Сүрінгенге күлмессің,
Күнә жинап бойыңа.
Құлағанға демеу бер,
Кезігерсің жақсыға.
Таусылмайтын теңіздей,
Жаратушы сөзіне.
Құлағыңды түргейсің,
Амалы тұр өзіңде.
Қарсылықты танытпа,
Еріннің айтқан сөзімен.
Киесін танып салмақта,
Құдіреті бар өмірден.
Жар түбінен нұр келер,
Сөз асылын ұғынсаң.
Бақты аралап серуендер
Жанға қанат қоса алсаң.
Тап боларсың кеніне,
Қадірін білсең өмірде.
Төгіледі көгінен,
Сәуле шашқан нұр бейне.
Секемдікті қу бойдан,
Шомылып жардың үніне.
Қаламменен жазылған,
Жамандықты түзеуге,
Мұрша берер Әл-Қаһар
Жетілгендік сенімге,
Таусылмас қуат төзімде.
Өмірдің күші жаныңа,
Ата-ана тегі, ділінде!
Өлмес өмір, қайрат, күш,
Алтау аразсыз тұрар меніңде!
Өмір күші тұр кеудеңде,
Өлмес өмір ізде өкінбеуге!
(Қазан 2018 жыл)
***** ****