жаңалық ашып, қазақ еліндегі осындай рухани надандықты жүрегімен түсінетін жағдайға келе бастайды. Мұнда мен бір жаңалық ашқан жоқпын, бұрынғы бабалар кітабын түсіндірумен әрбір ұлты қазақ адам баласы сол ақпараттан жаны келгеннен кейін мұны мен бұрын оқыған сияқтымын деген пікірмен санасына қуат келе бастайды. Яғни, кітабы ашылып әрбір қазақ адам баласы өз жібін тауып құдайдан тікелей шабыт-идеялар алып болжампаздығы артып ой мен тілі бір жүйеге келе бастайды. Мұны нақты бүгінгі күні өз шәкірттерімізден тәжірибеден өткізіп көзіміз жетіп жатқан жайы да бар. Сонымен енді қанша ел билік те, ақпараттық орындар да бұл жазбаларды халыққа жаппай оқытуға құлықсыздық танытып кедергілер қойғанымен, әрбір білімді оқыған пенденің түсінгені сайын оның аруағы да қуаттанып, аруақ арқылы бұл білім жүздеген пендеге оқылады. Құдайдың бұл құдіретті хикметін тоқтату енді мүмкін де емес. Сондықтан енді алдағы 6 жылда Абай-Шәкәрім даналақтарын өздері оқып түсіне алатын қоғам қалыптасады да, қазіргі таңдағы менен артық білімді, ілімді жоқ деген тәкаппарлыққа түскен шығармашыл, ел билеуші топ пен халық арасына үлкен жік-оқпан түсері де хақ. Бұл енді ел билеушілерге де барлық қоғамдағы білімді, зиялы қауым өкілдеріне де үлкен рухани қауіп төніп масқара мазаққа ұшыраудың да мезгілі туатыны да сөзсіз. «Ненің соңына түссең соның күйігін тартасың» дегендей бүгінгі керемет дін имамы, хазірет, ғалым ертең кез-келген діни сауатты қазақ жастарының әжуасына ұшырап, ата-жолын қалай қудалап мазақ қылса сондай дәрежеде жауаптарын да алулары да хақ. Бұл тұрғыда заңмен ашық қарсы болып ордаларды қудалағандар да құдайдың сотына да, аруақтың назына да қалып сол ордаларды қайта құруға қызметке жүгіртіп қояры да хақ. Онда да халықтың қалауына іліге алса ғана. Ал халықтың қалауы – құдайдың қалауы. Мұндай топты қалаулы қылатын да халық, қалаусыз қалдырып жоғалтатын да халық екенін де білгеніңіз жөн. Мұндай тұрғыда ел басқару саласындағы тілін шайнап, ойын жеткізе алмау түгіл философиялық даналығы, діннен толық сауаты мен білімі болмаса, халық ондайларға ашық түрде қарсылық білдіретін болады. Міне сол кезде біздің қаншама жыл бос мақтанмен мәңгілік ел боламыз деп рухани құлдықта жүргенімізді сезінетін боламыз. Бірақ ештен кеш жақсы деген дана қазақ. Әлемге де үлгі болған ел басымызға мен жек көргеннен сын айтып жүрген жоқпын. Арамыздағы жүрген, я рухани сауаттылығы (кітабы, аяны) жоқ, я философиялық ойлау қабілеті жоқ мен де ел басқарамын де партия құрып дүниемен қарық қыламын дегендерге сабақ болсын, адамнан емес құдайдан ғана қорқатын қазақ тегінің әлі тірі екенін және күн санап қатарымыз толып келе жатқанын да білсін деген мақсат бар. Өйткені олардың ісі түгіл, әрбір айтқан ойынан да қате тауып алуға да және біздің сұранысымызға олардың мүлде жауап бере алмайтын сұрақтарды да қоя алатын жағдайға рухани тұрғыда жеткеніміз де сөзсіз. Ал әлем философтарының таба алмай жүрген құндылықтың да сөз ұғымдарының да әлде қашан қазақ дәстүрі болып, тектіліктің қандайда бір сыртқы әсерлерге де ел биліктің қолдап отырған саясаты «экстремистік» білімге, дін үлгісіне де төтеп бере алатын «универсалды этностың» қауымның қалыптасуын әлде қашан бастап кетіп және жеткен жетістіктермізбен ұялмай әлемге де көрсететін үлгі де білімі де бар. Сонымен бірге қазіргі өз мақсатын орындай алмай азғындыққа себепші болған философия мектебін, психология білімін қайта жазып, әлемдік пассионарлық «этно ұлтты» қалыптастырудың көш басшысы да боламыз.

     Сеніңіз мейлі сенбеңіз енді ел биліктің, білімді қауымның аузына, қолына қарап жалтақтайтын әлеуметтік мұқтаждықтан Нұрсұлтан мырзаның қажырлы еңбегінің арқасында өтіп кетіп, енді еркін сөзімізді, ойымызды халыққа жеткізуге де қолымыз да ұзарып қалды. Бұл тұрғыда тек «білмесеңдер біздерден сұраңдар» деген Құдай ісін жоққа шығарған масһабтық жалған пайғамбарлық қылған тажалдық білімін әлем алдында масқара қылатын еңбектерді жария қыла бермекпіз. Және мұндай жағдайда философия мектебінің өкілдері ұлттың руханиятын қалыптастыруға саусақ ұшын да қозғай алмағаны үшін тарихымызда аттары қалып, үлкен айыпталуға, мазақталуға да ұшырауы хақ..

(Жалғасын жын-шайтан, нәсілдер, ұлттық негіз туралы жазбадан оқыңыз)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *