Надан- кім, Адам-кім?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 0

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Бұрынғы замандар болды елес,

Заманмен заманасы дәуір тең де емес.

Бұрын надан аталып білімсіздер,

Ендігі надан білімділер жүр кеңкелес.

 

Надандық ең зоры ғаламаты,

Ар жоғалып дүниенің бағасы артты.

Ел билеген ұры-қары арсыздарда,

Ағайыннан пұл құнды болып алды.

 

Ілімде «оппозиция» бұл надандық,

Ағайынды араз қылған ұждан қашып.

Ұлттық намыс деп атап даурығады,

Намыс-ар ғой сөз астарын ұғынарлық.

 

Жомарт емес деп билікке кінә артар,

Жамандық деп хабарын жұртқа жаяр

Ар, ұятпен, иманмен өлшеу білмей,

Надан емей немене бағасы дүние болар.

 

Баққан малы, еккен егін елге үлгісі жоқ,

Болмаса құдайға жағар дінннен бір ісі жоқ.

Сайлап қойсаң дүниені тегін таратпақшы,

Байқап тұрсаң жынды емес пе естері жоқ.

 

Жақсы болса сайлайық әділ, жомарт болса,

Құлшылығы болсын бірақ, әулиелік оған қоса.

Әулиелігі болса халық өзі-ақ таңдап,

Әлде халық біз түстік пе надандыққа?

 

 «Әулиелігі» болса жүр неге елді айдап салып,

Ағайынның арасын жік салу емес арлық.

Ызаланып көшеге шыққанша жындыларша,

Ғылыммен неге жазбасқа тыңдатарлық.

 

Төбелес, жанжал, айқай бәле жауып,

Әлемнің бар өсегін жинап алып.

«Оппозиция» өзін-өзі мақтағанмен,

Ғылымсыз, әулиеліксіз бұл тажалдық.

(ақпан 2014 жыл)

****    ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.