Бір ақынан
Біреудің мінін көргенше ,
Жамандығын тергенше
Өз бойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен алыс өлгенше.
*** ****
ЖАУАП
Мін мен сынның арасы,
Айырмашылық бар ағасы.
Арсыздық пен ұятсыздық,
Болмаса дінсіз жамандық.
Бұл адамға мін емес,
Өзіңде бұл болмаса
Ондайлармен қыл сын егес.
Ал мін деген кемістік,
Немесе ауру ессіздік,
Кедейлік те ол да мін,
Болмаса ұрпақ ол да мін,
Жесірлік те болар мін,
Осындай түрлі міндер бар,
Бақытсыз мүсәпірлер бар.
Бұларды сен сынама,
Артық сөзбен қорлама.
Қолдан келсе көмек бер,
Ақыл беріп турала.