Саналы ерге сөз жұмбақ…  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 60

Кейбіреулер кету үшін туылған,

Уақыты жоқ қызық дүние қуудан.

Кейбіреулер қайта тумақ жаралып,

Құдай сыйы кімге қалай бұйырған?

Он теңге әйел заты сый алған,

Тоғызы бар бір теңгесі жоғалған.

Бір теңгесін күнде іздеген әйел көп,

Онсыз қалған байлығынан айрылған.

Шешер еді санасы бар ер болса,

Інжілден сыр ата-бабаң қалдырса.

Мұны білмей текті атап өздерін,

Мақтанған көп атын қазақ жаздырса.

Жұмбағы бар Шәкәрімдей дананың,

Тоғыз қатын, киімін тіккен баланың.

Тоғыз қатын толғатып бір ұл туыпты…

Жалғасы бұл жұмбақ ақыл сананың

Алты ай жүріп он қойды да алғаның,

Он күн жүріп жүз қойды бар тапқаның.

Дін ғалымы мұны оңай шешер ед,

Жалған болмай жүрек көзің ашқаның.

Әйелзаты үш астаумен ұн алған,

Ашытқысын үшеуіне тең салған.

Қамырлары ашығанда бірдей боп,

Санаң болса, бұл қандай сыр болған?

Жеті сабақ бидайың бар нәр алған,

Арпа ішінде бір бидайың аталған.

Әр сабақта жүзден болып дән салған

Саналы ерге бұл жұмбақ па сөз қылған?

(қараша 2014 жыл)

***   **

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *