Шайтандық пен жындылық (177)

Бөлім: Зікір өлеңдер 43

Машақатқа салынып,

Еріккенмен ерігіп.

Жалаң сөзге желпініп,

Көпшілік жүр зерігіп.

Білімді ақыл деп атап,

Ой жорыған желігіп.

Заманға лайық болсаң деп,

Жақсылықты алсақ деп,

Шартарапқа шабынған

Ұрпақтар шықты арадан.

Әркім мансап қуады

Өз дегенін алады.

Бірі шайтан, бір жын,

Іші қар, жүректе арамы

Жетілмесе адамдық,

Шыңырауда жан қалады.

Иман, сенім, қайратың,

Жанға қуат қоспаса,

Жан ақылға бағынбай,

Шайтаннан жын шығатын.

Шимай салып теріге,

Сезімге қуат беруге,

Қарадан шапан жамылған,

Көңілді жынға беруге.

Жалаңаштанған арсыздық,

Айналар жаны періге.

Жетілмеген жан — шайтан,

Жамандыққа тоймаған.

Әйелде жоқ қытығы,

Қылығы жаттан антұрған.

Сезімшіл еркек пәншілдер

Адамдықтан қашырған.

Тиянақ, наным, сенім аз,

Күмән, күдік, қорқақтық,

Өкпешіл елге айтар наз.

Еңбек етпес сұрамшақ,

Алғанын тез ұмытпақ.

Әділетсіз деп баршаны,

Сезімі білім қылған мас.

Үлкендерде шайтандық,

Қартаюға болар қас.

Бояма тәнге өң беріп,

Өзінікін ғана жөн көріп

Құдайсыз қурай сындырмақ.

Перілікпен ел билері,

Ар-ұятсыз мәңгі ел қылмақ.

Дін ісін шариғат жол атап,

Құдайдың ісінен жоба алмақ?

Ілім мен білімді қоспауға,

Десінмен елге танылмақ.

Жеті түрлі жын тобы,

Қазақты мәңгі жойдырмақ.

Ескі заман қылығын,

Қатесіз қайта жол қылмақ.

Шайтандық сезім қарсысын,

Тазартпай ділді аздырмақ,

Әлемнің арсыз салтымен,

Ақылды дүниге байлатпақ!

Қосушы деген шерікті,

Шайтаннан жынды арттырмақ!

Нәсіліне қара қазақты,

Төмендетіп жалғантпақ!

(Қазан 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *