Намазхандық пен патшалық

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 38

Заманы исламның өркендеген,

Патша екен дін заңын жете білген.

Түс көрген Раббысынан, аян алып,

Жолға шық хикметімді келсе көргің.

Ертіп алып уәзірін ерте шығып,

Уәлятын аралады, сырын бүгіп.

Патшамен, уәзір келді көпке тұрған,

Жиналып бір-бірімен сұхбат құрған.

Ортасында жатқасын адам өліп,

Сұрады көптен патша  тұрған  қарап.

Тұрсыңдар не себептен қызық көріп,

Көмілмей не қып жатыр мұнда өлік?

Бірі айтты мен бұны білуші едім,

Көрші боп бұл өлікпен тұрушы едім.

Ертіп келіп жас әйелді күнде кешке,

Таң атқасын шығарып сап тұрушы еді.

Кемпірі бұл еркектің болған кәрі,

Тиым салып бұл әдетіне жетпес әлі.

Күн құрғатпай жалғастырып әдетінде.

Шарабын және арқалап келетінді.

Маскүнем, зинақор ед өзі осылай,

Жазасын бұл кәпірге берді Құдай.

Артында мұны іздейтін баласы жоқ,

Кемпірі  құтылды енді сұмнан оңай.

Сұрады, бұл пенденің мекен жайын,

Ойлады патша бұлай жаратқанның,

Білдірген хикметі ме бұл жағдайдың,

Әлде сыны болғаны мен сынбайын.

Арқасына салып ап патша  өлікті,

Мешітке қала шеті келіп жетті.

Арулап иіс сумен жуындырды

Базардан мата әкеліп кебіндеді.

Оқытпай тұра тұр деп жаназын,

Уәзірге берді патша тапсырмасын.

Қарызы біреулерге болған шығар,

Жоғалтып кемпірі де іздеу салар.

Сен күзет осы жерде бұл өлікті,

Мен барып іздеп тауып мекен-жайын,

Араздасып қалсын деп кемпіріне

Баяндап ескертейін бұл жағдайдың.

Хабарын кемпіріне баяндайды,

Көргенін естігенін білген жайды.

Дайын деп, жаназасын шығаруға,

Бар ма еді  қарыздары деп сұрайды.

Кемпірінің көзінен жасы сорғалады,

Жылаумен шалын былай еске алады.

Мұратына менің шалып жеткен екен,

Құдайым ақ тілеуін  берген екен.

Таңданған патша сұрар сырын енді,

Сұрады нендей жағдай, немен өлді?

Кемпір де сабыр қылып демін басып

Мән жайын бұл өлімнің  берді айтып.

Базарда етік жамап, табыс тапқан,

Адалмен дүние мүлік жинап,

Қалдыруға мирасын кімге тастап

Кемпірмен екеуі ұрпақсыз өтіп жатқан.

Қалдырмасамда артымда жақсы ұрпақ,

Мұсылмандық қарызым түзеу әдеб.

Құлшылықтан қалсын деп бір ғибрат

Соғысқан  жамандықпен болған әдет,

Кешке ішетін үйге апарар шарабында.

Алатын маскүнемнен артық бағасына,

Ақшасын ұстатып үйіндегі жұбайына,

Табысын бергіздірген   бала-шағасына.

Және бір жезөкше әйелді ертіп келіп ,

Киіндірген, ыстық тамақ азық беріп.

Түнімен тәлім беріп дін шариғаттан,

Түсіріп дұрыс жолға  ақыл айтқан.

Тәрбилеп талай пендені түскен солға,

Жасырын бұл істерді білдірмейтін,

Арнаумен бар өмірін сауаб жолға,

Жұмсайтын бар табысын түскен қолға.

Қартайдың өле кетсең кім жерлейді?

Аманат артар арта қалған ұрпақ та жоқ

Кім сені өз өз пұлына киіндіріп кебіндейді.

Сақтаған кебініңе артық пұлың да жоқ.

Дегенде маған қарап күлуші еді,

Өле кетесем  мені патша өзі келіп,

Жаназамды шығарар, кебін беріп

Жерлемей не істейді деп сенуші еді.

Таң қалған енді патша бұл жауапқа,

Жаратқан махаббатпен қылып себеп.

Беремін есебін Құдай  бар сауапқа,

Көресің дегені осы сырын хикмет.

Оқушы діннен қандай білім ашты,

Бұл сырдың қандай хикмет ғибраты?

Тура жол намазы еді уахи көру,

Хикметін, құдіретін түспен білу.

Мүмінің бұл намазы  ұмыт болды,

Түс көріп, жори  білмей намаз оқу,

Құранды өлеңдетіп жаттап оқу,

Масһабта бес парызбен тура болды.

Атайтын  жас баладай риясыз ақ ниеті,

Патша деген киелі  ұғым деген текті.

Ертеде  хандар өткен ізгі, әділетті,

Патша ұғымы, әулиелік бізге жетті.

Шаруаны хандай білген әлімдер көп,

Қазақтың дін-дәстүрін меңгерген жоқ.

Мемлекет дінен өзге бөлек деумен,

Халықтың еге «Мен»-ін алғаны жоқ.

Құранға емес, сөзіне арап шоқынған көп,

Ата жолы, ата салты Құдай ісі қудаланып.

Басшыда діл, ақында дін майдаланып,

Ата заңым жарғы боп жеті, қаланған жоқ.

Япырмай ескеретін патша дана қайда?

Халыққа түсіріп сынақ, қиямет сағат,

Қанша жыл ашық Құдай көрсе де сынап,

Жансыз, ділсіз жақсылардан  болмад пайда.

Табалмасың енді қажы уахи көрген,

Аталып Мекке барып, есін білген.

Не пайда бес парыздық тура жолдан,

Жамандықты жақсылықпен кетірмеген.

Ғалыммен жақсы да көп халқымызда,

Аманат ата сөзі, ділдік уәде болып ұмыт.

Меңгермей ата жолын,  әдет-ғұрып,

Мүміндік дін дәстүрі қалды артымызда.

Ескірген өзге жұрттың, салтын алып,

Рухани тозды жастар, қоғамымыз,

Таңбасын тозған елдің теліп алып,

Үш тілді мәңгүт болу енді  ұранымыз.

Тарихат, мағрипатқа салып құлып,

Ханафилік жол болды құр сенімділік.

Рухты жан, сеніммен иман шатастырып

Ел басшы, дін басшылар қылды сұмдық.

Хикметпен аруақ білген патша қайда?

Құдайдан жақсы жаман білмей сырын,

Әулиесін «Басқа» атаумен, болып тиым,

Ділсіз Масһаб, дінсіз заңнан бар ма пайда?

Өскенмен жетіліп шаруа салмағымыз,

Намазын мүміндіктің түсін көріп,

Құдайдың хикметін, сырын біліп,

Ділді түзер патша болды арманымыз.

Болғанмен басшы, дінші хандарымыз,

Аталсаңда хазырет дін ісі, шариғатпен

Қолдайдамайды ата- баба аруағымыз,

Көрмесең  Құдай ісін хақиқаттың.

Дәуітпен, Сүлеймендей патша қайда?

Құлаған ұшақтарымыз аспан көктен,

Себебін қайғы-қасіреттің күнде өскен

Ділі таза кітабын көретін басшы бар ма?

Құр біліммен ой жору  бермей пайда.

Қиындығы қиямет күн келеді артып,

Елім десең ұрпағың болмасын мәңгүт

Қамыңды қыл, естіп уахи, өлімді ойла.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *