I- «Терроризм»-бүлікшілдік деген қайдан туындайды?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 60

 

      Қазақ ел билігі қыруар қаражат бөліп «терроризммен», яғни бүлікшілдікпен күресуге бел байлапты. Терроризм деп бүлік тудырушы, халық өміріне қауіп тудырушы, мемлекет меншігін, ел бірлігін, рухани өмірін бүлдірушілерді айтады. Яғни рухани надандықтан, білімсіздіктен, пікірлердің қайшылығынан, әділетсіз заңның кесірінен де халықтың заманаға қарай қажеттілігін ел билігі қамтамасыз ете алмағандықтан пайда болатын құбылыстар. Бұндай құбылыстар тарихта болған және тұрақты түрде адамзат өркениетінің бір сатыдан келесі сатыға өту кезеңінде үнемі қайталанатын тарихи заңдылық себепшіге де жатады.  Ал қазақ даналары бұл жағдайға; «Іліммен білім ортасын таба алмасаң бүлін», «Бүлінген елден бүлдіргі алма» деп ескертіп кеткен екен. Бірақ ата жолымыз, ата дәстүріміз өзімізге жат болып, қудаланып, сотталып, діншілер тарапынан әулиесін «шайтан» атап, енді ел жақсылары бұл жағдайдан шығу үшін ойына не келсе немесе бір жат елдің таңсығын байқап қалса, соны дереу заңға, амалға айналдырып, босқа халық қазынасын шашумен ғана айналысып жатқандарын аңғарар емес. Сонымен, бүлікті бүлікшілерді басуға яғни өз халқын өлтіруге, қудалауаға маманданып алып, енді осы тәжірибемізді өзге елге де мақтан қылып жақында «Терроризмен күрес» атты жиналыс жасап, оған қыруар қаржы да халық қалтасынан, яғни халықтың өзімен, руханиятымен соғысуға дайындық басталып кетті де. Бұған «Елу елдің ішіне кірдік» деп руханияттан, халық денсаулығынан 97-ші орында тұрғанымызға қарамай дақпырт мақтанға айналғасын Алматы базарына бұрын соңды болмаған өрт апатымен сынақ түсіріп, құдай ескертті. Бұдан тағы қарапайым шаруа баққан халық қана зиян шеккені де сөзсіз. Бүліктің өзін емес, бүліктің себебін таба алмағандықтан ел биліктің бұл күресі тағы да қантөгіс пен елге түсетін құдай сынағын, ауруларды, азаптарды еселеп арттырғаннан басқа түк нәтиже бермесі анық. Бүліктің, бүлікшілдіктің себебі де қандай білімді, ілімді елдер тәжірибесін, іс-амалдарын алғанымызбен өзіміздегі халыққа қажет ортасын жан ғылымын жоғалтып алдық, сондықтан енді керісінше бүлікші кімдер?-деп ойлайсыз.

      Ең басты бүліктің басында ел басын қойсақ жаңсақ емес. Себебі кадр таңдау мәселесінде өз уәзірлеріне сеніп, ата жолын соттатуға, дәстүріне қайшы сырттан салған ілім мен түрлі білімдердің өркендеуіне қол қойып заң жүзінде бекітіп берді. Әлем қарап отырған көпшілік ел билеушілері үлгі алып отырған ел басшымыз әулиеліктің жоғарғы сапынан көрінуге тиісті төреміз рухани осалдық танытып, осындай өз халқының рухани құндылығын зерттеуге тапсырма бермей уәзірлерінің білімді, ілімділігіне сеніп, нәтижесінде осындай қайғы-қасіретке тап болдық. Осындай жағдайда түрлі партия құрып, елді әділ басқарамыз деген және болшақ ел басқарушы да осындай ортадан немесе уәзірлер арасынан шығатын болса, онда ондай болшақта қандай әулиеліктен, болжампаздықтан, кереметтерден үміт не пайда бар ма? Онан да осы ел басшымызды қалайда өзі сенген уәзірлерінің қателігін түзетуге шақырғанымызда иманға дағ қазақтық болмысымызға, дәстүрімізге де лайық болар еді. Бұдан қазақ елі ұтпаса ұтыла қоймас.
Сонымен ендігі бүлік себепшілері ол зиялы аталған қауым мен жазушы, ақын және оның ең басында Ғарифолла Есім сияқты тұлғалар тұр. Қазақ сөз ұғымдарын қайта қалыптастыру орнына «Сөзді қазақ арап пен парсыдан ғана алған» деген және құдайға қарсылық түрлі істерге дем беруші де осы қауым бүлікшілері. Жалаңаш, жалаңбас әулиелер мүсіндерін жасап, оған исламға қарсы әрекет гүл қою мен түрлі рухани бүлік тудыратын іс-шараларды ұйымдастыртып зиялы аталған қауым өкілдері. Осындай рухани бүлікке де бірден-бір себепші тылсымнан келген ілімнің негізгі қазығы болған уахиды не өздері алмай, алған пенделердің хақиқатын тексере алмай, түрлі тарихи оқиғаларға, хақиқаттың руханиятының жаңғыруына да тежеуші болып отырған ғалымдарды, тарихшыларды да осыған қосып қоюыңызға да болады. Оған тарихи мұралары ашылып, өздерінің бастары көтеріліп, ұрпақтарын болашаққа әулиелікке жетелеуге мүмкіндікті бермеуге, яғни тарихи шындықты ашып қазақ елінің рухын өзге елден үстемдікке жеткізуге деген шараларды естісе де есітмегендей, көрсе де көрмегендей болып, ел басына да жалған ақпарат берумен өз орын-дәрежелерін қандай жағдайда да қорғауға тырысып жатқан әрекеттері де куә. Алаш, Алтай Жүрсін, Бабыралы Бақанас бабаларымыздың, Қазақ, Созақ, Мәлік Сыдық-Һұд, Ыбырайым, Ысқақ, Жақып, Қажы баба сияқты пайғамбарларымыздың Шыңғысхан, Абылайхан, Кенесары хан, т.б. жүздеген әулиелер мен батырлар және асыл аналарымыздың бастарын белгілеп, кесенелер тұрғызып халықты тағзым қылдырып тарихына, шежіресіне жалғануға ашық қарсылық білдіріп отырғаннан-ақ бүлікшілдіктің негізі жатқанын надан ғана байқамас.

      Осы бүліктің басына дін істерінің басшысы болған Лама Шариф мырзаға аруақтан ашық ескерту болғанымен оның әзір құлақ асуға да құлқы жоқ. Олай болса, әлі ел биліктің талайына аруақтың ескертуін, аманатын жеткізіп, сосын олардың оларды орындаудан бас тартып артынан азапқа, апатқа ұшырап орындарын босатуларын күтуден басқа біздерге амал жоқ. Себебі ата жолын 4-5 пендеге бола қазақ руханиятын соттаған үкімін ел басының өзі әлі кезге дейін сот үкімін тоқтатып қайтарып алуға, қазақ дәстүрлі дінін ұстанушы елміз деген ашық шешімімен заң шығаруға да батылдары жетпей отыр. Себебі неде? Әрине себебі де бар. Бұл шешімді шығаруға да сырттан келген, іштен оған жәрдемші болған дін саласында ілімді меңгерген көптеген қауымның өкілдері барын біз бұрыннан да аруақ арқылы біліп, құдай көрсеткен де. Бірақ олардың әрекеттерінің ақ қарасын ажыратуға, ата жолының Абай-Шәкәрім насихатын, қазақ діни философиясын құран сандар теологиясымен қауыштырған еңбегімді ашық талқылауға, оқуға ел билік те зиялы қауым да құлықсыз. Себебі ондай жағдайда өздерінің жалған білімін, осы уақытқа дейінгі халық руханиятына қарсы болған шешімдерді, заңдарды қабылданғаны халыққа әшкере жария болары да сөзсіз. Және ондайлар тағы да өздері көлеңкеде қалып, бәрін ел басшыға арта салып жауыз, «тиран» деген атты тағуға дайын отырғандары да хақ. Тек олардың білмейтіні Құдайдың оларды әлде қашан таңбалап және өз еріктерімен қазақ руханиятын халыққа қайтып бермесе, жеке-жеке жазалап және халыққа да түсетін үлкен шығындар мен өлім, ажалдың қорқынышымен амал жоқ мойындамақ түгіл қалған өмірін өкінішпен өткізетіндерін аңғарар емес. Әрине бұл сын сағатынан аман шықса ғана.

      Енді бүлікшілердің бір тобы ол қазақ намысын қорғаушы болған, бірақ әйтеуір осы ойым дұрыс деп құдай заңына, дініне, уахина қарсы шығып елді де арандатушылар. Бұл жолдағылар да зиялы қауым өкілдері болып табылады. Мысалға; «Тегің қазақша болмаса, орысқа ұқсап кәпір болдың» деген арандатумен жан ғылымын аздырып, «Ов, Оваларын» алып тастап өз әкесі мен бабасының аруағымен құрдас болып, есімді атқа айналдырып, енді сонан рухани жүктеле алмай түрлі нәсілдердің азғындығына ұшырауға және бауыр, бүйрек ауруларының себепшісі болуға жәрдем болып, оған еліктеген миллиондаған ессіз жастар да үлкендер де әзір ғылымы дәлелденбей немесе түрлі азаптарға ұшырап тұқымы азбай, өз беттерінен мүле қайта қоюы да екіталай. Яғни қазақтың мұндай жағдайларды зерттеп баға беретін философия мектебінің осындай қауқарсыздығынан барлық салада да философия ұғымының жоғалуына себеп те болды. Демек қанша бір ұлт өз тілінде сөйлегенімен сөздердің ұғымы, тазалығы қорғалмаса бәрібір рухани азғындыққа әкеліп, сырттан келген барлық руханиятымызға кері әсерін беретін ақпараттарды өзінің туысындай, жақынындай жүрегімен қабылдауға себепші болары да сөзсіз.
Бұл себептерден негізінде жақсы мен жаман ұғымдық философиясы да қазақта мүлде жоғалып, енді жақсы кім, әулие кім немесе төрелік пен қожалық, кісілік, зиялылық кімде бар ол белгісіз. Ал қандай да бір халықтың жаманы мен жақсысы араласып кетсе, онда нағыз бүлік те осындайдан пайда болады. Мысалға арап, қызылбас елдерінде жаман адамы жоқ, намаз оқыса болды әлемнен жоғары құдайға ең жақын тұрған елміз деген философиялық ұғымнан қазір арты немен аяқталып жатыр? Үлкенін де, имамын да тыңдауға құлықсыз топ, дүниені қайғырып, бірін-бірі қырып жатыр. Сол намазды көшіріп алған біздің негізгі дінші қауым да қайсысы әулие, хазірет пе әлде имам, дін ғалымы ма әлде «намазханы» ма, қажы ма ол белгісіз. Енді дін басы болса міндетті түрде хазірет яғни пайғамбар ізбасары болып, ал арапша сөйлей, жаза білсе дін ғалымы және барлығы да тура жолда яғни кісілігі бар әулиелер болып саналады. Масһабтан білім алса болды, қандай да жасың өмір бойы қағаз кемірген ғалымнан да өзін биік деп санап немесе имамың да түк білмейді дегендей, өзін әулиеге балап, түрлі осындай топтарға қосылып құдайдың ең жақыны екенін дәлелдеуге кірісіп кетуі де сөзсіз. Сондықтан діндегі негізгі бүлік те осындайдан ғана пайда болады. Ғалым, хазірет, имам түгіл үлкенді сыйлау философиясы да жоғалған. Шетінен жындылар тобы, бастығы Ержан «хазіреті» мен Қайрат, Еренғайып сияқты тақуалары да. Оған дәлел мен аруақ арқылы олардың тақуалығын, жынды емес яғни тәні толық тазарған, ешқандай рухани ауруы жоқтығын тексеріп көріп едім, біздің қарапайым шәкірттерімізден де денсаулықтары нашар. Демек, тақуалығы да әулиелігі де жалған, тура жолын таба да алмаған.

       Осындай жағдайдың екінші көрінісі партия қуып, түрлі жағдайда халықтың мұң-мұқтажын, дүниесін түгелдеп, барлық байлық тең бөліну керек деген ұранмен жақсының қайсысы, жаманның қайсысы екенін ажырата алмаған халықты оңай көндіріп, кез-келген өздерінің адамын биікке, таққа отырғызып ит құсап майлы сүйекті кеміруді аңсаушылар ғана. Осындай жағдайда қанша шаруашылықты қалпына келтірген, бұл жолда әулиелігі де болған ел басшысын қалайда мұқату, халыққа тек жек көрінішті етуде қандай да бір ұлттық дәстүрінің құндылығы да олар үшін кедергі болатыны да сөзсіз. Және құдайдың бұлжытпас заңдылығы ол өлімді қадірлеу. Ал өлімді де өліктер арқылы қадірлей білген қазақ дәстүрі ғана әлемде ерекше бар діннің құндылығын сіңіре де білген. Ал мұндай жағдайда, егер халық өлімді сыйлап құдайдан қорқатын болса, мұндай тобырлардың жалған әрекеттері әшкере болары сөзсіз. Сондықтан көріпкелдік, болжампаздық және халық арасынан шыққан болашақ әулиелікке тәрбиеге тақуалықпен жарысқа түсетін тектілердің пайда болуы олар үшін тиімсіз. Сондықтан қандай да амалмен мұндайға жол бермеу және халықты өлімнен қорықпау арқылы шайтанға айналдырып, тек дүние қызығымен, тіршілікпен алдауды мақсат қылады.
Осындай жағдайда да ел басына үлкен қателікті, күнәні, құдайға қарсылықты таңып қойып отырғаны да мәлім. Ол Исматулла мақсымның тобын және Саят Ыбырайдың дін тұрғысынан еш жазықсыз сотталуы мен көптеген жастардың арнап ұзақ мерзімге түрмеге тоғытылуымен және ит құсатып өз ағайынын атып тастаған сұмдық оқиғаларға да жол берілді. Яғни намаз оқуды да тыйым салып, осындай топтардың санын шектеп, өлімді еске алуды шектеумен де аяқталғанында да осындай астар жатыр. Есесіне құдай өлімнен қорқу, сыйлау, азайған сайын өзінің халықты азапқа салуы да үдей түсіп, таразы басын теңестіретінін біле бермейді. Бұл шараларға қазақ әулиелігі үлгі болып, ол топтарды жұтып кетпесін дегендей алдын-ала қазақ дәстүрлі дінін, өлімді еске алудың үлгісінен бастап тақуалыққа қарай бет алған ата жолына берілген соққы болды. Мұның бәрі тарихи оқиға болып, түбі құдай ісі үстемдік құрып, ал мұндай екі жүзділер аяқ астынан өзгеріп, ең соңында ел басына жаланы да үйіп-төгіп, мұндай арадағы шайтан жамағаттары тағы да халықтың қамын, мұң-мұқтажын қамдағыш, дүниесін түгендегіш болып басқа сипатқа еніп алары да хақ.

      Сонымен бірге «салауатты» қоғам, яғни ар-ұятты, намысты, саналы боламыз деп ел биліктің бағасындай «светский» қоғам болып саналғанмен, денсаулық министрінен бастап қарапайым қазақ дәстүріне сай ар, ұяттың, салауаттың шараларын да білмейді. Олар мүлде басқа қоғамға, шет елдердің тапсырмасын орындауға, салттарын дәріптеуге міндеттеме қабылдаған сияқты. Сондықтан бүкіл денсаулық сақтау қоғамы да өздері үлгі көрсете алмағандықтан және жалаңаш, ұятсыздықты өздері де қолдап үлгі қылғандықтан, халықты рухани аздырушы бүлікшілер қатарын толықтырады. Бір ғана әйелдерге шалбар киюге тыйым салуда, ар-ұят ержесін сақтауға заңмен мәжбүрлесе халық денсаулығы бірден 30 пайызға жоғарылар да еді. Бірақ ондай жағдай кімге керек?
Осындай қазақ зиялы «светский» қоғамында жарықтың орнына қараңғылыққа түсуге, арсыздыққа өздері үлгі-өнеге көрсетумен мәдениет министрлігінің бұл саладағы бүлікшілдігін санап тауысу мүмкін емес. Мысалы Қайрат Нұртастың «Ауырмайды жүрек» деген халықты жындануға шақыру деп сын-өлең жазып таратқанмен жырына кірген бір басшы да болмай, ақырында осы өлеңнен бар бүлікті, жастар кәпір жындармен жүктеліп, аяқ астынан бүлікшілерге айналғанын надандар ғана байқамайды.
Енді ел биліктің «террорист» яғни бүлікшілермен соғысамыз дегені құдай мен оның тудыратын өрістік желімен соғысуымен бірдей ұғым. Енді құдай аруақ арқылы қандай да бір ел басқарған, дінші қауымның отының басына ұрпағына осындай желдерді енгізіп бір түн ішінде алтын табақтан ас берген ұл, қызың таңертең желігіп бір нәрсеге барып ұрынып немесе өзіне қол жұмсамасына қандай қаражатың көмек бере алады? Осындай тұрғыдағы аурулардың да, рухани сынақтардың да себебімен Абай-Шәкәрім философиясына келуге 9 түрлі кітапты аруақтардың жетелуімен жазылғанмен оны талқылап, өздері де құранды, дінді, сөзді зерттеп, қазақ философиясын қайта қалыптастырып біз өзге елден емес, әлем біздерден рухани тұрғыда үлгі алып, ел басымызды бұл шаруасынан қолын босатып, әлемге рухани көшбасшылыққа тағайындауға да мүмкіндік бар қазақ елінде. Егер жасырын болса да ел биліктегілер аруақпен біздер арқылы ақылдасып отырса, көптеген апаттардың, зұлымдықтардың да, бүліктердің де алдын алуға қазынадан қаражат бөліп, халықтың өз қалтасына түспей-ақ орындауға, қазақ елінде мүлде қылмыстардың тамырына балта шабуға да мүмкіндік бар. Бірақ мұндай рухани тәрбиені әуелі өзі үйреніп, жастарға үлгі болатын қоғам мүшелері, зиялы қауым өкілдері өзара күншілдік, көре алмастықпен бүлікке жәрдем беруден қолдары босай алмай жатқанда, менің бұл жан айқайым да бос әуре ме деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *