Намазды парыз дейді мұсылманға,
Ол намаз иман деген оқыла ма?
Мұсылманға иманды парыз деген,
Имансыз құлшылығың емес таза.
Иманды адам мақтана ма?
Оқымай намазын жүре ала ма?
Мұсылмандық дәстүрін сақтай білген,
Ақылы түзу болған есі барға.
Ақылың қырық жассыз тола ала ма?
Құдайдың тағдыры бұл жалғанда.
Иманның үш гүлін өсіре алмай,
Намаз оқып мақтанға алды жастарың да.
Қырыққа толмай, ақиретке аттанағанда,
Оқымадың намаз неге деп сұрала ма?
Мұсылмандық борыштарың өтелмесе,
Имансыз жүрек қаның тазара ма?
Мұсадай пайғамбардан сұрағанда,
Тілдесіп Раббыңа лайық ісің бар ма?
Оқыдым намаз деген сен үшін деп,
Жоқ деген ол өзің үшін, депті Раббымызда.
Садақа, зекет бердім сенің ризалығыңа,
Тазаруға деген бұл амалың ет пен малға.
Сен үшін оразаны көп ұстадым дегенінде,
Ол деген өзің үшін, қаныңды тазартуға.
Я Раббым онда маған енді намаз бар ма?
Риза ғып кірмек едім жаннатыңа.
Жүрегің жомарт болса қарсы аламын,
Жаннаттан орын беріп, деген Раббымыз да.
Намазды оқыдым деп мақтан қылма,
Имансыз намаз оқып, босқа қалма.
Ата-анаңмен, халқыңа қызмет қылып,
Иманыңды ізде шаршап еңбек қыл да.
Ар, ұятты, ақылды, мейірімді ақ жүректі,
Пендесін Құдай тағала жазалар ма?
Жаннаттың төрінен орын беріп,
Сүйікті құлы атап, рахметін шашар жолға.
(қараша 2014 жыл)