Назданған аруақ тылсымнан!  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 197

Сай мен төбе бір болған,

Кедей байға жем болған…

(Бұқар жырау аруағынан)

****   ****

Екі күнің ұрланған,

Жете сана жоғалған

Әулие өзін пір қылған,

Біліммен ой жорыған

Сөз ұғымын ұрлаған

Арсыздықты дін қылған

Босағаңды төр қылған,

Төрге шыққан құл, құтан.

Жаныңнан қуат жоғалған,

Ақылдан білім оздырған

Үлкендік қасиет қонбаған

Әкім болды жастардан.

Кісілігің пұл болған,

Байлықпенен би қылған

Ата заңды жүн қылған.

Дәстүрің құр сөз болған,

Күнде жиын тойланған,

Қалмады үлкен ойланған.

Қыз, қатынды қүң қылған,

Әжелік қылық қыз болған

Шайтаннан жын қылған.

Етектен сана жоғалған

Еркектерді мас қылған,

Қызтеке сопыдін қуған.

Масһабты тура жол қылған,

Құдайшылдық жоғалған,

Аруағың ата жер болған.

Жеріңді сатып пұл қылған,

Әлемге жүр қол жайған,

Қараны түгел нұр қылған.

Өзіде нұрдан жаралған,

Құдайдан сөзін оздырған,

Мәңгілік жанды ұжданнан,

Көктегі жұлдыз «БІЗДІ» алған

Халыққа тарту сый қылған

Ел басқарды Нұрсұлтан!

Зиялың түгел жын болған

Атасын жолын соттатқан.

Ана тілін ұмытқан,

Арсыздыққа жақтасқан,

Орыстың тілін сайратқан,

Дін басшы шықты ар сатқан.

Шеріктерді жинаған,

Мешітерге қамаған,

Нәсілін орыс шақырған

Жұмасына қол салған,

Ібілістік бұл ұрпақтан.

Аруағың қазақ назданған

Лағнетін құдай сұратқан

Құтылар кім бар азаптан

Қазақты бүгін ант атқан!?

(Қыркүйек айы 2016 жыл)

***   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *