Талай қызға сөз айттым жанға батар,
Аз көрдім ұялғанын арын бағар.
Ұялсын деп ар білімнен мысал берсең,
Өзіңе қарсы болып сылтау айтар.
Ар деген ұғым деген салыстырып,
Әр заманның өз ары деп болмақ ғұрып.
Япырмау құран мынау, хадис анау,
Ата дәстүр шежірең болды бұзық.
Шын наданға құдай сөзі енбейді екен,
Шеменденген жүректерге тұрмас бекем.
Мас болғандар азабын қайдан білмек,
Иманын шайтандар ұрлайды екен.
Нәзік жан аталғандар әйел заты,
Жын қыры жіңішке әрі майысқақты.
Ер азамат сегіз қырлы болар деген,
Сегіз жын қуатын бір сырға бағынбақты.
Нәзік жанды, қылығын атағанды,
Бойы қалың, ар қабы жарық барды.
Күйеу жігіт рухани құрбан тоқты,
Жанға малым садақа деп аталғанды.
Рух пен жанның денесі ар-махаббат,
Махаббатпен жарық бойға қоршау болмақ.
Бой жарығы толықтың жанда қуат,
Мейірім мен махаббаты түгел болмақ.
Ары әлсіз жаулықсызда сөз жоғалмақ,
Сөз жоғалса қанынан ділі азбақ.
Етексіздің жарық үй, қазық болмай,
Тегінен нәзіктің ағашы қурап қалмақ.
Құмары, қылығы бәрі мастық,
Күлкімен қайырусыз өтіп жастық.
Жан жетілмей нәзіктер қаны азған,
Киесіз рухы жанымен тұр араздасып.
Арамның түбі ауру болар қайғы,
Бойы жарық жетілмей ар болмайды.
Ар жоғалса, денесіз жан жоғалып,
Алтау араз, төртеу түгел бола алмайды.
Қырық ошақ жан азығын дайындамақ,
Өз исі өзіне отын, жарық болмақ.
Ендігі сасық иіс нәзік емес тұрпайы боп,
Тұз жоғалып, жан өнбей ұлт жоғалмақ.
Шын арың арамсыз ақтан әдет,
Дененің киімі бұл болар зейнет.
Ар сауытың тұтас болмай арамданса,
Тағдырыңда сынағымен болар бейнет.
(Сәуір 2014 жыл)