Неке жайлы заңдар.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 155

Шариғат заңы бойынша ер адамдар әйел адамның өзі түгіл шашына да қарауға рұқсат етілмейді.

Ажырасу шариғат заңы бойынша 4 түрлі:

а) «банн» (мүлдем ажырасу)

ә) «ража» (қайта келу)

б) «хаал» (әйелі төлем төлеп ажырасу)

в) «мубарат» (бас тарту)

«Банн» яғни мүлдем ажырасу құқығына иелер:

а) 9 жасқа жетпеген қыз ажыраса алады;

ә) 50-60 жастан асқан әйел;

б) үйленген әйелмен ешқандай етек қатынасын жасамаса;

в) үш рет «талақ» айту. Әсіресе соңғысында әйелі міндетті түрде басқа біреумен некелесіп, онан ажырап, содан кейін ғана өз күйеуіне қосыла алады.

Ража`а – қайта келу. Күйеуі әйелін үйден қумайды, әйелі ашуланып кетіп қалып, қайта келеді.

Хаал – күйеуінен ажырасқысы келген әйел төлем төлеп, күйеуін ажырасуға көндіреді.

Мубарат – күйеуі де, әйелі де бір-бірімен ажырасқысы келсе, төлемді әйелі төлейді. Мұндай ажырасу ер адамның ұятсыз, әйелінің мүлкіне көз тігуші пасық екенін білдіреді.

Күйеуі өлген әйел 4 ай 10 күн қаралы отырып, кейін ерге шығуға құқығы бар.

Жазалау. Шариғат заңы бойынша жазалау 4 түрлі:

а) Кисас (көзге-көз, құлаққа-құлақ, қолға-қол, масқаралауға-масқаралау) т.б.;

ә) Құн (диа) төлеу яғни кісі өлтірсе толық құн, жарақатына қарай құн төлеу;

б) аналогия негізінде заң шығарып жазалау;

в) шариғат соты өз шешіміне қарай жазалау.

Қазақтардың өзіндік ерекшелікпен сипатқа ие болған елді басқару формалары, экономикалық жүйесі, рухани қажеттілігін қанағаттандыратын өнері, заңдары мен мінез-құлықтық кодекстері болған. Ұзақ дәуірлер бойы жазба мәдениеті мардымсыз дамыған қазақтардың ауызекі творчестволық дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе жас ұрпақты тәрбиелейтін үгіт-насихат жырлары, мақал-мәтелдері қандай мол, әрі қандай терең еді десеңізші. Бұлар тек құрғақ ақыл-кеңес емес, нәрлі де мазмұнды ғибадаттар. Бұлар құқықтық нормалар мен моральдық, саяси, мінез-құлық т.б. тәртіптерді өз ішіне жан-жақты қамтиды.

Қазақтар былай қарағанда, момақан көрінгенмен, егерде өзінің не отбасының намысына тиетіндей бірдеме істелінсе, онда қазақтар шыдай алмайды, қажет болса, намысқа шыдамай өлуге дейін барады.

Ежелден-ақ қазақтар үйленуге үлкен мән, маңыз берген. «От басы ошақ қасы» деп, отбасына ерекше мән бере отырып, сол «от басы ошақ қасының» беріктігін көздеген. Әрдайым «от басы» отбасы берік әрі тату-тәтті болса, сол жанұядан өрбитін ұрпақтар да жақсы болып өсетінін жетік білген. О бастан дұрыс таңдалған жанұя бұзылмаған. «От басы – ошақ қасын» бүлдіргендер, жанұяны сақтай алмағандар қоғамдық теріс пікірге ұшыраған. Сол себепті де революцияға дейінгі қазақ отбасыларының өте сирек болмаса, бұзылғандары кездеспейді.

Қазақ отбасы тек қана ер, әйел және балаларынан ғана емес, үлкен отбасыдан (патрономия) тұрған, яғни әкесі мен анасы, үйленген ұлдары, қажет болса үйленген немере-шөбересі, былайша айтқанда «ата балалары» бір болып, оларды үлкен әкесі басқарған. Оларды мұндай бірігуге мәжбүр еткен жалпы экономикалық мүдделері ғана емес, сол секілді қандастық-туыстық, намыс біршілігі деп ұғынуымыз қажет. Мұндай үлкен жанұя бірге тамақ ішкен, бәрі бірге маңызды үй мәселесін шешкен. Рас, енші алып, бөлек отау еткенімен, енші алып бөлінген ұлдары ата ақылынан тыс кете алмай, әке нұсқауымен жүріп отырған. Барлық тұрмыстық мәселелерді (мысалы өлім-жітім, көш-қон, қонақ күту, т.б.) әке шешкен. Өйткені үйлену оңай болғанымен, жанұя болу оңай емес, жанұя беріктігі, дәулеттілігі, көңіл-күйінің жақсы болуы бәрі сол «от басы – ошақ қасынан». Сол жанұяға деген сүйіспеншілік, туысқанға деген мейірбандылық, туысқандардың өзара мақсат-міндеттерін айқындап, жауапкершілігін, ұйымшылдығын арттырған. Мұндай отбасы оңайлықпен күйремеген, қайта ауызбірлігі нығайып, біріне-бірі таяныш болып, табалдырықтары мықты болған.

Үлкен отбасы болғаннан соң, әрине оның мүшелері арасындағы мақсат-мүдделері бір-біріне қайшы келіп жатуы мүмкін ғой. Бірақ мұндай кереғарлық мақсат мүддесінен асып кете алмаған, әрі ондай таласты мәселелерді бәрі ақылдасып, кеңесіп шешіп отырған. Өйткені «ақылдасып шешілген тон еш уақытта келте болмас», «Алтау араз болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді». Бұндай нақыл сөздерді әрбір қазақ жете түсіне білген. Әрине ата-бабаларымыз сөз қадірін біліп сонымен амал еткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *