Не қымбат не арзан?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 170

Нан қымбат, сән қымбат,

Қағаз қымбат, оқу қымбат,

Атақ қымбат, тақ та қымбат,

Көлік қымбат, киім қымбат.

Өле қалсаң жерің қымбат,

Үйленуге қызың қымбат,

Үлкендерге жастық қымбат,

Ұрыға қараңғы түн қымбат.

Жесірге бай қымбат,

Жетімге әке-шеше қымбат.

Байға ақша қымбат,

Сұлу сәндік қымбат.

Қатын еркек болу қымбат,

Кекшілге жұтатын қан қымбат,

Тоңғанға киім қымбат,

Зинақорға ләззат сезім қымбат.

Діншіге сөзі қымбат,

Ақындарға шабыт қымбат.

Бәрі қымбат бұл заманда,

Арзан бар ма бағалағанға?

Ең арзаны біл бағамда,

Арың түсті ең арзанға.

Баста ардың тоғызы боп,

Келген еді аманат боп.

Енді бастан ар жоғалып,

Ұятты іздеу болды зарлық.

Ар болмаса сана бар ма?

Мисыздарда ар тұра ма?

Жылы ұстамай ми тазарып,

Ойланатын бас бола ма?

Тоғыз қасиет болып,

Ашыған ми сау бол ма?

Он саулық басқа енбей,

Тоқсан сөзден тағдыр өспей,

Тәубе тоғыз қосыла ма?

Арың арзан ессіздерге,

Ессіз халық сөз біле ме?

Арды білген бара ма, сұра,

Бастың білмей ар қадірін,

Бұл сауалды ойыңа алма!

***  ***

Адамдықтан бас кетті,

Хайуандыққа көндіріп,

Рухын бастың өлтіріп,

Жалаңбастық қылдық әдетті.

Құйрық болды шаяндай,

Нәзіктер жатыр аянбай,

Шалбар киіп, май жинап,

Еркегін шағар шаяндай.

Байқамай сенбе құрбыға,

Қарашы басқа, құйрыққа.

Ақ жаулық салып басына,

Көндірші шариғат бұйрыққа.

Арсыздық жап етегін,

Жынысын қазық өсірсін.

Құйрық майын жандырып,

Адалдан болсын төсегің.

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *