Иман және сенім

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 47

Лә иллаһа илла Алла,

Жаратқан өзі тәңір боп.

Мұхаммадур расулла,

Пайғамбар ислам пірі боп.

Исламның бұл сипаты

Табынған елші сөзі боп.

Сыйынумен бірі Құдайға,

Табын десең таза ақылға,

Діншіге бұл сөз ұнай ма?

Ойлансаң ақыл еркімен,

Намазы еді расулдың,

Сүнеті хадис бекіген.

Әдеті-ғұрпы халқыңның,

Үмметік қарыз аманат

Намазы ата салтыңның.

Іздеумен жердің есігін,

Аралап ойпат киенің,

Келтір деп ұлы иенің,

Аяттың көмес шешімін.

Құрбан шалып, қан шығар,

Аруақ болып еретін,

Дәметкен одан артың бар.

Тәуратпен берген үкімін,

Досыңды іздеп зиярат бар,

Құдайдың көріп шешімін.

Берді ме Раббың кешірім?

Білгің келсе кесімін.

Оқумен құран зікір сап,

Жеткізе көр деп мұңымды

Тілегін артар әулиге,

Ежелгі қазақ салты бар.

Масһабшы мұны қаламас,

Жындарды ырым қылумен,

Қостың деп шерік аралас,

Құлшылыққа дейді жарамас.

Пайғамбардан еді ескерту

Қылсаңдар ырым жындарды

Жаттап ал мейлі құранды,

Жүктелмей аруақ бос кету.

Мейлі ғалым, хазірет

Жүректегі мизан таразы

Болмаса рухтың бұл дәні,

Оқыған намаз тек сенім.

Иманнан бос құр қалады.

Мешіт салда, малың шаш

Құдайдың өзі бергенін,

Сауапқа ғана жазбақсың.

Ақылмен өлшер иманды,

Қанымен ата жиғанды,

Дүниемен сатып алмақсың?

Атадан қалаған аманат,

Жазылған хат боп тарихат,

Үмметік жоба ұлтыңның

Ерекшелігі болған шариғат.

Дінің жолы хақиақат,

Білім оның мағрипат.

Намазы оның ақиқат,

Құдайдың ісі түс көру,

Дәстүрі ұлттың жамағат.

Ағашы болған тегіңнің,

Шауқаты ата белінің.

Нәзіктің қырық үйінің,

Тазартпай ділдің, жерінің

Құрсағы болған бесіктің,

Салты мен ұлтың дәсүрін,

Ортасын ұстап дініңнің

Тазартып рухпен тіліңнің,

Бесігін қазақ тербетпей

Өспейді көктеп бұл егінің.

Ағашы өспей иманның,

Не пайда дінші намазхан?

Оқумен намаз мешітте,

Намазың жоқ қазылық.

Атаңның жолын терістеп,

Масһабым тура тегіс деп,

Атаумен парыз қажылық,

Орындамай мүмінің

Әділдік ісін қазылық.

Рухты жан деп шатасың,

Расулден көрмей шапағат,

Иманың келмес батасыз.

Сенім мен иман арасын,

Ажыртпай қалай аласың?

Шатастырдың және де,

Кітаптың құран парасын.

Көкте емес пе иманың,

Бес  парыз атап тура жол,

Адасып дінші барасың.

Пайдасы бар ма көктегі,

Жемісі көркем ағаштың,

Қолыңды босқа созғаның?

Тағдырын көрмей иенің,

Жаттаумен тәпсір не пайда?

Аруағын алмай киенің,

Серік боп ермей иманың,

Шейх боп атақ жиғаның?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *