Нұх қауымынан елдердің таралу жүйесі

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 106

     Құранда пайғамбарлар, елшілер туралы қайталанып отыратын аяттардың өзіндік құпиясы сол сүреде баяндалатын уақиғамен және соларға келген хикметтермен тығыз байланысты. Жалпы Пайғамбар деп арнаулы Кітап немесе ғылыми жоба-жоспар алған адамдарды айтады. Ал елші Алладан ерекше бір қасиет алып, халыққа жол көрсетуші және түскен кітапты растаушы адам болып,  ғайыптан киелік белгісі болады. Яғни «Киелі» деп ерекше қасиетпен танымал болып, бір жоспарды орындауға міндеттелген пенде. Пайғамбар  қосымша қасиеттер жүктеліп әрі елші болып келе береді. Ал елшінің бәрі Пайғамбар емес. Сондықтан пайғамбарлар жаны бір бұтақтан өрбігендер. Көп жағдайда халық арасында елшілер елеусіз болып келеді. Өлгеннен кейін әулие атанады.

     «Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден «Адам атадан» жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер әйелді жаратқан. Раббыларыңнан қорқыңдар» (Ниса-1) Негізінде ол кезде жер өгіз, піл тәрізді болған. Піл түйенің жатырынан бастап дамып, бүкіл денеге таралуы заңдылық. Адам ата қауымы 200 мың жыл өмір сүрген. Нұх пайғамбар Адам ата қауымымен 950 жыл өмір сүріп, кейін жер жүзін топан су басқан. Екінші ұзақ өмір сүрген пайғамбар Нұх.

«Негізінде онымен иман келтіргендер аз ғана еді, «Раббыларыңның тарапынан өздеріңнен, сендерге ескерту үшін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма? Ойлаңдар! Сол уақытта Алла сендерді Нұх қауымынан мұнан кейін орынбасар қылып, әрі тұлға жаратылысында артық қылды. Ендеше Алланың нығметтерін еске алыңдар. Әрине құтыласыңдар»(Ахраф-69) Нұх қауымы өсіп-өніп мыңдаған жылдар Ғад елін қалыптастырды. Ғад елі негізінен жатыр, емшек, кіндік тұстарын мекендеген әрине белгілері де сақталған.

Құранда апаттар белгісі Ғад еліне 3 елші 3 апат, сонан тараған елдерге 6 елге апаттар келіп, 12 елге бөлініп, сонан жер жүзінің халықтар санын құрайды. Ешқандай ескертілмеген елші келмеген ел болмаған. Біздің мақсатымыз қазақтар немесе қыпшақтар тегі қайдан шықты деп әзірше соған ғана тоқталсақ. Және нәсілдік қатынасты анықтап көрсек. Негізгі апаттар жиілігі мен сынақтар 950 жылдың аралығын алып отырған. Толық зерттелсе табылған қазбалар, Алтын адам, т.б. қай қауымға келетінін нақты есептеп анықтауға болады, Құран  аяттарында қай елдің қандай кәсіппен айналысып, одан қандай мемлекеттер тарады деген белгілер жеткілікті. Мүмкіндігінше анықтауға әбден  болады. Көп мәліметтерді қысқаша талқылап өтеміз. Жалпы Ғад еліне үш елші келеді. Һұд бірінші болып келіп негізгі оқиға болған жер Мәдине қаласының маңы болып қалыптасады. Одан бөлінгендер, Жапония,  Корея, Вьетнам, Қытай, т.б. кезінде Даң құс елі болып аталған. Рәс халқы болып Қытай, Индиялықтар бөлінеді. Сәмуд елінен Салих елші болып келіп, ол апаттан қалған елден негізінен Ибрагим Пайғамбар елі, Лұт елі, Мәдиян елі  тараған. Рәс елінен негізінен перғауындықтар шыққан. Ибрагим ұрпақтарынан шыққан Жүсіп пайғамбар мен Мұса пайғамбар бір ұрпақтан негізін алады. Лұт елінен аман қалған кемпір Ибрагим пайғамбарымыздың жұбайы болып келеді. Американың негізгі халқы «индеец» деп атау себебі негізінен «Ғад елінен» тараған Рәс халқына жатады. Сүлеймен пайғамбар барған елдер Қытай халқы. Сәбә (Индия) елі Түббағ елі. Сонан аман қалған қауымнан тараған елдер Египет маңындағы халықтар. Пирамиданы (мұнара) тұрғызған Қаман елі ұсталар болған, жынды түрлі сиқырды меңгерген. Мұнара жалпы  балшықтан күйдірілген. Оған Құранда дәлел бар. Европалық көп халық негізінен Израилдықтардан тараған.

      «Біз Израил ұрпақтарын он екі рулық топтарға бөлдік.Мұсадан елі су сұрағанда таяғыңды тасқа ұр деп уахи еттік. Сонда тастан он екі бастау су шықты да әр кім өз суатын білді»(Ағраф -160). Мұса пайғамбар ел аралап екі теңіздің қосылған жерінен бастап, сол 12 өзеннің шығуына себепкер болған. Тастардың, таулардың арасындағы жолдар сол уақыттарда пайда болған. Жалпы «Кеһф» тауының маңында өмір сүрген елдерден қыпшақ халқының негізі бастау алады. «Сендерден бұрын түрлі уақиғалар өткен. Жер жүзін кезіңдер: «Жасынға шығарушылардың соңынан не болғанын көріңдер» (Әли-ғымыран-137). Қай халықтың таралуы немесе тұрмыстық өмір сүру т.б. ерекшеліктерінің белгілері өзімізде тұрған жерімізде және жер бетінде белгілері бар. Жүрекке нәр кеңірдек асқазан арқылы көк бауыр мен қан болып келетін болса Қазақ елінде осы белгілердің бәрі табылады. Және жер ортасы түйенің жүрек тұсы болып келсе, жұлдызнама, медицина ғылымдарының Шығыстан шығу тарихы осыдан белгілі болады. Себебі өз шеңберінен көп ауытқымайтын орталық нүктелердің бірі болып саналады. Байқоңыр мен орыс «космодромының» бір ендік тіктің бойында орналасуы осыны аңғартады.

     «Қашанда адам баласына тура жетекші келсе, оларды иман келтіруіне және Раббыларынан жарылқау  тілеулеріне кедергі болған нәрсе, бұрынғыларға келген апаттың, өздеріне келуін тосулары (55). Раббың өте жарылқаушы мәрхамет иесі. Егер онда қылықтарының салдарынан қолға алатын болса, әрине оларға азапты тездетер еді. Дегенмен олар үшін белгілі бір мерзім бар. О, заман олар, Алладан өзге паналайтын жер таба алмайды»(Кеһф-58). Бұл аяттардан апаттың бірден келмейтіні, көптеген жылдар бойы ескертулер болып, яғни 950 жылға созылған. Себебі аятта: «Нұх пайғамбар Адам қауымының арасында 950 жыл тұрды» — деген. Бірінші кеме Қазығұртта жасалған. Оның орны Зеңгібаба үңгірінің рысытхана (жұлдыз үйі) қасынан табылған. Қазығұрт басындағы құрылыстың бейнесі Нұх кемесінің бейнесіне ұқсас болып, бірақ 1000 есе кіші деп дәлелдейді ғалымдар. Алғашқы су апатының ізі Қазығұрт тауында Адам  ата Хауана тасы (жердің алғашқы белгісінде) жоғарғы бөлігінде белгі қалған.

«Сол уақытта Алла (Т) пайғамбарлардан: Сендерге кітап, хикмет бердім,  соңыра жандарыңдағы растаушы Пайғамбар келсе, әлбетте оған иман келтіріп, әрине оған жәрдем етесіңдер! Мойындап ауыр міндеттерді қабыл алдыңдар ма? – дегенде олар: «Қабыл алдық!» деген, «Ендеше куә болыңдар мен де сендермен бірге куә болудамын» — деген (Әли Ғымыран-81). Яғни пайғамбарлар тегі бір жаннан Нұх пайғамбарлар ұрпағынан тарайды. Жанның басы әрине Адам ата болып саналады. Негізінен Нұх пайғамбар өз семьясымен және бірінші апаттан құтқарылған қауымды алып шығады. Екінші кеменің орасан зор болуы сондықтан. Себебі бүкіл жер бетінің нәсіл белгісінің саны сол кемеде болды. «Ақыр әміріміз келген заманда, тандырдан су келген қайнады. Нұхқа «Ол кемеге (үлкен кемеге, екінші кемеге, т.б. ұғым) әр нәрседен бір жұп және бұрын үкім етілгеннен басқа  семьяңды орналастыр. Әрі иман келтіргендерді де ал»дедік. Негізінде онымен бірге иман келтірген өте аз ғана еді (һұд-40).  Яғни бірінші апаттан құтқарған елдің өсіп-өніп сол елден аз ғана адам иман келтіріп құтқарылды. Әрі қарай Жуди тауы түйе құрсағына шамалас 2-ші дәрежелі тау маңына кеме тоқтап өсіп өркендеп Нұхтың баласы Һұд елші енді Ғад қауымынан апаттан құтқарған бөлігін Шығысқа қарай апарып орналастырады. Сендерден бұрынғы ғасырлар ақыл иелері, жер жүзіндегі бұзықтықтан тыйса еді? Бірақ олардың азын ғана құтқардық. Зұлымдық істегендер, берілген жоғарғы  тұрмыстың соңына түсіп күнәкар болды, Раббың халқы түзу болған кенттерді орынсыз жоқ етпейді».(һұд-117) Негізінен Ғад қауымынан бастап мұсылмандар осындай аз ғана топтан тарайды. Барлық негізгі мұсылмандар кіндігі Ғад қауымына тіреледі. Мекендеген жерлері түйенің құрсағы және кіндік тұстары. Негізінде Һұд елшінің құтқарған апат келген жері Мәдине жазығында орналасқан. Орта Азияға кіретін елдер осы қауымнан тарайды. «Һұдты онымен бірге болғандарды мәрхаматымызбен құтқардық та аяттарымызды жасынға шығарғандардың сенбегендердің артын үздік». (Ағраф-74)

«Еске алыңдар! Сол уақытта Ғадтан кейін сендерді олардың орынбасары қылып, жер жүзінде орналастырды. Ойпаттардан сарайлар жасап алып, тауларды үңгіп үйлер жасайтын едіңдер. Сондықтан Алланың нығметтерін еске алыңдар да жер жүзінде бүліншілік қылып жүрмеңдер». (Ағраф-74).

Бұрынғы Адам ата ұрпақтары сияқты дамып олардың жер бетіне қайта таралып, Алланың жандық сұрыптауымен өзгеріске ұшырауы осы Ғад қауымына келген апаттан кейін басталады. Жер бетіндегі халықтардың ұлттық саны мен Нұх кемесіндегі адамдар саны сәйкес келеді. Құранды зерттеу арқылы ұлттардың нәсілдік тегін, ерекшеліктерін, тілдік туысқандық тектерін анықтау арқылы қазіргі жер бетіндегі мемлекет мінездерін болжауға болады. Әрине тарихшыларымыз болашақ ұрпақтарымызға жетерлік ғылыми негіздер, есептер жүйесі Құранда қамтылған және құпиялар да жетерлік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *