Намазхан ақынға!

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 114

Атыңда тұр ғұрыптың,

Діннің қазақ  ырымы.

Құл болсын деп Елемес,

Қызылбастан салған жол,

Шариғат ісі жол емес.

Құдай ісін меңгерен,

Өзіңдей ақынға тең емес.

Масһабты алып ортадан,

Пайғамбардан ұлық қып,

Дәріптеп, атап тура жол

Масһаб ғылым жол емес!

Ғылым болса масһабың,

Оқыған намаз, қажылық,

Шариғат тура жол болып.

Соғыстырмай неге өз ара,

Иманы қайда меңгерген,

Көрсеткен уахи қазылық?

Мүміндік деген сол болса,

Құраннан алған кітабың,

Бірлігі болған намаздың

Ұғымы бөлшек сөз болса.

Төрт масһабың төрт жол ма?

Жолымыз сөзі Алланың,

Алла тағала өзі боп,

Төрт «тағаның» тезі боп

Бірлігі ислам осы  ма?

Бауырым Құл-Елемес,

Бөлек-бөлек Құдай боп,

Бірді төртке бөлдірген

Бұл Құдайдың сөзі емес.

Інжіл, Таурат білмесең,

Тек құранды біл десең,

Білгенің онда түк емес.

Аяты бар ашық Құранда,

Тәпсір, хадис сөзі емес.

Сауатсыз деп сөзіңіз,

Сынады Құл-Елемес.

Сыртын алмай ішін көр,

Жазғаным да көп емес.

Түзеп оқу қатесін,

Өзіңдей ақын құлдарға

Қиын деген сөз емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *