Жаманы ойдың басыңда,
Сары сумен қосыла.
Пиғылым түзу десеңде,
Қарсылық қылар ақылға.
Көріп, естіп, ойланбақ,
Бастағы миды қозғалтпақ.
Сасық иіс сары су,
Теріске тұрар бұрмалап.
Тазармай иіс сасығың,
Өрісі болып басыңның
Иісі шығып сөзіңнен,
Тауысар майын шамыңның.
Жыланша қарап тесілген,
Қарашықтан нұрын өшірген.
Көзбен қарап еститін,
Жанынан қуат өлтірген.
Мойынды беріп қарсыға,
Перілік шығар жаныңда.
Тілмен жаққа сүйеніп,
Білім боп қазық ақылға.
Салмақтай алмай ауырды,
Күнә, деп ұғып шыныңды.
Түземей тілді күнәден,
Алмассың ақтап шабытты.
Ойран қып жанды жасытар,
Сөз жүйесін бұрғызар.
Күнәні жауып жасырын,
Шүлдірлетіп ой ұрлар.
Көпшілікке айтқызған,
Біліммен алып қосқызған.
Бөтен сөзін өзге елдің,
Шырмауық қып шырмаған.
Іштегі күнә шықпаған,
Орын тауып қайтадан.
Бөтен сөзден қуат ап,
Шерік боп жанға қосылған.
Күш алуға қайтадан,
Сыбыр болып шайтаннан.
Ауызбен нұрын өшірмек,
Шүлдірлеген көп надан.
Тазартпай басты жынынан,
Шайтаның өлмес қаныңнан.
Ар-намысың жалғанмен,
Таза ақыл тұрмас басыңнан.
Басқа бәле тіл деген,
Тоғыз кісі түрге енген.
Тілден шыққан улы ой,
Жылан болып тәнге енген.
Тоғыз санмен тоқтамың,
Кісілік сыры алғаның.
Жанның тоғыз түрі бар,
Тоғыз дәуір заманың.
Тоғызбен өлшеп иманды,
Тәубемен ойды алмағы.
Қырық тоғыз үнің бар,
Ғылымы сөздің таңбасы.
Ақыл-алты, ой –жеті,
Сөз өнері он үшті.
Ғылымды адам меңгерген,
Бірлігі діл, тіл екі есті.
Біліммен ілім ортасын,
Ақыл мен ойды қосарсың.
Өлшемсіз нәрсе жоқ,
Жұп, парсыз ұғым болмасын.
Дін апиын өндірген,
Атау сөзден үн өзгерген.
Шерік әскер көбейтер,
Арамза дінші тәпсірмен.
Адал сақтау бойыңды,
Одан қалды ойыңды.
Сын болғаны әрбірге,
Қисығына бұрмай жолыңды.
Түзулікке бет алған,
Тікеннен сөзді тазартқан.
Ана тілін діліңді,
Қарапайым сөзбен қорғаған.
Бір тіл деген жараттым,
Кедергісі екі болатын.
Аманатын нақыл бабадан,
Бақташылық сөзді бағатын.
Қорала малды зауық бар,
Құраннан аят ұғып ал.
Сөз малыңды күзетіп,
Тәубе қылсаң қуат бар.
Ой түбіне сүңгіген,
Теңізден інжу іздеген.
Ойшыл болар алайда,
Сөзден маржан түзумен.
Қиялмен ойға із кескен,
Тұңғиқа еніп сенделген.
Қиянатқа жолығар,
Біліммен бәрін өлшеумен.
Ғылымды білім, іліммен,
Адамдық, жанын көбейткен.
Перғауын білімсіз болған жоқ.
Болмады түсінік ілімнен.
Елу жылда ел жаңа,
Тіл білімі өнер ұзара.
Жүз жылда үнің өзгермек,
Ғылыммен ділді жаңала.
Адамдыққа бұл бір сын,
Ғылымды адам, әлде жын.
Мен жаныңды көбейтсең,
Жеті жанның болар күн.
(Наурыз 2019 жыл)
**** *****