Алланың жүзі-назар(157)

Бөлім: Зікір өлеңдер 94

Адасып қайта жол тапқан,

Қателік емес шатасқан.

Дұрыстыққа бет бұрып,

Бұрыстықтан қалысқан.

Шатақ дінге ұрынбай,

Ой жорып тәпсір жамылмай.

Ескі заман жақсысын,

Құдайдай көріп нанғандай.

Өзгенңің салтын дін қылмай,

Атадан мирас бас тартпай.

Жеті ата тағдырға жалғанып,

Бір Аллаға жол таппай.

Аталар жолы дәстүрмен,

Ғибратын біліп әулие-әмбиден.

Құлшылығы болып Мен жанға,

Алты жаннан ұждан өсірген.

Дін ісін парыз орындап,

Шариғат базарын аралап.

Жолға шыққан жолаушы,

Бес қару мен азық ап.

Жолына Құдай жалғанып,

Жол-жобасын қолға алып.

Екі қол ісін тазартпақ,

Аянмен, уақи жанға алып.

Белгісін арыстық жинаған,

Тарихатпен құлы жалғанған.

Жеті қасиеттің  көздерін,

Тазарып табан бойға алған.

Төрт көзді алған түгелдеп,

Мағрипатты жете меңгермек.

Теңізге терең сүңгумен,

Інжу, маржан тергізбек.

Шындықты көктен келтірмек,

Дарабоз құл боп, ат мінбек.

Пыраққа мініп шарлаумен,

Әлеммен бір қуат бірленбек.

Толтырып ақыл сананы,

Түгелдеп сегіз жолдарды.

Құс жолына жалғанып,

Ақиқаттан алмақ хабарды.

Жердің де түсіп түбіне,

Раббылық бастау көзіне.

Жалғану қазақ дін еді,

Бір Алла деген Өзіне!

Ісіне Құдайдың сенімі,

Нанымы ұлттың бекіді.

Ниеті тірі байымас,

Қылмаса риза өліні!

(Қазан 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *