Нарықты жазғырмаңдар!  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 48

Нарық емес Құдайдан,

Сыны келді халыққа.

Еңбексіз жалқау маскүнем,

Әдетке залым салтқа.

Рахмет дегін нарыққа,

Келтірді қайта қалыпқа.

Кім шаруашыл өнерлі,

Шықты енді жарыққа.

Қанағатпен іс қылған,

Жолықты түбі балыққа.

Байлығына шоқынған,

Арамдарға жанықпа.

Құдайдың өзі түбінде,

Берерін есеп анық та.

Қызмет қылып нарыққа,

Дін дәстүрді ұмытпа.

Жақсылық қылып кедейге,

Жетімді жесір ұмытпа.

Білім ғылым меңгеру,

Өнерлі елден үлгі алып

Айналдыр енді салтқа.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *