МҰҢЛЫ ШАЛ-МҰТЫЛҒАНДАРМЕН СҰХБАТТАСУ.

Бөлім: Ата жолы кітабы №1 1

     Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық, жұлыстық, тартыстық, әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал, қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу ма? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жағдайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым көзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық!
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірдің, білімнің пайдасын тыныштықпен қөрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ деп ұлы Абай атамыз назын айтып қалай жол табудың, қазақтағы болатын рухани аурудың түрлерін көрсетіп қара сөзге, ақылға айналдырып кетіпті. Сондықтан да Абай атамызды; Ел, Мал, Дін ғылымын және тақуалықты меңгеріп мінезді, нәпсісін яғни «баласын» баға алмады деп айта да алмаймыз. Керісінше, нәпсіні бағу туралы Абай атамыздан ақыл-ғылымын, ал Шәкәрім атамыздан ішкі құпия нәзік сырын, білімін іздеп үйрену керек екені болашақта анықталатын ақиқат екендігі даусыз. Біздің дін ғұлама «сауаттыларының» халыққа ұсынып отырған; «Әркім білген, көпке тараған көрінгеннің қолында болған заттың құны түседі.» дегендей әбден ғасырлар сынынан өтіп, тозығы жеткен жаңалауды, жаңғыртуды қажет ететін ілімнің білімі ғана.

      Араптардың білімін таратып дәріптеушілер егемендік алғаннан бері ешқандай қазақтың рухани құндылығына, сөз өрісін кеңейтіп, жаңадан рухани байлықтың, көк қазынасының ашылуына септігін тигізе алған жоқ, тек өзіміздің қанымызда, жанымызда қалыптасқан ескі дүниені қайтадан жаңғыртып, керісінше тек «ерекшелену» әдетін ғана қалыптастырды. «Ерекшелену ғалымдыққа лайықты іс емес, ғалым адамдардың міндеті адамдарды алаламай тегіс бірдей көру. Сондықтан да білімнің мөлшері емес, оның сапасы маңызды, ең қажеттісін білмей-ақ өзге көп нәрсені білуге болады». «Бұл кездегі діндердің бәрі нашар, Ешбірі түзу емес көңіл ашар, Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді, Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар. Әлемдегі діндердің түп мақсұты; Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар; Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын, Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар. Дін адамды бір бауыр қылмақ еді, Оны бөліп, дұспандық қару жасар. «Інжіл» «Құран»- бәрі айтып тұрса-дағы, Адасып ардан күсіп қара басар, Сөйтіп бұзып бүлдіріп есіл дінді, Дін десе білімділер тұра қашар, Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейді, Қанеки бұл сөзіме кім таласар?»- деп Шәкәрім атамыз болашақ ұрпақтарына аманат қалдырып, сол аманатты мен енді жалғап көрсем деймін.
Ол үшін қазақ шариғатының араптан емес, құдай танумен сонау Інжілмен, Ғиса пайғамбармен жалғанып, ал тамыры одан да әріден басталатынын дәлелдеу. Әуелі арамызда жүрген қара ұжданы бар шалдарымызды тыңдап көрейік те құрандағы қиямет білімінің растығымен салыстырып көрсек, мүмкін бізге қажет нәрселер табылып қалар. Құдайға шүкір, қазақта жалпы елге бейбіт өмір, не ішем не жеймін еркімде деген өмір туды. Абай атамыздың жоғарыдағы сөзіндегі жеті түрлі жағдайды түсіндіре білетін, жасынан көк жиекті көріп өскен, болмаса ел қамы, жер қамы, ұрпақ қамы деп өмірмен алысып, арпалысып әйтеуір жақсы, жаманды тағдыр сынақтарынан иілгенмен сынбай өткен қара шалдарымыз жеткілікті де. Тек көп шалдың арасынан көңіл бөліп іздесеңіз, саясатты айтып зейнетақысының ғана қамын жеген, қай жерде тамақ береді деп дастархан аңдығандардан емес, дін-баласын, ғылым, сөз баққандардың арасынан әйтеуір бір өзіңізге сәйкес келерін тауып аларыңыз сөзсіз.

     Менің де кейде білгенімді айтып, білмегенімді сұрап болмаса, үлкендігіне қарамай шарт та шұрт бәрін бүлдірген сендердің қатарларың деп кінәлап, айып тағып, уақыт айналып ештеме болмағандай: «Ағасы бардың жағасы бар» дегендей қайта жағалап, сырласатын, сұхбаттасатын қазақтың бір-екілі қара шалдарым бар. Сол қара шалдармен болған әңгімелерімнің кейбір сәттерімен оқырмандармен бөліссем, мүмкін «естушіге» пайдасы да тиіп қалар. Және саясат пен өсек сөзді аңдығаннан басқа шаруасы жоқ, намазы мен үлкендікке тән амалы жоқ, қолынан «нәпсісін» яғни бала бағу да келмейтін көпшілік, жат елдің тәрбиесімен сүйегі қатайып, қазақ екенін мойындап шалдықтың өнегесін көрсете алмай жүрген «әкімшіл» қара шалдарға да үлгі болсын. Бір шалым бар, өз ойымен ғылым баққан, бірақ Абай атамыздың пікірімен қарасақ, ғалымдықты баққан деген жөн болар. Оны кейде өзімше «ерке шал», «тентек шал» деп те атағым келеді. Оған себеп; әйтеуір Алланың нығметіне бөленіп, ғалымдықты меңгергесін, дәреже де атақ та бар, үкіметтен берілетін қаражат та аз емес, соған сай тыныштығы да бар, енді сәл жетіңкіремейтіні Абай атамыз айтқандай сопылық қылып, болмаса жасына сай, дін бағуы аздық қылады да, сондықтан кейде жастар сияқты ойланатын тентектігі байқалып қалады. Ал менің сырласудан бір ғанибет алатын екінші шалымды «момын» шал деп атадым. Кезінде білім де жинап, әртүрлі қызметтер істеп, өнердің де бірлі-жарым түрлерін меңгеріп, жас та, мас та болған, сонан уақыт өте келе бәрінен шаршап, қажымаса да әлі қайраты бар, дінмен баланы бағуға кіріскен шалдардың бірі десе де болғандай.
Халықтың көзіне түсетіндей көп нәрсе тындырмағанымен жақсы, жаманның бәрін електен өткізіп, бәрін ішіне тоқып, өмірден көп тәжірбие жинағанға ұқсайды. Өз ақылымен жүйелей білетін білімі де бар, үнемі оқып, өмірдің тынысын тыңдап отыратындардың қатарынан. Тек кілтін тауып сөйлете білмесеңіз сыр сандығын ашу да қиын. Қош әуелі шалдардың момынынан бастап, кезек-кезек сырларын өмірге деген көз қарастарын суыртпақтап тартып көрейік. Тіршіліктің қамымен көп кездесіп сырласуға қол тие бермейді, кейде іздеп барсаң орнын сипап қаласың да. Сондай бір сәтті кездесудің бірінде, бірақ мен үшін бір жайсыздау оқиға болып, мұңымды шағайын деп момын шалымды іздеп бардым. Әдетті амандасу сұхбатынан кейін менің бір көңілсіз жағдайда келгенімді байқады да;
-Неден түнеріп жүрсің?-деп сұрақты төтесінен қойды «момын» шалым.
-Ақсақал, дін туысқандарымды іздеп барып қазақтың дәстүрі түгіл, дінге жат қылықтардың куәсы болып қайттым,-дедім де, үлкен мешіттің біріне жазған мақаламды апарып, ондағы діни лауазымды жас жігіттің «әкесін талға байлап сабайтын» қылығына кездескенімді, соншалықты сөзді түсібейтін наданға айналған жастардың болашағы дініміз қалай болып, қайда бара жатырмыз дегендей мұңымды шақтым.
-Е, онда дұрыс болған екен,- деді шалым.
-Балаңмен жасты, әрі діннің қызметкері болып, халықтың несібесінен күн көріп отырған, астына тақ беріп, халыққа үлгі болып, елдің мұңын тыңдайтын қызметкердің жағаңнан алып желкелеп мекемесінен қарауылдарымен айдап шықса, көрер едім не дейтініңізді,- дедім.
-Мен үйде отырып, көп ұзаққа шықпағанмен одан да зорына куә болып, іштей жұтып жүрген жайым бар, өтпейтін пышақпен күнде санаңды тілгеннен, сондай надандардан таяқ жеген, түйгіштегені жеңілдеу сияқты дегені. Дінде туысқандық, бауырмалдық болмаса дін қандастық деген болады деп бір әңгімені бастап кетті. Үйде отыр дегеніммен, жастықтың буымен елемей өткен, кейде жалқаулықпен мойын бұра алмаған, енді соның орнын толтырсам деген менің де шаруам жеткілікті. Әлде де жұмыс істеп, табыс табуға мүмкіндігім бар, бірақ заманның ағымына ілесем деп ақылдың да жетімсіздігімен балаларыма да, жұбайыма да көп нәрселерді үйретіп көрсетіп бере алмаған жайым бар. Бұл қайғы ма, қайғы! Артының немен аяқталатынын біліп, оған қолыңнан келер нақты ісің, тоқтау салар күш-қайрат, билігің болмағанда Абайдың қайғысын ұғынып, түсінгендей болған жайым бар. Мыңмен арапалысу ол Құдайдың бұйырған «бірлерінің» ғұлама даналардың ғана шаруасы екен. Енді аз да болса сол қателікті түзеу үшін немерелеріңмен көбірек шұғылдану керек екен.

     Абай атамыз «алтауын» бағу қолымнан келмейді деп сол заманның өзгерісін меңзегені, ал біздерге керісінше бала бағатын, жастарды болашақ заман бәйгесіне қосатын күн келе жатыр. Ең болмаса есейген балаларыңның алдында үлгі болып; тазалықты, қарттықты, адамгершілік қағидаларын өлгеніңше көрсетіп кетсең, әйтеуір қырықтың қырқасынан асып ақылдары толғанда «әкем марқұм, осылай жасайтын еді» деп үлгі тұтып, іштей мақтаныш қылса да жеткілікті емес пе? Барлық жағдайға дін туысқандық жағынан қарап, Құдайдың құдіретін естен шығармасаң жүрекке де салмақ түспейді. Жаратқан ие әрбір пендесіне бір себепті жаратып, сол арқылы иманын да дайындап қойған. Жатқан тастың астына су бармағанындай, діншімін деп жат жұрттың жетегінде кеткен жастарымызға үлгіні көрсететін «орта топ» мына сендер әлі піспей жатырсыңдар. Оған себеп өз топырақ — рұхтан нәр ала білмейсіңдер.
Дін мен жер егіз ұғым. Екеуімен ғана ел болып халық өркендейді. Жерді сатқасын, жастарымыз дінді де жекешелендіріп, дінге сатылып жатқаны қазақта болмаған әдетті ойлап тапқан саясатшылар қателігінен. Жердің қадірі кетсе жесірдің, жетімнің, елдің де қадірі жоғалады. Жер сол елдің тұрғындарына ортақ меншік болмайынша, жаратқанның несібесі де кем болып, сынақтармен жазалап отыру тарихтың негізгі шындығы. Қазіргі тойғандарына мәз болып, көштен қалмай жүрміз деген бос мақтан жаратқанның болашақта жазаң дайын деген ескертуінің белгісі, яғни діндегі «өлі ара». Қанша намаздың қожасымыз деген ислам елдері білімге мән бермей, еңбектен жұрдай болып, намаз оқи берсек Құдай өзі әкеліп береді деген дінді бөлшектегеннен арты қасіретке ұшырап жатқан жоқ па? Оған қарағанда жартысынан көбі кәпір болып, бірақ ғылым, біліммен, еңбекпен табыс табуды әдетке айналдырған өзге елдер халықты жалпы сауаттандыру, білімнің арқасында тыныштығын сақтап отыр. Құдайға шүкір көп қазақта білім бар, бірақ бірлік жоқ. Оған себеп, сол білімді аталған ортамыздың өзі жат елдің рухани құлдығында жүр. Менің ермегімнің бірі көгілдір терезе. Әлемдегі, елдегі бар жаңалық өзгерістерді үзбей тыңдап, көріп отырам. Іштей елдің жетістігіне қуанып, жамандықтарға Алладан жәрдем сұрап, әйтеуір тілектес болып отырамын. Арасында жақсы сөздер, ән, саздарды да тыңдаймын, бірақ көбін теріс қарап, бір жұмыспен шұғылданып отырып тыңдауға тура келеді. Қарайын десең жас қыздарымыз да, толысқан әйелдеріміз де, кейде еркектеріміз де жын, пері, шайтанның кейпіне еніп төстері салбырап, талтайып отырып, бейәдеп қылықтарымен көңіліңді былғап, иманыңа қаяу түсіреді. Бірақ әйтеуір Құдайға шүкір басқаратын тұтқасы бар, шектен шығып бара жатса, ауыстыра қоюға болады.

    Екінші бір тыңдайтын тағы көгілдір терезем бар, ол мешітте. Жұма намазына біреулер алуға барса, мен құлшылығыммен жинаған дүниемді «бес бересімді» қатарға тұрған жастарға беруге барамын. Мүмкін біреуінің иманына себеп болып, жүгін жеңілдетуге септігім тиер дегендей. Имамымыз да сол сенің таяқ жеп жүрген діншілеріңнің қатарында десе де болғандай. Әйтеуір кітапқа жазылғанның, араптан келгеннің бәрі дұрыс деп, арап ұлтының Ыбырайым пайғамбардан кейін «Арилықтармен», «Ад» қауымымен сабақтас, құтқарылған иман келтірген әйелдің ішінде келген баладан тараған «Ап» қауымының және олардан қыз алып, Ысмайыл пайғамбардан өрбіген ұрпақтардан «арлармен» бірігумен құдайдың құдіретімен бергі заманда «арап» болып қалыптасқанымен шаруасы жоқ, бәрі араптардан тарады деп жастарды ұйытқанымен тұрмай, кейде қазақтың дін дәстүріне, әдетіне, тарихына, әулиелеріне де тас лақтырған сөздер шығып кетіп жатады. «Қап! мына жастардың жүрегіне сіңіп кететін болды» деп қайғырғанмен, қылар шараң жоқ. Бейне көгілдір терезеде отырғандай, имамның сөзін бөле алмайсың, сұрақ қоюға болмайды, басқа тақырыпқа ауыстыратын басқаратын тұтқа, түймесі де жоқ. Іштей дін қандасың үшін, болашақ күтіп тұрған азаптары үшін қайғырасың әрине. Одан сенің жағдайың жеңілдеу, жүрегіңе салмақ түспейді. Жүрегімді жұма сайын сөзбен жараласа да дін қандасың, ол үшін емес Алланың ризалығы үшін жұмаға, сол қателіктерін қайталамаса екен деп тағы, тағы жылдан-жылға жалғасып жатқан жайы бар.

      Енді сондай бір көшенің бойында бір жақыным бар. Қазақтың дәстүрлі діні деп халықты зираттауға, арақ ішпеуге уағыздап, құрбандық шалып, әйтеуір жүрекке жылы тиетін істерді атқарып жүр. Бірақ сол нағыз дін туысымның келеңсіз жағы бар. Әйелі «аққумын» дейді де, бес-алты жылдай болды білгеніме, бірде етегін жапса, төбесі ашық, төбесін қымтаса абыройын айрандай төгіп, борбайын ашып, етегін түріп алғанын көріп, іштей олар үшін де қайғырамын. Ерінің де сиқы дінге, қазақтың әдетіне жат. Жазда шайтан дамбал, баста ылпа да жоқ, ауызда темекі, боқтықты араластырып қойып дінде жүрмін дегенінен, ол үшін қандас қазақ ретінде жерге кіргендей боламын. Сондықтан көздеріне түспеуге тырысып, жүрегіме салмақ түспесін деп қашқақтап жүремін. Оған себеп, ондай бейәдепті шайтанның әскеріне айналғанды сынап айтпасаң немесе қасында бірге болсаң иманың әлсірейтіні даусыз. Құранда «шайтан адамдармен сыбайлас болма, аятты мазақтаса кетіп қал!»-деп бұйырған. Ал енді көршіңнен үнемі бұғып, тығылып жүру де оңай шаруа емес, мұсылмандыққа да жат. Іштей олар үшін де; Алла сондай қасиет, нығметтерді дінімді аздырып, бұйрығыма қарсы тұрып, теріс өнеге көрсетіп шайтанға жәрдем бер демеген шығар деп қайғылымын, болашақтарын да ойлап қамығамын, орға құлап бара жатқанын білсем де, қол ұшын соза алмағаныма да қапаланам. Бұл да қазаққа келген үлкен қасіреттің бірі. Қазақтың дәстүрлі дінін жын-шайтанның қылығымен мазақтағандай көрінеді. Бір жағынан нағыз дін қандасым, екінші жағынан ата жауым, одан мешітті жағалаған жастардың қылығы жүрекке жылы көрінеді. Бірақ екі жағы да бір-бірінен жақсы жағын үйренсе деген үмітім бар. Үшінші бір ағайыным бар, ол бәрінен де жақын. Бес уақыт намазы, халыққа қызметі, Алланы дәріптеуі бәрі де ұнамды көңілің марқайып қалады, бірақ істерінің болашағына көңілім толмайды. «Нақшпанди жолындамыз» деген бір ұғымға байланып, тура жолды сонымен ғана табамыз деген жалған ұғымға табынған. Құранмен қателіктерін көрсетіп айта бастасаң ашуланып, кейде әулиелерге де тілдері тиіп кетіп жатады. Біреулері тіптен Нақшпанди Мұхаммед пайғамбарымыздың тікелей ұрпақтары болады дегенде тіптен жағамды ұстадым. Арапқа қожалық Мұса пайғамбардан Ғиса пайғамбар шәкірттері арқылы келгенін, түп атасы Маңғыстауда, негізгі атасы Балқашта жатқанын, ал қожа деген Қазақ бабамыздан тарағанын айтып көрдім де ақыры өкіндім. Мұхаммед пайғамбар ешкімнің де әкесі емес! деп құранда ескерткенін қаперлеріне де алмайды. Пайғамбарымыз ешкімнің қандас әкесі емес, бірақ бүкіл әлемдегі үмбеттерінің рухани әкесі дегім келеді, яғни исламдағы «Масих» тазартушы, шапағатшы «рахметулла». Менің осы арыздарымды, сұхбатымды дінді ізденген жастарға назымды, өзің атыңнан жазып көр деді «момын» шалым.
-Айта көрме ақсақал, бұған ұқсас жағдай қазақ болғысы келген, тамырын іздеген бәріміздің басымызда бар жағдай. Мен де мешітке барып жұмамды өтеймін. Құдайға шүкір, имамымыз жас болса да әке тәрбиесін көп көріп, үлгі алған мың болғыр! Жұма намазының артынан аруақтарға құран бағыштауды да ұмытпайды, айтқан уағызы да қазақтың намысына тимейді. Ал менің де бір көшенің бойында «ата жолы» деп шауып жүрген таныс аққу, сұңқарларым бар. Жас болса да өнегелі, үлгілі киімдеріне, істеріне, бала-шағаларының әдептеріне қарап іштей сүйсінем. Сондай үлгі болатын жастар көбейсе, мына біздей адасқан «орта топ» өкілдеріне сабақ болар еді, нағыз діннің, тура жолдың көрінісін халық түсінер еді деймін. Менің де Нақшпандидемін, Ясауи тобындамын деген дін қандастарым бар, діншіге тән ізеттіліктерінен басқа сырт көзге оғаш қылықтарын байқамадым. Ішкі дүниелеріне Құдай көріп бағасын берер, сырын алдырмағанға өзім барып қол сұққаным тағы да болмас. Бұндай мақаланы жазармын, бірақ мені жақсы танитындар сондай ізгілікті жақсы адамдарға күйе жағыпты деп қате түсінер. Олар қайдан білсін, қазақтың мұңының, қасіретінің көп жағдайда бір-біріне ұқсастығын. Сол менің дін қандастарым менен бұрын дінді, тазалықты түсініп, иман іздеп сауап алғандар. Менің өзіммен-өзім іштей екі бөлініп алып қалай арпалысқанымды, ақырында құдайдың құдіреті жеңіп, имам келтірген оқиғаларды өзіңіз жақсы білесіз. Ал сізге Алланы тануға қандай себеп, құдірет себеп болды? Әлде тұқымыңызда «қожалық» бар ма?-деп әңгімені басқа жаққа бұрып қисықтау сұрақ қойдым.
-Адамның басы Алланың добы, басыңды қожа қыла ма, төре қыла ма, өзі білетін Алланың орнына үкім шығарып, серік қосып, құран аяттарына ортақ қосушылар негізінен «қасиеттілікті» жанға, нәпсіге, кітапқа иелікті қожадан болмаса араптан ғана таратушылардың, яғни шайтанның салған ылаңы. Адам баласы мейлі пайғамбар болып өмірге келгенімен, бекзат болып өмірге келмейді. Тек Адам ата мен Ғиса пайғамбар ғана рух негіздерінен жаратылған. Жалпы адамзатқа жақсылық пен жамандық нәпсіге жазылатындықтан дін жолында күнәдан ақталу деген ұғым бар. Ал тумасынан қожа болу деген ешқандай ақылға сыймайды. Әуелі жаратқанға құлшылық, қызмет жасау арқылы «құл» болып еліңе, жеріңе, отаныңа еңбек сіңіріп, еліңді, жеріңді, дініңді қорғау барысында және ұрпақ сабақтастығын қалыптастырып, балаларыңа қандай тәрбие беріп, өсіріп, алған зейнетіңе қарай тіршілік намаздарыңмен ақталуың керек. Ал онан кейін ғана жаныңды өсіріп, баптау жолында намаздарыңды жетілдіре білсең қожалыққа лайықсың ба, жоқ па, ағарту тек Құдайдың ісі. Егер жаратылыстан күнәсіз, қожа болып туылдым десең, жаратылыс ғылымын, нәпсіні жоққа шығарып, онда құдай саған соттаушы емес, яғни құдайдың әділетсіз болғаны. Нағыз жан ғылымын, пайғамбар өсиетін теріске шығарып, дінге қарсылық білдірген шайтанның лаңы. Қазақ халқының бір қасіреті де талай сынақтарға түсіп аштықтарға, азаптарға ұшырап, қырылуға дейін апарған сынақтың негізі осы тәкаппарлық пайымдауларымызда, ала жіпті аттаған, бір-бірімізді кемсітіп, болмаса өзімізді асыра бағалап бөлшектенуімізден пайда болып тұрады. Оған шежіреден айқын дәлелдер бар емес пе? Ысқақ пайғамбардан Рабиға анамыздан егіз ұл туып, Жақыпты Алла таңдап пайғамбар етті де, Есауға батаны қабылдамағасын пайғамбарлық берілмеді. «Оны мен ұнатпадым» деп ескерткен емес пе? Құранда да әкесі бұтқа табынғаннан туылған, жер бетінің қожалығына уәде берген Ыбырайым пайғамбарымызға да сенің кейбір ұрпақтарың азады, қожа бола алмайды деп ескерткен емес пе? Жаратқанның жоқтан бар жасауына күмән келтіру надандық әрі кәпірлік! Қожа дегеннің өзі жер бетінің қожалығына рухани қызметке тұрдым, дінде уахи алып жеткізуші, әмір иесі «әмби» деген мағынаны білдіреді.
— Ақсақал, қожаның ұрпағы емессіз, бірақ сол қожамын, төремін болмаса пірлікке жеттім деп ұстаз болып өзін-өзі ағартқандардан әлдеқайда жоғары діннен хабарыңыз бар, сондай кезінде кеңес үкіметінің «дін-апиын» деген белсенділерінің бірі болдыңыз, сонда қандай мұқтаждық сізді осындай жағдайға әкелген? Бір себебі болу керек қой дедім.
-Сен де адамның жанды жерін қасығанды жақсы көресің ау?-деп күліп алды да. Кеңес үкіметінің қазаққа бергені де көп, ал кейбір өзіміздің азғындығымызды сол кеңес үкіметіне жаба салу, ол сылтаудың бірі. Егер кеңес үкіметінің саясаты қазаққа мүлде жат болса, қаншама ғұламалар, ғалымдар шығып, өндірістер дамып, біздер әлемдегі сауатты елдердің қатарында жүрмес едік. Маған да ауылдағы қарапайым баласын оқытпақ түгіл күнін зорға көрген, шаруаның от басынан шығып, үкіметтің есебінен оқып, ел қатарына қосылуға, талай жұрт қатарлы қызметтер атқарып, өнерлерді еркін меңгеруге мүкіндік берді сол кеңестердің одағы. Ал қазіргі заман талабымен европадан алған еркіндіктердің үлгісімен ондай дәрежеге жету мүмкін емес. Және сол замандарда әйелдеріміз дәл қазіргідей азып, ұрпақтарымыз мүгедектікке, жастарымыз мәңгүрттікке ұшырамаған еді. Көше, мекеме мәдениетіне қатаң талап қойылып, мейрамханаға, көпшілік орындарға, оқу орындарына жалаңаш-жалпы кірмек түгіл, қазіргі тырысып тұратын «джинсы» шалбарымен де кіруге ерлерге де ұлықсат бермей, ал көшеде жастарға ойына келгенін істетпейтін еді. Мұғалімдеріміз оқушының алдында қазіргідей жын-шайтан бейнесінде болмаған, ал әйел затына орамал тартуға ешқандай мекеме де мектепте тыйым салмаған. Сондықтан да қазіргі уақыттағыдай бірі дінмен, бірі үкіметпен қудаланғандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді де толық жоғалта қойған жоқпыз. Кейіннен ғана жат жұртқа деген сағынышымыз басым болып, еліктеушілікке түскен өзіміздің қазақи «әйелдік» жіңішке мінезіміздің басымдылығынан көруіміз керек. Әйтпесе көрші өзбек елі мен түркімен елі қайта сол уақытта діндерін мықты ұстап отырды емес пе? Дінді тек намаз оқу деп түсінетін, кейінгі араптар жақтан келгендердің саясатынан барлық жақсы үлгілі ұлттық рухани болмысымыздың, адамгершілік әдеттердің арасына сына қағып, ақырында дұрыс дінді де, тілді де, сөзді де жоғалтып ала жаздап, құдайдың рахымымен енді ес жинап келеміз. Сол кеңес үкіметінде қызмет жасап, шаңырақ көтеріп, бала өсіргеннің бірі менмін. Үкімет маған арақ іш, тіліңді өзгерт, жат жұрттың әдетін, даңғаза у-шуын меңгер деген жоқ. Орыс тілін меңгеру алда болғанмен, қазіргідей мәңгүрттенген жоқпыз. Әдебиетіміз қазіргі замандағыдай тоқырауға түскен жоқ. Қазақша қандай жазушының еңбегі бар кітапханадан еркін алып оқыдық, бір-бірімізбен оқып жарыстық. Керісінше жалқау болма, ұрлық қылма, білімді тегін меңгер деп, денсаулығыңды тегін түзе деп бар есікті ашып мүмкіндік жасап қойды. Дұрыс меңгеріп, игере алмаған тағы өзіміздің қазаққа тән жалқаулығымыздан ғана. Қазақтың рухани байлығына қасірет орыстан емес, өзіміздің ішіміздегі ел басқарған, мәдениет саласындағы сатқын, жарамсақ ағайындарымыздан келді. Үкімет қана асырау керек деген пиғылдан жұмысқа барып кешке дейін ойын ойнап, әңгіме айтып айлығым жүрсе болды деп азғындыққа түскесін, Құдай осылай болсын, енді өздерің адам болыңдар деп еншісін ажыратты. Сол кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін әйелдеріміз базаршыл, еркегіміз қазаншыл болып кеттік емес пе? Мен де сол қиындық-қыспақтарға түсіп, білім де, тәжірибе де жайына қалып, кімде Алланың берген қасиеті бар, сол жақсы табыс тауып, жағдайын түзеп, ал қуларымыз көбірек қарпыған заман болды. Ол кезде жат жұрттың әдеті де дүниесін тасыған қалталармен бірге келіп, бұрын жалаңаш жүрмек түгіл, ер адамның алдында шалбарлануға қысылатын, ұялатын әйелдеріміз енді өздерінің әйел екенін де ұмытып қалған заманға тап болдық емес пе? Қазанның қақпағы ашылғасын бәріміздің де ұятымыз кетіп, ақша деп жатып, ақша деп оянып, әйтеуір елден қалмай дүние жинайтын жарысты да көрдік. Қойшы, әйтеуір бұл науқанда саябырсып, мешіттер салынып, халық әйтеуір рухани байлықты да ескере бастаған уақыттар болатын. Сонан шаңырағымыз мықталып, енді шалқып өмір сүруге кәсіптің де көзі ашылды, тек ерінбей жұмыс істесең болды деген жайбарақаттықпен бірге бір көңілде мазасыздық пайда болды. Үйге келсем бір нәрсе жетпейді де тұрады. Соған байланысты әйелдің көңілі секемшіл ғой, қанша жыл отасқан жарына не болды?- дегендей мазасыз сұрақтар болып, арты кесе-шәйнектің шылдырына да ұласып кеткен уақыттар да болды. Сонда не жетпейді? Жардың төсегі де суып бара жатқандай. Сонан кейде жалпы халықпен, көпшілік көліктермен жүргеннің де көп пайдасы бар екен. Көпшілік арасында кездесетін орамалын тартып, етегін жапқан әйел затын көрсем, соған бір әзіл айтып, сұхбаттасқым келетінін іштей байқадым. Мән жай оттың басы ошақтың қасында екенін іштей ұққаннан, енді үйдегі қамқоршымның етегін жабу қиын болмағанымен, орамал мәселесі ұзаққа созылып, әйтеуір дұрыс шешімін тапты. Сонан кейін ғана жоғалған махаббатымның үйде жүргенін шаңырақтың жылуы кіріп, көңілге бір жайлылық шуақ, әйелдің нәзіктігімен, сыртқы періштелік сипатымен пайда болатынын түсіндім. Бұл да маған құдайдың берген бір нығметі шығар, әйтпесе қазір жұмыста да, көшеде де, үйде де әйелдің түрлі әлсіз болғанымен шайтан ұя салып, қара қуатпен көздің майын жейтін, сұқтандыратын көріністерден қаралай еркектің қабілеті де, ұрығы да азып жатқанынан әйелдеріміздің өздері себепші болып, сонымен үрім-бұтақтарына балта шауып жатқанын білер ме? Әйел затын Інжілде нанмен, балықпен астарлап суреттеген Ғиса пайғамбарымыз. Әйел – періште, еркектің несібе азығы. Ет тазалығын қалыптастырушы тұзы және ана сүтінің баламасы ақ уызбен, үмінімен (иммунитет) қамтамасыз етіп отырушы анасы десе де болады. Ал әрбір жақсы, көркем нәрсені шама-шегімен пайдаланбаса түбінде адам баласы әлсіз, жақсы өмірден де жалығатын қасиетіміз бар. Сондықтан есі дұрыс еркектің әйел мүшесінің көрінісінен қаралай жиіркенішін тудырып және оның білімін, жаман жақтарын да шайтан есіне салып тұрса, үйіндегі зайыбынан да безіп, некелі төсектеріне қырау тұрып, әйелдік қасиеттің аяқ асты болған заманда өмір сүріп жатырмыз. Қырықтан асып ақылы толған еркекті әйтеуір бір рухани өлім күтіп тұруы сөзсіз. Сол өлімнен қайта тірілу де немесе әрі қарай азып, құдыққа құлау да әйел затына тәуелді. Сондықтан аталарымыз «Ауру астан, дау қарындастан» деген. Рухани өлімнен, ордан шығармау амалының одан сорақысы білімді ғалымдарымыздың, жалпы дәрігер қауымының надандықтарында. Әйел затының басынан қанымен бірге еркектің ұрығының да иісі шығып, тамақ арқылы балалардың, күйеулерінің ішектеріне құрт түсіп жатқанын білмейді. Қарапайым ғана «натрий мен хлордың» өнімі адамнан иіс болып шығып тұратынын тапса, әйел басынан адам ағзасына қауіпті иістің шығатынын білер еді. Сондықтан қазақта әйел бас киімін жаулық деп атайды. Әйелдің басы ашық болса, адамзатқа басты жау сонан нәр алады. Ал шалбар киіп, еркек құсап өсірген қыздың да қылығы, ойлау жүйесі, нәзіктігі өзгергесін еркектік геннің көбеюімен және балтырдағы сүт бездері тілініп, хлордың қалыптасуымен сүттері ашып, ол төске ісік болып байланып немесе құйрық майларға аюларда болатын қоңыр майлар пайда болып, адам аулаушы аюларға айналғаннан одан пайда болған ұрпақтар да, некелескен ерлер де өмірінің соңы бәрібір қайғы-қасіретпен аяқталары да даусыз. Алғашқы белгілері басталып, ұшырап та жатыр. Құдайдың құдіретінің де негізгі қаруы нәзіктікпен, әсемдікпен, жұмсақтықпен әлемді түрлендіреді. Әйелдерден нәзіктік кетсе қасиетінен жұрдай болып, тозақта шырқырап жатса, онда еркектердің қара басы жаннатқа кіріп үміттенгеннен не пайда, не бітіреді? Жаннатымыз да сол әсем, періште әйелдердің қылығымен, жұбайларымызбен ғана көрікті. Ай жоғалса көп ұзамай күн де сөнетінін ұмытпағанымыз жөн. Кезінде аталарымыз тайпалық өмір сүрген заманында осындай белсіздік жұртына тап болып, еркек балалар әлсіз, болмаса мүлде туылмай төсектерінен безген заман болған. Сонда жаратқанның ескертуі келіп бүкіл бақсылар, емшілер жиналып, ала арқанды керіп қойып бір-бірімен қатыстырмай емдеу шараларын жүргізіп, халықты жаппай қырылудан аман алып қалған. Адамзаттың ақылдылығынан соншама бас киім, аяқ киім ойлап табылған жоқ, керісінше аспанның жерге жақындап «құс шөлдеген» деген жұт болған. Адамдар ыстыққа шыдай алмай тек киім арқылы ғана жан сақтаған екен. Сол заманнан қалған әдет Қазығұрттың төбесіне бұлт келсе әйелдер басын қымтап жаба бастайды екен. Осыдан барып қазақ әйелдерінің де, қыздарының да жалаң бас жүруі үлкен айып болып есептелген. Құдайдың нығметімен адамзатқа берілген діні арқылы ғана білімнің пайда болатынын шайтан мүлде ұмыттырып, керісінше енді ғылымды табиғаттан адамдар өзі үйреніп алдыға келіп, тегіміз маймыл деп мақтанға айналдырдық. Құранға жүгінсек, адамзаттың жүрегі бұрын қойдың жүрегіне ұқсас болып, кейіннен ғана осындай жүрекке ие болғанымызды білген ғалымдарымыз, керісінше адамның қылығынан маймыл, доңыз, хайуан т.б. басқалар пайда болатынын білер еді. Еркектің өмір жасы әйел жасының ұзақтығына, әйелдік қуатына тәуелді екенін біздердің оқыған білімімізде әлі зерттелмеген. Енді осы жалаңаш жүру әдетіне тағы сынақ келді. Ол киелі кітаптар мен пайғамбарлар ескертулерінен «Шығыстан әлемді жалмайтын от шашқан айдаһар келеді» деген. Сол ыстық от сәулесі Жопон елінен басталып жерге жұтылып, күнмен бүкіл әлемге тарайтынын, күннің жерден, теңіз бетінен нәр алатыны әлі ғылымда белгісіз. Адамзатқа қасірет себетін терінің күйік ауруы күтіп тұр алда. Қазақтың еркіншіл, европашыл, орамал тартып, етегін жапқандарды жауындай көріп және «жұлдызбын» деп арсыздық, дінсіздікті дәріптеушілерге алдымен осы қасіреттің келетіні сөзсіз. Сонда ешқандай адамзат білімінің жаратқанның құдіретінің алдында қауқарсыз екендігі дәлелденеді де құдайын іздеуге құранда ескерткендей; «Адамдар топ-топ болып ислам дініне кіруге жарысады» деп қайырды «момын» шалым.
-Олай болса, Ислам танытушы ғалымдарымыз дінде неге тек намаз оқуға басымдылық танытып, ақырында жастарымыз дінді тек намаз оқу деп қабылдап, «намазхан» атану мақтанышқа айналып, дінді бүтіндеудің, түп негізге «ман»-ға оралудың орнына қайта бөлшектеп, әрқайсымыз бір-бір діннің бөлшегін алып кете берсек ақыры немен аяқталады деп ойлайсыз?-дедім.
-Діннің де уақытқа, заманға байланысты түрленіп, жеміс беретін ағаш сияқты табиғатпен тұтас мезгілі бар. Төрт мезгілге бағынады. Қазақ елі осы мезгілдің қысынан әлі көктемі шықпай, бірде мейіз, бірде киіз болған созылмалы дін қысының аяғына тап болдық. Қазаққа Құдай құдіретін көрсетіп, ойланыңдар дегендей белгілер түскеніне он бес жылға таяп қалды. Осы құдіретті сырттан келген, астыртын іріткі салушылар мойындатпай, жан-жақтан жұлмалап, қазақтың негізгі қалыптасқан дін мінезін өзгертуге тырысып бағуда. Әрине әр халықтың ұлттық мінезі-көкте жинаған қазынасы, рухани байлығы. Пайғамбарымыздан бір кісі: -Дін деген не?-деп сұрағанда: -Ол, көркем мінез,-деп жауап қатыпты. Әлгі адам айналсоқтап кетпей, бір қойған сауалын неше мәрте қайталаса да, пайғамбарымыздан: «Көркем мінез» деген жауап алған; -Сонда іс-амалдардың қайсысы жақсы?-деп сұрағанда да Мұхаммед пайғамбарымыз; -Көркем мінез, деген. Тағы бір хадистерінде; -Алла бұл дінді өзіне тән қылды. Сендердің діндеріңе жомарттық пен көркем мінезден басқасы жараспайды. Осы екі қасиет арқылы діндеріңізді көркемдеңіздер,-деп үйреткен. Адам баласының мінезі алты негізден құралса, халықтың мінезі төрт негізден көрінеді. Ол енді әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп аталады. Осы төртеуін өзгертуге қазақ еліне талай өзге жұрттан шабуылдар, соғыстар ашып, бәрібір жеңілісін тауып, төртеуді үнемі түгелдеп отыруды, алтауды араздастырмау біздің негізгі ұранымыз, бабалар аманаты десе де болады. Діннің жариялығы болып, мешіттер салынып, халықты иманға шақырғаннан, намаз оқытқаннан ұтылған жоқпыз. Бұл жағынан мешіт, тағы басқалай діншілер көп еңбек еткенін мойындау керек. Бірақ асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын дегендей дінді науқанға, артын қасіретке айналдырып алған жайымыз бар. Орыс халқынан алған теріс қылығымызды былай қойғанда, өзге исламның ақталу заңдылығы, тәубе амалдары арқылы аруаққа арнап мал жұмсап, зираттап, Алла жолында соғысу амалын «шерік қосқан», «серік қосу» деп жала жауып, қазақтың ғана емес, әлем дінінің ірге тасы Алланы еске алып шомылу, тазару рәсімін қудалап, соттап, өзіміз отырған бұтағымызды өзіміз кескен әпендіге ұқсаймыз. Қаражатыңды ортаға салып, ел аралап, мал жұмсап, бір-біріне жомарттық, хайыр жасауды көтерген көбіне жастарымыз бен жетім-жесірлер еді. Сол арқылы қаншама шаңырақтың түтіні түзеліп, ел бір-біріне қызмет жасап, ниеттес жастар аруақтың батасы арқылы бірін-бірі тауып, қосылып, қанның тылсым арқылы араласуымен өмірге қасиетті ұрпақтардың келуіне себепші болып, халықтың «демографиясы» біршама түзеліп қалып еді, шайтанның сыбайластары заңмен тарқатып тынды.
-Ау, олар кілең оқыған, данышпандар емес пе? Құранның аяттарын түсінбегендері ме?
-Інжілде Ғиса пайғамбарымыз данышпан, оқымыстыларды Құдай құлағынан ұстайды деген екен. Сондықтан да кітапты көп оқып, ғайыптың үніне құлақ салуға, жер кезіп ел аралап табиғатты, тау-тасты аралап тұрмаған адамның тылсым сырын есту қабілеті тоқтап, әйелдер сияқты тек көріп ойланатын, жазылған қағазға ғана сенетін, ішкі сезімдік қабілеті басым болады. Ондайларға қолына ұстатып, көзіне көрсеткенімен күдігі басым болып, бәрібір сенбейді. Алла Тағала оларды нығметін, жақсылығын, білімді беріп, сонымен сынаққа салып қойған. Болмаса сонша тіл, сөз мамандары дін басында ел тұтқасын ұстап жүргендер, дүниені шайтан, жын, перілер басқаратынын, ал керісінше өлімді еске алудан қашатынын білмегені ме? Адасты деген христиандардың өзі мойнына өлімнің белгісін тағып, жын-шайтандарды қорқытып, «коса» деген сөзден қашатынын біліп, қиналғанда үнемі зират басына барып арақтарын ішсе де, өсіп-өніп білімдері дамып келеді. Біздің діншілеріміз керісінше тура дінін іздегендерді жын-шайтанмен қорқытып, мәңгүртке айналдыруда. Әсіресе жын-шайтанмен қорқытатын теріс дін қазақта басым. Діншіден шайтан қорқып, тығылып қашпаса ол қандай дінші болмақ? Бұл ислам ғалымдарының қарапайым қателігі үлкен қасіретке ұласып, бүкіл халыққа ата-бабасынан тазармай қалған жын қуаттары мініп, өздерін-өздері өлтіріп, алды жынданып жатыр. Намаз оқу шомылу рәсімінің негізі. Бірақ ол жан сүнеттелгенінен кейін ғана толық нәтижеленетін амал. Намаз оқу орнымен пайдаланған мұсылманның тылсымға кірер қақпасы, жаратқанның мұсылман қауымына берген үлкен сыйы. Бірақ сол шайтан адамдары намаз оқудың беделін түсіріп, бала-шаға, қыз-қатынның ермегіне айналдырып, басқа елдердің алдында ислам дінін қиялы ертегіге айналдырып көрсетуде. Намаз оқудың сан түрлі дәрежесі, орындау орны, белгілі мақсаттары бар. Ақсақалдың намазы мен жас баланың намазын қатар қоюға немесе Ясауи бабамыздың 63 жыл жер астындағы оқыған намазы мен қазіргі жоғарғы дәрежелі шейх, пір атанғандардың намазы ширегіне де татымайтынын білген абзал. Намаз оқуды діннің негізі қылып бала шағаның ермегіне айналдырған, ақталу тәубе намаздарды тіршілік арқылы орындауын ұмытқан ислам елдері енді қасіретке тап болғанына бәріміз күнделікті куә болып жатырмыз. Діннің қайғысы – ол әлемнің қайғысы, ешқандай мемлекетті айналып өтпейді.
-Жақында бір Жетісу арнасынан тілшісінің дін сұхбатын жүргізіп; «Алла мен адам арасында делдал жоқ» деп тұжырым жасап аяқтағанынын естідім, бұған қандай уәж айтар едіңіз?
-Осындай жан ғылымына қарсылық білдірген кітаптарды, адамзаттың даму сатысын жоққа шығару надандық қасіретінің, елдің дінінің азуына бірден-бір себепші билік басында отырған өз қазағымыздың оқығандары болып жатыр. Әйтпесе жаратушы біздерді жарату үшін жаратқанын жаратты деген қарапайым ұғымды түсібейтін ғалымдарымыз, жазушыларымыз, діншілеріміз жеткілікті. Қазіргі сондай ақпарат басында жүргендердің қарапайым сөз тұжырымдау, философиялық ұғымдардан айырылып, араби надандық қақпанына қалай түсіп жатқанына ауылдың сауатсыз деген шалдары да бастарын шайқап отыр. Оларды негізінен адасқан шамалы ғана халықтың бөлшегі тыңдайды. Қалған негізгі ақылы сау қазақтар; «ит үреді, керуен көшеді» деген бейтараптық жағдайда. Бірақ бұл жағдай да ұзаққа бара қоймас. Құранда да басқалай түсірілген кітаптарда да жаратылыстың «себеп» яғни тәңірлік қуат деген ғылымға байланып, себепсіз су да ақпайтынын есімізден шығармауымыз керек. Егер жаратушымыз жаратқанының ісін қияметке дейін білімін белгілеп, өзін-өзі басқаруын қамтамасыз етіп, шектен шығып бара жатқандарына азабын, жақсыларына сыйын дайындап қойып, енді әрбір іске араласып, біреуін жазалап, біреуін мақтап, дәрежелеп отырады деген ақылға сыймайды, әрі жаратушының хикметті түсірген білімін жоққа шығарып, Алла мені қарауылдап, өзінің жаратқан шайтан, жындарынан күзетіп тұрады деу Аллаға теңдес жасау, ортақ қосу болып табылмай ма? Алламен арада делдал, яғни себептік жоқ деп ұғынудан; Алла біздерді ойыншық үшін жаратты деген ұғым пайда болады. Ал Құранда Алла біртұтас тілектерді қабыл алушы және жеке пенделерді емес, әлемдерді бақылаушы деп ескерткен. Сондықтан елді залым ғалымдар мен жалған дүмшелер бұзады деп аталарымыз бекер ескертті ме? Олар шайтанның, жынның өкілеттігін алған халықты босқа ойдан шығарған жақсылықтармен дәмелендіруші, керісінше сау ақылды аздырушы пенделер деп түсінгеніміз абзал. Сондай дін қандастарымыздың болашағының қасірет болатынына түсініп, зұлымдықтарынан құтқар деп дұға жасайық, жаратқаннан тілейік деп ақылы сау қазақтарға замандастарыма өтініш айтайық. Елдікке, бірлікке шақырайық тура жолдың қисығын іздеген дін қандастарымызды.
-Сөзіңізді мен де тірілтіп қойсам, адам баласы өзін-өзі басқаруы мүмкін емес, бүкіл әлем ғұламалары таза ақылмен, яғни сырттан берілетін «интеллект», қарапайым қазақтың түсінігінде «аруақ» арқылы басқарылады деп тұжырымдаған. Әл-Фараби атамыз осы аруақ сөзін ғылыми негіздеп кетіпті: «Қаракетшіл интеллект өзіне ілескеннің бәрінен жоғары, ал сол қаракетшілдің түгел басын қоссақ, материалдық заттардан анағұрлым биік тұрар. Мұны үңги түссек, материалдық заттар қатарындағы аспан денелері табиғат әлемінен биік саналады. Ал, мұнан жоғарының санатына өзінің тіршілігіне себепшіні ғана жатқызамыз. Тіршілік иесінің мұндай себепшісіз болуының өзі ақылға сыйымсыз.» деп адам баласының серігі иманының өте күрделі дүниені қамтитынын, тіршілік иесінің себепшісіз, серіксіз болмайтынын ескертіпті.
-Осы Әл-Фараби атамыздың бір ғана өсиет, тұжырымын жоғарыда ел, дін басқарып отырғандар, ғалымдар отырып талқылап, құран аяттарының мағынасымен салыстырып, түсінетін бір пайдалы жиналыс жасаса, кім біледі бірін-бірі босқа мақтаған дін жиындарынан әлдеқайда пайдалы болар еді. Бұндай ғұламаларымызбен әлем алдында мақтанбақ түгіл Бауыржан атамыз айтып кеткендей берідегі Абайымызды да ғалымдарымыз 90 пайызын да түсіне алған жоқ. Ал Абайсыз Шәкәрімді білу мүмкін де емес.
— Ақсақал, бұл тақырыпты келесі бірде тарқатсақ, менің де Абай-Шәкәрім атамыздың еңбектеріне әлі толық тісім батпай жатыр. Інжілді дұрыс меңгермей, Абай-Шәкәрім аталарымыздың астарлы сөздерін, жан ғылымын түсіну қиын шаруа екен. Алдыңғы сауалдарды толықтыра кетсеңіз? Жаратқанды сонда Құдай дейміз бе, әлде Тәңір деп түсігеніміз жөн бе?
-Құдайды құранда жалпы ұғыммен Алла Тағала деп атайды. Алла Тағала ұғымы жаратылыс періштелерінің ең жоғарғы сатысы, адам болмысының кемелдік шыңы. Барлық жаннаттық сипаттың көрінісі. Ал, Раббымыз жаратушының негізгі нұры болып; бар, баршылық, жақсылық қуат нұры, жарық одан пайда болады. Қарапайым түсінікпен Жаратушы Алла өзінің қуатын Тәңірді сөз қылып жаратып, ал сөзден ақылды, яғни нұрды жаратқан. Көркем сөзден, Киелі Рухтан пайда болған нұр — Құдай. Құдай дегеніміз Киелі Рух-таза ақыл. Пісірілмеген сүттің ішіндегі көрінбейтін майы сияқты. Ал Тәңіріміз-Бір- Ақ –сүт. Тәңірдің ішінде түнек те, бәрі де бар. Жаратылыс ақтан пайда болып нұрға түрленіп, бастапқы нұрға қосылып отырады. Ал нұрдың ішінде түнек болмайды. Құдайдан Адамды, одан барып Адам атамызды екі сипаттан жаратқан. Сондықтан әрбір пенденің ішінде, өзінде екі сипат болып ақырында құдайлық сипат жеңіп, негізгі ақыл нұрға қосылып отыру керек. Құдайдың құдіреті түнекте пайда болып, күнәні өлтіріп, рухтың өсіп-өнуін қамтамасыз етеді. Сондықтан әр адамзаттың өзінде бір құдайдың да, тәңірлік те сипаттары бар. Әркім әуелі өз құдайлық қасиетін біліп, меңгеріп, тәңірлік қуатын еңбек, өнер арқылы жетілдіріп, көркем мінезге ие болып, Құдайдың нұрына бөленіп, кемел адамға айналады. «Намазхан» дегеніміз негізінен кім көрінгенге таңуға болмайтын қасиетті сөз — кемел адам. Оны шайтан адамдардың намаз оқудың қадірін түсіру үшін 40-қа толып, ақыл қуаты жетілмегендердің бәрін атап, сонан намаз оқу есі жетілмеген баланың да, ал өмірге ұрпақ әкеліп, күйеуіне қызмет жасап, бала тәрбиелейтін қыздарымыздың да ермегіне, мақтанына айналып алды. Әрбір намаз оқудың белгілі мақсаты, нәтижесін біліп, мақсатын айқындамағандықтан бәрі өзін тура жолдамыз деп есептейді. Сонан барлық игілікті намаз оқудың, құранда жаттап алудан, ерекшеліктен, мақтаннан іздегендіктен, одан керісінше жастарымыз мәңгүрттеніп рухани өліп, ақталу заңын білмегендіктен жалған ұстаздардың қол шоқпарына айналуда. Жалпы намаз оқу жаратқанға бой ұсынудың, тәубенің есігі. Бірақ қалаған 11 тәубенің және оның үш кезеңін кімнен үйренуміз керек? 12-мен 13-ті табуды сәни дәптерде айқын көрсеткенін бірде-бір хазіреттің жазғанын, дәлелдегенін оқыған емеспін. Ал әрбір пенденің өз қауымының «алтауының» рухани қазынасын қалай толтырады? Сол алтаудың, «серіктің» араздығын тудырып, елдің ірге тасын, бірлігін ешқандай соғыс ашпай-ақ дін арқылы рухын, ата-бабаларымыздың көктегі жинаған қазынасын ішіп-жеп тауысқаннан кейін халық өзінен-өзі бүлікке ұшырап, топтарға бөлініп, ағайындар бір-бірімен соғысып, әртүрлі тілдерге бөліп алу саясатын жүргізуге үкіметіміздің өзі қолдау көрсетіп отыр. Осы себептермен ата дініміз әлсіреп, өкінішке орай жынды әншілердің өзін-өзі, бірін-бірі «жұлдызға» айналдырып алғандай қазіргі ислам әлеміндегі «жұлдыздар», «намазхандар» бүлікші деген атаққа айналып алды. Жан ғылымының жоғалуының негізгі себебі де, осындай ұлттық мінезімізден, сөз астарын меңгеруден айырылып қалғанымыздан туындайды. Болмаса қарапайым ғана дін имамдары Қабыл мен Абыл аталарымызды мысалға алып; Қабыл атамыз Абыл атамызды әйелге таласып қызғанышпен өлтірді деп түсіндіреді де, бүкіл адамзаттың жақсысын көбіне араптарды, қожаларды Абылдан, жаманындарын, қан төгетін бұзықтарын Қабылдан деп жаратылыс, жан ғылымын масқара, ашықтай қарсы сөздермен Құран аяттарына, бүкіл кітаптарға ортақ қосқандарын хазіреттеріміз, теологтарымыз да білмейді. Қабыл атамыз, Абыл атамызды үйленбей тұрып өлтіріп тастаса, онда қалай ұрпақ тарайды?-деп сұрап көріңіз не айтар екен. Егер өлгеннен кейін ұрпақ пайда болса онда екі Абыл болғаны. Жоқ, Абыл рұхынан ұрпақ тарайды, себебі өлгеннен кейін қайта жер басу бар деген Ясин сүресінде. Ал тән шірісе онда қалай тіріледі? Демек әр адамның денесі, өрістік сипаты, айнадағыдай көрінісі, яғни шірімейтін ұрығы, көрінбейтін қасиеттік бейнесі, аруағы бар деген сөз. Сондай ертегіге айналған тәпсірлер мен ойдан шығарған өз өтіріктеріне өздері тұншығып халық алдында мазаққа ұшырайтын заман қазаққа дінінің көктемі толық шығуымен басталатын шығар.
-Бірақ менің байқағаным 4-5 жыл болды қанша құраннан дәлел келтіріп, мақалаларымды талай баспасөз, ғалым, тілшілерге апарғаныммен бәтшағарлар ләм-мим деп жауап та қатпайды. Мүлде қарапайым қазақпен үнсіздік ойынына кірісіп алғандай. Мен сияқты талайлар сөздерін жеткізе алмай, ал жазғандарын шығара алмай жатқандары даусыз. Баспасөз беттерін, хабар бөлімдерін жекеге болмаса сырттан қаражат бергендердің ғана мүддесін қалыптастыруға бағытталған сияқты.
-Аталарымыз бұндай жағдайда; «Аққан суға бір тосу, ақ бөкенге бір тосу» деген екен. Сондай несібесін артығымен берген пенделеріне сынау үшін және сол арқылы Құдайдың рақымын мүмкін түсінер деп уақыт беріп қойған шығар. Әлемнің ақырғы заман келіп қалды деп шулап жатқанның да негізі бар. Қиямет мезгілі деген қиямет-қайым емес. Қиямет мезгілі ақ пен қараның теңеліп, таразыға тартылатын, ал көп жерлерде жақсылықтың үстем құрып, дін тазасының жарыққа шығу мезгілін айтады. Ақырғы заман деп аталуы ол күнәнкарларға келетін сынақты айтады. Жақсылықтың, ізгіліктің жолында күрескендерге керісінше жаңа дәуірдің басы болмақ. Жаратушымыз өзіне жақындап, дұрыс жолға түсе білген пендесіне сыйын беріп, адамзатқа үлгі қылатын заман. Сондай үкім қазақ еліне келіп, бекерден-бекер жастарымыздың жүректері ашылып, тылсымнан хабар берілген жоқ. Оны тек жүрегі бітеулерге, көзі бар көрмейтін, құлағы бар естімейтін, алдына қойған қағазға, адам баласының ой-тұжырымына сенетін, түс түгіл аян көруден қалған, жүректері мөрленгендер мен немесе шайтандардың сыбайласы залымдарға ғана түсініксіз болар. Адамзатқа алғашқы келген ескі өсиеттің негізі Інжілдің нақты бейнесі, Ғиса пайғамбар құдіреті қазақ елінде әлемде бірінші болып көрінді. Есі түзу, ақылы саулар осыған қайта мың да бір шүкіршілік етулері керек. Бұл туралы бұрынғы өсиеттерде де, інжілде, құранда да, пайғамбарымыздың өсиеттерінде де және басқа түсірілген кітаптардың бәрінде де ескертулер бар. Қиямет ұғымында жаратылыстың соңы деп, оны әрбір тіршілік иесінің, қауымның, елдің, мемлекеттің және жер бетіндегі тұтастай адамзаттың бір жағдайдан келесі даму жағдайына, ілімнің даму сатысына өтетін белдеуі, көпірі екенін біріміз білсек, көбіміз біле бермейміз. Пайғамбарымыз ондай жалпы дінге келетін жеті қиямет мезгілін:
-Дауғаттары бір (бір елдің) екі үлкен топ өзара қырқыспайынша, ол екеуінің арасында үлкен қырғын болады. (Яғни сүниттер мен шейіттердің бірін-бірі қыруы.)
-Отызға жуық өтірікші тажалдар жіберілмейінше, олардың барлығы өзін «Алланың елшісі» деп атайды; (Отыз түрлі топтың өз пірлерін тек пайғамбар ізбасары деп тануы.)
-Ілім алынбайынша, жер сілкінуі жиіленбейінше, уақыт қысқармайынша, дінсіздік бүліктері бой көрсетпейінше және қаскөйлік пен кісі өлтіру жиілемейінше; (айтпаса да түсінікті)
-Орталарыңда байлық артпайынша, сонда адамдардың асып-тасқаны соншалық, мал-дүние иесі садақасын алатын адам іздейтін болады, ол садақасын ұсынғанда ұсынылған адамы: «Мен оған мұқтаж емеспін деп айтады;
-Адамдар ғимарат салуда өзара жарысқа түспейінше;
-Бір кісі екінші бір кісінің қабірінің қасынан өтіп бара жатып: (басына тұрғызылған ескерткішін көріп) «Осының орнында мен болсам ғой!» демейінше;
-Күн батыстан шықпайынша; Егер күн батыстан шықса, оны адамдар көріп, барлығы иманға келеді. Бірақ ол «бұрыннан иман келтірмеген немесе сенімі бойынша бір қайыр істемеген біреудің иманы пайда бермейтін» кез;..(2103 өсиет).
Осы қияметті туындататын жеті белгінің әрқайсысы жеке-жеке қиямет оқиғалары, сынақтары болып, сол уақыт күнәлардың артуымен сынақтардың, адамзаттың өзгерістерін туындатып отырады. Енді осы жеті белгінің бесеуі толық келіп, оған байланысты сынақтардың апаттардың да болып жатқанын оған күнделікті көріп, естіп жатырмыз. Енді тек экономика, байлық қана бақытқа жеткізеді деп ар-ұят, саналық дегенді еркіндікке айырбастап, біздер де әлемдік дүниемен бақытқа жету жарысына қосылып кеттік. Ол мақсатымызға да жақындап қалдық, қазіргі таңда еңбек еткен ақылы сау, ұяты толық пенденің садақаға мұқтаждығы да жоқ. Онда алда тек күннің батыстан шығуын күту қалды. Бірақ ол кезде жалпы адамзаттың да, еркіндіктің буына мастанған және дінді қысқартып жеке пән қылып алған қазағымыздың да көпшілігіне кеш болып азапқа түсері ақиқат.
— Ақсақал, Інжілде де Жохан елшінің хатында; Болашақта діннің үстемдігі жеті азия мемлекеттерінде басталып, тәжі «Алашашегір» деген қалада болады деп ескерткен екен. Және жеті мөр ашылып, көптеген елдердің мүлде жоғалып, халықтардың, күнәкарлардың азаптарға түсіп, әлем халқының санының қысқаратынын ескертіпті. Бұған қандай айтар уәжіңіз бар?
— Алашашегір қаласы алты алаштың тұғыры осы қазақ елін айтқаны. Негізінен діннің есігі Есік қаласынан басталған. Соған келіп тірелетіні айқын. Тарих дөңгелегі кері айналмайды, бірақ тарих шеңбер болып, ал дөңгеленген нәрсе бұрынғы оқиғаларды бәрібір қайталайды, кездеседі. Оған біздің ғалымдарымыз да, данышпандарымыз да әзір мән бермеген үш белгі бар қазақта. Бірі өзіңнің дәлелдеп жатқан «Шырағдан» — елшіліктің таңбасы белгісі. Дін елшілігінің жоғарғы дәрежесі десе де болғандай. Мұхаммед пайғамбарымыз осы елшілік, кемелдік белгіні толық меңгерген. Құран бойынша «Таһа» сүресінің таңбасы. Екінші белгі «Алтын адам» деп асыл анамыз Қазақ, Созақ аталарымыз бен Құзын Сауға-Зейнеп анамыздың шешесі Ұлсай Емер анамызға кигізілген алтын киім, жан сауыты. Зәбурдің толық бейнесі, адамзатқа берілген пайғамбарлық таңба әйелдер арқылы берілетінін көрсетеді. Бұны діннің киімі деп атайды. Әлі ашылмаған құпия есептік, сандық белгілері бар құранмен расталатын. Үшінші белгі иманы жолдас болсын «Ақ ұлға» берілген мөр, ту. Айша ананың кесенесімен 21 жұлдыз жоғарғы ақыл «интеллекттің» көрінісі. Ол негізінен мемлекет туынан да жоғары тұратын, адамзаттың болашақ тылсым арасындағы елшілік, бітімгершілік ақталудың жалауы болатыны сөзсіз. Оған да үкімет тарапынан тыйым салынып, көп әкімшіл қазақ өздеріне болашақтағы қияметтің азабын сатып алды. Оған сен де қазақта ғылым бар ма?- деген мақалаңда біраз мағлұмат беріпсің. Жақында ақпан айында хазіретіміз «Ислам, дін, ғылым» деп жауап жазыпты. Оған да шүкір, біраз ислам ғұламаларын тізіп жазып, бірақ негізгі тура жолды толық дәлелдеген, қазақтың исламда алатын орнын көрсете алмапты. Абай, Шәкәрім аталарымыздан бастап қаншама әлі зерттеліп, өз бағасын алмай жатқан еңбектер және қазақ бақсыларының көрсеткен хикметтері, яғни дін ғылымының негізі көрсетілмеген. Ал исламда теңдесі жоқ тұлғаларымыз, толық еңбегі қалған ғалым-сопы Ясауи, Әл-Фараби бабаларымызға соңғы жағынан ғана шамалы көңіл бөлінген екен. Жалпы хазіретіміздің жазғаны ол айқын болған, дәлелденген, енді біздерге анықтық тек білім болып есептеледі. Ғылым дегеніміз әлі толық немесе мүлдем құпиясы ашылмаған, белгілі болған, көрсетілген кейде «аномалді» деп атаған нәрселерді айтады. Дәлелденгеннен кейін оны жас бала да меңгеріп, оқып біліп жатса несі ғылым? Ғылым көзі қазақтың бақсыларының көрсеткен хикметті істері мен «Сани дәптерде» және пайғамбарымыздың әлі зерттеліп ашылмаған өсеттерінде, Құран мен Інжілде, бергі жағы Абай-Шәкәрім еңбектерінде тұр. Құр ислам әлемдерінің өткен ғалымдарымен әлем алдында мақтанғанмен діннің көші ешқашан орнынан қозғалмайды. Керісінше, әлі құпиясы ашылмаған жауһарларды жарыққа шығарумен барлық діннің негізі, ғылымы, тұтастығын дәлелдеумен ғана көш түзеледі.
-Құранды арапша өздері оқып, аударып құран ғылымын меңгердім деп, ал арапша білмейтін пендесін, бауырын көзіне ілмей «діні сауатсыздар» деп айдар тағып, сұхбат құруға шақырсаң ат тонын ала қашатын діни ғалымдарымыз не бітіреді, осы дін керуенін алға сүйремей?
-Құран немесе Тәурат болсын, күнәларды соған байланысты ескертулер туралы заңдар жүйесі. Адам баласын Құранды қаншалықты мейлі арапша, мейлі аудармадан болсын үгітін терең меңгерген сайын соғұрлым күнәнің салмағын, соған байланысты түскен үкімдерді, жазаны ғана білесің. Рухани өлімің, қайғың тереңдей түсуіне ғана себепші болады. Ал сол терең ұйқыдан өлімнен ояну үшін, рухты ақтап тірілту үшін аяттардың құпия, жасырын сызықтық, түсіндірме бейнесін уахи арқылы оқи алмасаң насихаты, дін ғылымы ашылмайды. Ол үшін тақуалықты, сосын сопылық жолдардың мақамын іздеу керек. Олай болса, киелі кітаптар рухани өлімді, яғни ескі күнәкар болмысыңның өлімін ғана туындатады. Қаншалықты күнәлі екеніңді білмесең, содан ұялып күнәңді мойындап рухани өлмесең, Құдай алдында қалай ақталып, өзіңе тиісті емес нәрсені сұрай аласың? Сондықтан әуелі жан дүниеңді қымтап, көкірегіңді тазартып, сосын тәнің кезек-кезек тазарып, сол арқылы рухани денең, дін киімің қалыптасып, ақылың толған сайын ғана Құраннан қаншалықты күнәлі екеніңді ажырата бастайсың. Өз санаңды, сөз түсінуді қалыптастыру арқылы қаншалықты құранды сіңіргенге байланысты енді сауап, ақталу амалын да жасауың керек. Намаз оқи бергеннен ішкі дүниең тазарып, білімің жетіліп, күнәң толық шайылып жаннатқа кіре саласың деген надандар ойы. Адам өлтірген де, зина жасаған да, жеңіл күнә жасаған да, тіптен әлі ақылы толмаған мастарға, неке де құрмаған жастарға да бәріне бірдей бес парызбен күнәң жуылады деп алдау нағыз зұлымдық! Және дені сау, несібесі жастықпен, заманның тыныштығымен артығымен беріліп қойылған жастар берілген нығметті орындамай, халқына, отанына қызмет етпей, Алладан ұялмай не сұрайды, тілене бергеннен не пайда? Немесе 40 жасқа жетпей, ақыл қуаты толық жетілмеген жастың қай күнәсінің жарылқауын тілеп, қандай тақуалық жолды іздеуі керек? Өмірдің ыстық-суығын көріп, талай жерден сүрініп, тіршілік сындарынан өтумен әйтеуір ұрпақ, ұлт сабақтастығын жалғаған үлкенмен қатар аузынан ана сүті әлі кеппеген, ақылы толмаған, білімі жетілмеген жасты сақал қойдырып тақуа болдың, «намазхансың» деп алдау нағыз діндегі кәпірлік! Ғиса пайғамбарымыз «Жас баланы алдап теріс жолға түсіргеннен аяқ-қолынды шауып тозаққа түскен артық.» деп ескертіпті. Діншілердің жас пен кәріні, әйел мен қыз баланы, күнәлі мен күнәсі жеңілді қатар қойып, бәрін бес парызбен Құдайдың алдында ақталдың деп пәтуа келтіру, Құдайдың әділ соттаушы екенін мүлде жоққа шығару болып табылады. Жаратушы күнәңа қарай немен ақталуды «қырық шілтенді» көрсетсін деп қана бес парызды орындау қажет. Сондықтан да ислам халқына күнәдан тазару Мұхамед пайғамбарымыздың ізгі істері мен өсиеттерінде. Бірақ сол жетінші құран негізін құрайтын пайғамбарымызға түскен кітапты аудармашылар әлі қазақ халқына толық жеткізген жоқ. Онда өздері қалай құраннан пәтуа беретіндерін мен түсіне де алмадым. Негізінен арапшыл діншілерге пайғамбар өсиеттерін толық халыққа жеткізу тиімсіз, себебі өздерінің жалған өтіріктері «шерік, серік қосу» деген айыптары ашылатыны сөзсіз. Ал ол кітапты толық аударғанмен, Інжілді білмей, зерттемей тағы да түсініксіз. Інжілді түсіндіретін тағы Абай-Шәкәріміміздей ғалым сопыларымыз бар. Оларды түсіну үшін Абай атамыздай мыңмен жалғыз алысып, Шәкәрім атамыздай тау-тасты кезіп, жалғыздықтың жапасын тартып, тылсымның үнін тыңдай білу керек. Одан әрі Әл-Фарабидей музыкадан бастап бүкіл білімді, сызықтық бейнесін және санмен оқып, зерттеп түсіну керек. Сосын барып Ясауи бабамыздың жалған ғалым, сопыларды ажыратып ұрысып, құдайдың құдіретімен көктегі періштелерден сабақ алып, сәни дәптердің ғылымын түсініп оқу керек. Алдымен құранның үгітін, діннің жалпы болмысын түсіну үшін де сөз ғылымын зерделеп, қазақтың қаншама ақын, жазушы еңбектерін оқып, сөздің астарын түсіне білуді меңгеру керек. Оған әрине адам баласының ғұмыры да, төзімі де жетпейтіні даусыз. Бірақ заманына сай амалын көрсету Інжілдің басты қағидасы болып, қазаққа бақ келіп, жастарымыз тазарып, аяндар алып, қыздарымыз, әйелдеріміз аққу атанып, үлкендеріміз ақылы толғандар болашақтан хабар түстер көріп, халыққа ақылдан хабар келе бастап еді, көп данышпандардың шайтандары қорқып, өре түре келіп діннен тәжірибе жинауға кіріскен жетімдер мен жесірлерді, жастарды қудалап, құдайымызға қарсы тұрдық емес пе? Өйткені билік басындағылардың тығылып жатқан күнәлары ашылып, халықтың жалпы сауаттанып, ақ пен қараны ажыратуы ондайлар үшін үлкен қасірет болар еді. Бірақ бәрібір Құдайды жеңу мүмкін бе? Керісінше, бұл да болашақ тарихқа үлкен сабақ болатын болды. Құдай қаламаса қаншама данышпан деген бүкіл ғұламаларды, қожаларды, төрелерді адастырып сауатсыз, әлсіз, күшсіз дегендерді үстем қылатын хикметі көрінетін болды жуырда. Тек аталарымыз: «Өтірік айтқан жерде көп отырма!» деп ескерткені бар. Осы іске араласып түрлі баспасөз беттерінде, кітаптар жазғандар өздері орындарын суытпаса, болашақ балаларымыздың күлкісіне қалары даусыз. Ғалымдарымызға да осы абыройларымен тұрғанда қара халықтың жағына шығып, сөздерін дұрыстап алса өкініштің де зардабы аз болар еді дегенді жеткізгім келеді.
-Сырт көз сыншыл болар қашанда. Осы қарапайым қазақтың шалдар көзімен ата жол, ақ жол деп жүрген құдайшыл қауымның да бұндай жағдайға жеткізген негізгі қателіктері бар емес пе? Алла Тағала пендесіне көтере алмайтын сынақ салмайды деп ескертіпті Ғайса пайғамбарымыз.
-Оның да рас. Жаратқан ие беріп те, алып та сынайды. Сырттай ғана тілектес емес, сол ішінде аралап жүріп те талай келеңсіз оқиғаларды көріп жүрмін. Әлі де жалғасып жатыр. Бата дегеніміз пайғамбарлық сөздерден тұрады. Оның да өз талабы бар. Бағзы замандарда оған жету үшін көптеген діннің сынақтарынан өткен. Оған Інжілді зерделеп оқыған адамға айқын көрсетілген. Иманы жолдас болсын! Енді Қыдырәлі аруақтың соншама халықтың ішінде жаманымен де, жақсысымен де тіл тауып, жүрек ашу хикметін көрсетіп, адасқан халықтың басын біріктіріп, қазақтың дінінің ірге тасын көрсетіп, қараңғылықтан шығатын ізді салып, көрсетіп кеткеніне әрине болашақ тарихта өз орнын, бағасын алары сөзсіз. Жақсы патша болсын, қандай пайғамбар болсын шайтан адамдарды жолдас қылып сынақ салып, оған тек нағыз серік, ақылды уәзірлердің, сахабалардың көрегендігімен ғана өз мақсатына, мәресіне жетері тарихи шындық. Бұл дүние-байлық, ойын-сауық және сұлу әйелдермен түрлі сиқыр мекерліктен өту тура жолдың міндетті сыны. Пайғамбарымыз бұндай сынақтардың бәрінен өтіп адамзатқа көркем мінез, діннің үлгісін көрсетіп тек өмірден озар шағында: «Менің сендерге қалдырған ең жаман нәрсем болашақтағы әйелдердің дінге тигізетін кесірлігі.» деген екен. Ақ ұлдың да баста сенген өз қасындағы дүние қуған еркектер мен шайтанға ілескен әйелдер болды. Оған дәлел бірде Арыстан баба басына барып түнегенімде түс көрдім. Түсімде біраз халық келіп жатыр екен де, көктен маған: «Мыналарға қара қандай лас, әттең берер едім»-деген уахи келді. Сонан ерте тұрып, намазымды оқып алып шырақшы имамның қасында отырсам, түндегі көрген адамдарым кіріп келе жатыр. Бастарын орай салғаны, шашы жалбырағаны, шалбарлысы, болмаса беліне орамал ма ақтық па байлай салғаны не сән. Ата жолының зиратшылары екені көрініп тұр. Оның алдында да талай аққу немесе темекісі бұрқыраған еркектеріне ескертіп, біреу үшін халықты ертіп қызмет жасағандай осыған да риза болмайсыз ба, өздерін әрең жеткізгенде?- дегендей сөз естігенмін.
-Ақсақал сөзіңізді менде тірілтейін. Осындай аяндарды мен де көргенмін. Әрине сол алдыңғы қатарда ақ ұлдың негізгі серіктері болғандардың ішінде халыққа үлгі болып, өнеге көрсетіп ата жолдың Айша анамыздың ақ туын қазақ жерінде желбіреткен көптеген сарбаздары да бар. Ата-баба аруақтарының қолдауымен олардың да еңбегі еленетін кез келер. Бірақ арасында болған дүниеге мас, ақ жолдық деген сұңқар, аққуларын Арыстан баба басында құран орнына «ойын-сауық» қойып, ән салып, би-билеп жатқанын, кейбіреулерінің азғындыққа түсіп дінді теріске бұратынын түсімде көрсетті. Бірақ менің де үлкен қателігім, ол жағдайдың немен қалай аяқталатынын, болашақта күзетшілікке ит байлап қойған мекеменің ауласындағы қарауылдарымен ұрыс-керіс арқылы дәлелдеп, ар жағындағы тура жолға өту керектігін көрсеткенімен, аманатты орнына тапсыруға ынжықтық танытып, Ақ ұлдың қиналғанда қасынан табылып, жанына желеу бола алмадым. Тағдырдың бірден бұндай күрт бұрылысы, сыны болатынын кім болжаған? Оған қамығып өкінгенмен, қасында жүрген шайтанның сыбайластары шындықты бүркемелеп, араға түсіп, шариғатты діннің қағидасын дұрыс ұстағандарды «қуып кетті», «арап болып кетті» деген өз арамызда қудалау болып, дінді толық түсінуге мүмкіндік берді ме?
-Сен мейлі арап, мейлі еврей, орыс бол немесе қандай дінді ұстансаң да негізгі мақсаты жанның сауыты діннің киімін қалыптастырып, рухтың жүрекке зейнеттелуін қамтамасыз ету шарт. Сондықтан дін жермен, өмір сүрген орта ықылым, ауа-райы шаруашылық ішіп-жеммен байланысты. Діншілер осы ерекшелікті мүлде қаперге алмайды да керісінше ұлтына, салтына теріс ақпараттың жүрекке зейнеттелуімен ғана айналасады. Жаратылыста өз ортасына сай Жаратқаннан берілген ұрықтың да өзіне тән ақпаратты қамтамасыз ететін, гендік ерекшелігін қалыптастыратын жұқа нәзік киімі және қосымша оны сақтайтын қабы бар. Мұсылманның басты қорғаны дәрет болып, ал киімсіз дәрет амалдары қорған бола алмайды. Дәрет намаз оқумен жан қабын, сауытын, бойын тазартып қорғап тұрса, ал оны енді сыртқы әсерден көз, сұқ қадалудан қорғайтын ұлтына, салтына, өмір сүру ерекшелігіне сай қорғаны, киімі болу шарт. Ал мұсылманның дәретсіз, оны қорғайтын киімсіз жасалған қандай да бір ісі бос әурешілік. Бой ұсыну дегеніміз мұсылмандықтың басты қағидасы жынысына сай бой қабы, сабыр қуатын қалыптастыруды ескертеді. Өзгенің ерекшелігіне еліктеп, әсіресе қызылдықты, жеңілтектік пен мақтанды қалыптастырып, ұлттық, жыныстық ерекшелікті бұзғаннан керісінше ібіліс сыбайластарымен бауралып кері, теріс өрісті қара рұхтан, тозақтықтардан ғана нәр аласың. Сондықтан Құрандағы киімді негізгі парыз қылып және пайғамбарымыз; «Әйел киімін киген еркек пен еркек киімін киген әйелді құдайдың қарғысы атады, ондайларды үйлеріңе (әулие бастарына) кіргізбеңдер» деп бұйырған. Пайғамбардың өсиетіне мойынсұнбай, арсыз-ұятсыз қылықтармен әулие басына шапағат сұрап бару нағыз ақымақтық және Аллаға, түсірген құранға, кітаптарға қарсылық болып табылады. Ондайлар сол жерлерде қақпанға түсіп, байлауда тұрған жын-шайтандарды қазанның қақпағын ашып босатып, өздерімен бірге алып шығушы, дінді бұзуға қызмет жасаушылар шайтанның сыбайластары болып есептеледі. Абай атамыз осындай ессіздіктің қазақ арасында болатынын болжап; «Көзі барлар ойының Күлер көтін ашқанға, Қасиеті бойының Бекер төгіп шашқанға. Қуанарлық қыз емес Жылтырауық таққанға. Өзгелерді, біз емес Түсірмекші қақпанға. Осы да есеп бола ма Ар, абиыр тапқанға? Миың болса жолама, Бос желігіп шапқанға. Бір бес надан (жүктелген есек) оңбассың, Нансаң, онын (шайтан жүгі-дәме) қосқанға… Одан үміт кім қылар Жол табар деп сасқанда? Үйтіп асқан жолығар Кешікпей-ақ тосқанға.!» Абай атамыздың осы шағын әулиелік болжамы діннің ең осал, адамзатты құрдымға түсіретінін яғни, қазақтың қазіргі жағдайын қалай дөп басып көрсеткен. Сонымен бірге менің байқағаным, ондай пенделердің арасында құдайдың берген қасиетін саудаға салып; тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзін-өзі бағалап дәрежелеу, қызғаныш, көре алмастық, өсек, өтірік, дүние қоңыздық, батаны бұрмалап өзінің ішкі мақсатына, дүние табуға пайдалану және арасында келеңсіз зинаға барғандарын да естіп көргендер жеткілікті және жалғасуда. Сондықтан ұлттық дінді толық қалыптастыру бір адамның мойнына артып қоя салатын шаруа емес, мешіт діншілерінен бастап бүкіл атқа мінерлер ат салысып үлгі көрсеткенде тазалыққа, ізгілікке жарысу арқылы ғана батаның жоғарғы дәрежесіне, құранның ашылуына, хикметтер мен жаратқанның сыйына жететін уақытымыз болып еді. Ақ ұлымызға да сынақ түспеген болар еді. Енді сол азғындыққа түскен аққу, сұңқарлардың бар күнәсін көтеріп, Ғиса пайғамбардың қасындағы серігі құсап айқышқа таңылып кетті. Алланың қазақ еліне берген тосын сыйын өз еркімізбен, жақсылықпен қабылдай алмадық, ал енді жаманшылығымен, көп мойынсұнбаған діншілердің қасіретімен, сынақтармен, жалпы елдің басына түсетін апат құрбандық шығындармен, бәрібір Құдайдың құдіреті арқылы мойындауға тура келеді. Сол сындардан өтіп барып, әлемдегі ең таза дінді ұстаушы қазақ елі болып, діннің тәжі де болашақта қазынадан шығары сөзсіз. Абай атамыздың қара сөзіндегі ел бағуымыз бен мал бағу (жынды қоралау) осы қазақтың сауатсыз аталған жастарына беріліп, оны да мандытып баға алмай жатырмыз. Оған себептің негізі сопылық құрып, ғылым бақ дегендердің өзі қарапайым сөздің астарын біліп, сөз баға алмай жатыр. Бірақ елде мен сияқты болашақта бәйгеге қосатын бала бағып жатқан қарапайым қазақ шалдар естуімше көбейіп жатыр. Абайдың мұңын жоқтап, жетпегенін толтыратын заман да келді. Ең өкініштісі, осы баққан балаларымыздың алдарының естері кіріп, айналасын бағалай бастады, аталарын надан деп жаттың тілегін тілеп, қосын жеккендер өздері нағыз надан аталып тарихта таңбаланып қалатыны ғана өкінішті.
-Абай-Шәкәрім атамыздың Құранды қалай қарапайым қара сөзбен де, қазақтың қара өлеңімен де сөйлете білгенін дәлелдеп жазып, халыққа таныстыру менің бір арманым әзірше. Ондай күрделі сөз астарын зерттемек түгіл осы біздің діндегі теолог, дін ғалымдары тағдыр дегенге де толық түсінік бере алмай жамандықты да, сынақты да Алла алдын-ала жазып қойған, сондықтан құласаң «Ақбөкен» құсап тұяқ серіппей жата бер деп түсіндіреді. Бұған қандай уәж айтар едіңіз?
— Негізінен дінде бөлшектену де осы адамзатқа берілген тағдыр ғылымын дұрыс ғылыми негіздемеуден пайда болған. Ал, оны қарапайым қазақтың мақал-мәтелдерінде бабаларымыз түсіндіріп кеткен. Абайды дұрыс түсіне білген адам бұндай қателікке ұрынбас еді. Жаратылыстан адамзатқа тағдырдың жақсылығы мен жаманшылығы қатар тең дәрежеде өз қабілетіне, ішкі жасырын қасиетіне қарай төрт сөзбен, яғни есімдермен жазылады. Сол қасиет қабілеттерді шыңдап, сындарынан жеңіл, оңай және зұлымдыққа түскенде де Раббысынан кешірім алып, бақытты өмір сүру әрбір пендесіне жаратқаннан теңдей берілген несібе. Сондықтан кедейлікті, жамандықты жаратқан Алла, ал кедей қылып, күнә жасатып және ауру қылатын Алла емес деген емес пе Абай атамыз? Егер діншілер айтқандай тағдыр адамзатқа билік жүргізетін болса онда Алланың уәдесін теріске, жалғанға шығарып кәпір болды. Адамға берген халифалық осы тағдырды басқару қадірінде тұр. Аталарымыз тағдырды байлық деп; «Әуелі байлық ден саулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық» деп сандық жүйесі ғылыми негізін көрсеткен. Және «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген мақалдың өзі құран аяттары мен жаратқанның үкімін растап, тағдырдың адам баласының мінезіне, қылығына, істеріне тәуелді екенін көрсетіп тұр. Адам баласына берген негізгі сын өлім. Өлім – уақыт өлшемі. Ғиса пайғамбар осы өлімді қалай жеңіп, мәңгілік өмірдің үлгісін көрсеткенін енді діншілеріміз ашықтай, астарлы түре жалғанға шығарғанымен қоймай халықты да солай адастырып, ақыры ислам елдері тағдырдың тәлкегіне ұшырап жатқаны жуықта айқындалады. Адамзат тек ғылым, білімді меңгеріп, дін ғылымымен теңгеріп, ортасын тауып, өзіне керек пайда, зиянын өлшеу арқылы және түсінде берілген аманаттарға, оқылған аян-аяттарға зұлымдық жасамаса, қанағатшыл, сабырлы, ізгілікті болса, жаратқанның адамзатқа берген уәдесін, артық сыйын неге алмасқа? Барлық діннің мақсаты; анық пен танық ғылымдарын, яғни іргелі ғылым мен дін ғылымын меңгерумен өлшенетін болса ғана әлемде бір-ақ Тәңір, Бір Аллаға құлшылық етіп, дінде бөлшектену болмай, адамзат бақытты өмір сүрер еді.

     Қазіргі қазақтың діндегі, тұрмыстағы, саясаттағы еркіндік дегені жалған. Керісінше, қара зұлым күштердің құлдығына түсіп, қызмет жасатып, уақытша байлықтың дүниенің құлы болуды қалыптастырып жатыр. Рухани байлық деген ол салт-дәстүріңді тәрк етіп, жалаңаш-жалпы жүріп, ән-салып, ойын-сауық, тәнді шынықтырып қана жаратқанның бергенімен мақтануда емес, керісінше сол бергенді сын деп қабылдап, жасырын ұстап, орнымен пайдаланып, ішкі Құдайлық қасиеттерді дамытып, еңбекті, жанды дамытатын ерекше дарындылықтарды меңгеруде. Сонда ер де, әйел заты да сыртқы бейнесімен, сұлулығымен тәнін сатқан, әнін сатқан, күшін сатқан, пайда, ақша тапқан, дүние жинаған өнерлерімен емес, керісінше өмірге әкелген ұрпағымен және қалай қоғамға қажет дарынды ұрпақ тәрбиеленуімен, отанға берген рухани даму жолындағы еңбегі бағаланып, қоғамда өз орнын алуын, төрге шығарып марапатталуын қамтамасыз еткенде ғана адамзат арасында әділдік орнайды. Еркіндік саясаты керісінше байға тимей, жан ұя құрып өмір мектебінен өтпеген, өмірге ауру, нақұрыс, әлжуаз ұрпақтар әкеліп және оларға теріс тәрбие беретіндерді төрге шығарып, жат жұрттан келген сығандарды соттаушы, ақтаушы Құдайымыздай көретін әдетті, ойдан шығарған салтты өркениет қағидасына айналдырдық. Төле би атамыз; «Батырды екі қатынның бірі туады, ал биді мыңның бірі туады» деп бекер ескертті ме? Қазір батыр түгіл еркек баланың өзін әлжуаз қылып туып, қатын қылып тәрбиелейтін, көрінген сұқ көзді суарған, қырық үйі түгіл қырық жамау бір үйі де дұрыс емес қыз өсірген, жын-шайтанға тұрақты некеге тұрған, нәзіктіктен, әйелдік парасаттан жұрдай болған әйел затын төрге шығарып, еркіндік беріп, билікке де араластыратын болдық.
-Ақсақал енді осы жаңа заманның таразы, талқысына түсу үшін, көкжиекті көріп өскен сіздердің діншілерге түсіндіре алмай, сөздеріңізді сабырлықпен, уақыт тезінен талай сынбай өткен тектінің сынықтары және талағында биті бар ағайындар жеткізер деген үмітпенен әйтеуір жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды тауып тәрбиелей білген халық едік, талаптыға кездессе аталы сөз жерде қалмас деп шамам келгенше жеткізіп көрейін…

      Әңгімеге арқау тәмсілден; «Ілгері заманда жер басып жүрген әулиелер көп болса керек. Сондай бір адам құдаймен тілдесіп: «Құстардың, жан-жануардың тілін түсінетін қасиет дарыт» деп жалынады. «Ол неге керек» деп Жаратушы көнбейді. Аңғырт адам «Қызық көремін» деп жалынып болмаған соң Жаратушы Ие амалсыз тілегін қанағаттандырады. Нәтижесінде әлгі жан айналасындағы жаратылыстың тілін түсінеді. Бір күні есігі алдында дарақта қонақтап отырған екі шымшықтың сөзіне құлақ түрсе: -Ертең қожайынның сиыры өледі. Бұзауы жетім қалатын болды. Науасына салған жемінен нәпақа айырып жүр едік, енді қайттік?-деп отыр екен. Мұны естіген үйдің иесі сиырын базарға шығарып сатып жібереді. Арада біраз күн өткенде үйдің ашылған есігіне қос қарлығаш қонақтап отырып: -Жақында қатты нөсер болады. Мынау үйге найзағай түсіп өртенеді. Қабырғаға салған ұямызды қайттік?-деп шырылдайды. Бұндай жаманат хабардан үрейі ұшқан әлгі жан үйін жалма-жан сатып, басқа жерге қоныс ауыстырады. Жаңа қонысы көңілінен шығып айналасына, ауласына күтіп-баптап қарайды. Базардан сиыр сатып әкеліп, жемдеп байлап баға бастайды. Бір күні ауласында қайдан ұшып келгені белгісіз бір сауысқан: -Ұзамай осы үйдің қожайыны өледі, жемдеп бағып жатқан сиырын жаназасына сояды. Қан-жынға бір тоятын болдық,-деп шықылықтап жар салып жүр екен. Әлгі адам бұл сұмдық хабарды естіп, жан ұшыра Құдаймен тілдеседі. –О, Құдірет, жан-жануар мен құстардың тілін білетін қасиетті бекер сұраған екенмін! Келетін ажалды күні бұрын сұраған екенмін! Келетін ажалды күні бұрын есітіп қиналудамын!-деп жылайды. Сонда ұлы Жаратушы: -Істеген күнәңа орай басыңа шығын ауырпалық түскенде оны сиырыңа аударып күнәңді жеңілдетпек едім, сен сиырды сатып күнәңді ауырлаттың. Сосын үйіңді өртеп құтқармақ болғанымда қоныс аударып өзіңді ажал аузына тастадың. Егер әу баста сиырыңды сатпағанда барлық ауырпалық сол қарамен кетер еді де ісің алға басар еді,-депті.» Бұл мысал көп діншілердің тағдыр өзгермейді жазулы қалпында, адам баласы соған көніп намаз оқып жалбарына берсе болды деген жалпы исламдық надандыққа жауап та болады. Ал бүкіл елдің тағдыры да өткен ата-бабаларымыздың көкте өсірген бақшасынан берілген несібе сол кейінгі ұрпақтың хал-ахуалынан көрініп, осылай бес күнмен жалғанып отыру шарт. Сондықтан адамзатқа берілетін несібе тылсым сырының құстар тілі «құс жолынан» хабар арқылы заман тағдырының өзгерісі, сыйы беріледі. Оны Құранда адамзаттың ортақ несібесі 4-санымен «Ниса» сүресінде; «Ол қауымды (халықты) іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген нәрсесін үміт етесіңдер. Алла (Т) толық білуші, хикмет иесі.» (4-104) Араптарға ұқсас таза дін жолында соғысушы халық бар екендігі және олар нығметті басқа елден іздеп, негізінде өз іштерінен шығып, әлем күтпеген тосын сыйға ие болатынын ескерткеннен кейін, көптеген сахабалардың қазақ жеріне қоныстануымен және Арыстан бабаның арнаулы пайғамбарымыздың аманатын Ясауи бабамызға тапсыруын осы аят растайды. Сол нығмет «діни сауатсыздарға» ғылымның келіп, ашық кітаптардың ашылып оқыла бастауымен, яғни құс тілімен тылсыммен сөйлесу күтпеген жерден бақ болып қонып, арамыздан елші шығып, бірақ аманаттан қашқан сиыр егесіне ұқсап, қазіргі таңдағы болып жатқан және бар қазақты күтіп тұрған аяндармен, батамен ескертіліп әрбір пенденің таңбаланып, я бақ, я сор азаптың аузында тұрғанымызды көбіміз білмейміз.
Ештен қашанда кеш жақсы деген аталарымыз. Егер арамыздағы ел басшы, дін басшы, әкім қара, ғалымдарымыздың қазақ деген жүрегімізде қышадай иманы қалғандарымыз болса, тәкаппарлық білімпаздығымызды жеңіп, өнегелі үлкендерімізге құлақ түріп, өз салтымызға қайта алсақ «Адасқанның айыбы жоқ қайта үйірін тапқан соң!» деген ортақ пәтуаға шақырғанымыз деп қабылданса екен!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.