ОЯН ҚАЗАҚ! АТА ЖОЛ КЕЛДІ ЕЛІҢЕ, ДӘСТҮРМЕН КІРЕР ЕЛІҢЕ БАҚ ПЕН ДӘУЛЕТІҢ!

Бөлім: Ата жолы кітабы №1 2

      Әулие-әмби назданып, ояншы қазақ балам деп, жер ана кетті қозғалып, Тылсымнан тау-кие үн қатты! Ат құйрығын бұлаған, Қол жеткен жерін сұраған. Егескен жауы жылаған, Қызыл тілін безеген, Найзасын тасқа егеген, Намысын жатқа бермеген, жесірін сипап басынан, жетімін түзеп жасынан, Ата мекен жер үшін, Атадан қалған аманат, Өткеннен қалған өнеге, Бас кессең де тіл кеспе, «Дат Қазақ!» деген билерден, Жүрекке жетсе қасиет, Тылсымнан жетті өсиет!
«Шексіздікте шекаралар бола ма? Болашағы адамзаттың қолда ма? Жаратылыс сырын ашу сұраққа, Надандыққа салу керек томаға.». «Адамзаттың мәңгілік бұтағы, Пенде менен аруақтан тұрады. Пенделердің ақыл-ойы, ниеті, Аруақтың бастау алар бұлағы!» «Мақсатсыз жан, талапсыз жан кемтарлық, Мақсат қойып талаптанбау жалқаулық. «Таудай талап» жазылыпты маңдайға, «Бармақтай бақ» болады екен қандайда.» «Мақсатым сол, имандылық елі деп, Кең тараса мұсылмандық діні де, «Алла» барын мойындаса қазағым, Биіктерден тапса екен тұрағын.» (Тарыбаев Қыдырәлі. 2-қаңтар 2001).

      Бұл ақ ұлымыздың ақ жолды қазақ елінде көшін бастап шыққандағы салған ұрандарынан үзінді ғана. Қазіргі таңдағы қазақ елінде болып жатқан дінді бөлшектеп бір-бірімен ата жауындай арпалыстырып жатқан оқиғаларды ары қарай ушықтырып, басқа мұсылман елдеріндегідей жаратқанның лағынетіне қалмас үшін; Отанға, жеріне, ата-баба аманат, салт-дәстүріне, ұлттық құндылық үлгілеріне деген жүрегінде от болып жанбаса да, титімдей жылу қалса тоңмойын, мен білемін жасырып, бірлікке келіп, ортақ сұхбатқа жүгінер және әрбір пенде өзіне сын көзбен қарап елдегі дін оқиғаларына бағасын беретін уақыт келді. Діннің бүтіндігі жоғалса елдің бірлігі түгіл жаратқанның несібесі тоқтап, арты қайғы-қасіретпен, қантөгіс оқиғалармен аяқталатыны ақылы сау адамға айқын нәрсе. Қазақ еліне бақ қонып, бірақ діндегі өзара сын, көркем сұхбатты шеттен келген «сығандар» қазақтың көп оқығанында болатын, қанға сіңген тәкаппарлық пен сыңар езулікті өз мақсатына пайдалана біліп, енді Құдайдың азап қылышының алдына басымызды өз еркімізбен ұсынып, шегінетін жер де қалған жоқ. Оған азаптың белгілері түсіп болды.
Өткенді сараптап қателіктерді ескеріп бойымызды, болмысымызды өлшеп, сынап, кемісін түзеп, жаратқанға жалбарына білсек Алланың рахымы шексіз екені ақиқат. Онда бүкіл қазақтың жасын да, кәрісін де бей-жай қалдырмай, талайды ұйқысынан оятқан, қаншама мәңгүрттенген қазақ пен басқа ұлт өкілдерін де таң қалдырып, артынан қазақтың «данышпандарының» ызасы келіп соттатып, қудалатып тоқтатқанымен бәрібір діншілердің мазасын алып, ұйқысын қашырып, жалғасып жатқан «Ақ жол» болып басталып «Ата жол» деп діншілер пайымдауымен «секта» аталған кімдер? Дін бе әлде адам баласының ойынан пайда болған табынушылықтың түрі «шерік қосушылар», яғни «кәпір, мүшіріктер» ме? Егер Мұхамметтің үмметіміз деп мойындап тілінде кәлимасы, аузында біссимиллясі болса дәреті түгіл, арам жеп жүрсе де діні «мүшіріктік» болуы мүмкін емес! Шариғат заңымен оны айтқан діншінің өзі кәпірге айналады. Ал пайғамбарды куәлікке тартып, арамнан тыйып, халықты жақсылыққа, ізгілікке, бірлікке шақырып, соған байланысты дінге зиян келтірмейтін хайыр жасағандарды «секта» немесе «серік қосушы», яғни діндегі өтірікшілер деп атағандар онда өздері діннен шығып «серік қосып» Алланың аяттарын жалғанға, өтірікке айналдырған зұлымдық жасаушы, залым дін бұзарлар, ортақ қосушылар болып табылады. Бұл тұжырымдарды өтірік десеңіз Құранның қазақшасын бір ғана оқып қоймай кемі үш-төрт жыл үзбей оқып көрсеңіз ғана түсінігі ашылады. Қош, енді «Ата жолының» тамыры негізі Адам-атадан бері қаланып, қағидасы Зәбурмен «құс тілі ғылымы» болып бекітіліп, бүкіл қағидасы Тәурат пен Інжілде жазылып, жаратқанның бұлжымас үкімі екенін нақты дәлелдермен болашақта кітаптармен қазақ елі емес бүкіл әлемге жариялайтын ғылымы бар екеніне әзірше уәдемен ғана шектелеміз. Уәде Құдайдың аманаты екенін ұмытпаңыз дінші болсаңыз.

     Әрбір діннің негізі киелі кітаптар мен болашаққа берілген құпиялардың заман жетістігіне, адам жанының біліммен кеңіп, сыйымдылығының да артып, сол айқын түсінікті болған аяттардың, шариғи үкімдердің бәрі қарсылық күнәні туындататынын, яғни әрбір айқын болған аят, шариғи заң күнәнің ғана түсінгі болып табылатынын дінші түгіл білімдімін деген ақылы сау азаматқа да анық нәрсе. Енді соған байланысты кішігірім мейлі секта болсын қандай да болсын топтар басшыларының, ескертушілерінің жол-жобасы, нұрландырушы кітабы, яғни күнәдан ақталу қағидасы болу керек. Қазақ елінің діннің қазығы мешіт болып, үкіметімізде заң жүзінде бекітіліп, әлемге өзіміздің ұлттық дінімізді таныстырудамыз. Олай болса Шейх, Хазірет және дін ғалымдарының дін туралы, күнә және ақталу туралы пәтуаларымен жете таныссақ қазақ елінің діннің толық бағытының нұрландырушы кітабы «Ханафи масхабы» болу керек. Халыққа таныстыруға тиісті дін ғалымдарының, тән, жан сүннеттелуін, рұхтың тазару, жетілуін қамтамасыз етіп, адам өмірінің тал бесіктен жер бесікке дейінгі тағдырының жобасы Ханафи масхабының «Құраны» болу шарт. Сол кітап арқылы елдегі дін заңының қадағалануын, бұзылмауын қадағалап, үкіметке ұсыныс беріп отыратын мешіт дін ғалымдарына бағынуымыз шарт. Осы тәртіппен енді еліміздегі әрбір діни топтар, секталардың көш басшыларының сүйенетін «Құраны», яғни ақыл кітабы «Сәниі» болса, оны негізгі киелі кітаптармен салыстыра отыра және ғылым жетістігімен адамзаттың жанына қандай шабыт, қасиет, ізгілік, мейірімділік, өнер, еңбек ету қабілеттерін сіңіре алатынына немесе керісінше зиян беретініне қарап елге пайдалы, пайдасыз дін тобы екенін анықтаймыз.
Бұл сараптаманы халық емес несібесі артығымен беріліп сыналып жатқан ел басшылары мен ғалымдар, теолог, психолог, ғұлама данышпандарының ортақ мәжілісі шығаруы керек. Және халықты пәтуалармен таныстырып өзара баспасөз беттерінде көркем сөз пікірталастар мен халықтың ой-пікірі де ескерілуі керек. Себебі аян, түс, уахи деген өмір талаптарына, жер бетінде діннің дамуы, кемелденуін, жаңадан үкім, бұйрық уахилардың түсуімен нәсілдік белгілердің өзгеріп, қасиетті ұрпақтардың және кенеттен келетін сынақтардың қайталануына қарай халықтың арасында да қасиетті елші, ескертушілер пайда болатынын ескеру жаратқаннан берілген өзгермейтін діннің үкімі, парыз!

     Шындығында қазақ елінде осындай жаратқанның ескертулермен және Құран аяттарының жаңадан сырының оқылуын, аяттардың құпиясының заман өзгерісіне қарай ашылуын, соған байланысты күнәлардың кешірілуін, хикметті істердің сырын ұқтыратын пәтуа шығарып, дініміз дамып, ғылыммен сәйкес дамуда ма? Қарапайым сауаты бар қазақтың оңай көзі жететін дін ғалымдарының «философиялық» кітаптары бар ма? Бірақ бір ескеретін жағдай қазақтың қазіргі ата заңы бойынша барлық дін туралы басылымдар міндетті түрде пәтуа беруші мешіт арқылы ғана бекітіліп барып басылымға шығу керек. Болмаса жарамсыз, дұрыс емес, дінге қарсылық деп табылып үкімет тарапынан заңмен қудаланады. Яғни, мешіт пәтуа берушілерінде пайғамбарлық қасиетті меңгеріп Құдайдай әділ, білімдері барлық тағдыр өзгерісін қамтитын шексіз деген ұғымды білдіреді. Сондықтан тек мешіт пәтуасымен жүру керек деген бұйрықтың түпкі мағынасы қазақ елінде сыртқы болмысы дін еркіндігін қалыптастырғанмен белгілі бір топтың мақсатына мүддесіне жұмыс істейтінін көрсетеді. Демек қазақта; Мешіт діндарлары пірің болып түсіңе кіріп, қателіктеріңді көрсетіп, тағдырыңды түзеп, Құдайдың ісін атқарушы, болмаса құдайдан былай емес. Діни «плюрализм», сөз еркіндігі қазақ дінінде мүлде жоқ, керісінше «діни цензура», ішкі ой-еркін шектеу қалыптасқан. Бұндай жағдайда құран аяттарына, пайғамбар өсиеттеріне ортақ қосып, қазақ дін ғалымдары кәпір болды деген ұғымды білдіреді. Қазақ елінің үкімет басында дін істерін қадағалау және бақылауға бұйырылған әкім қаралар арқылы мақсат мүддесін анықтайтын халықтың мүддесіне, мәдениетіне, рухани өсуіне қаншалықты үлесін қосатынын ғылыми сараптан өткізіп, бағасын бере алатын бірде-бір мамандары болмай, діннің мешеулігі қазақ елінің қазіргі таңдағы ішкі дін аралық қақтығыстарынан айқын көрінеді. Тек сыртқа жүнімізді қампайтып мақтанғанмен түбі тарих алдында, өсіп келе жатқан ұрпақ алдында ақиқат ақталып, надандық істерге жауап беретін уақыт та таяп қалды.

     Біріншіден; қандайда бір дін тобының ішкі рухани сырын олардың амалдарын орындау және негізгі киелі кітаптар насихатымен салыстырып зерттеу арқылы анықтауға болады.

     Екіншіден; ғасырлар бойы қалыптасқан әр елдің тарихи оқиғаларға, сынақтардан, ауру-індеттерден, шаруашылықты басқару, тылсымнан қара күштің күнәнің әсерлерінен қорғану іс-шаралары ата заңы болады. Ол заң ел дінінің ірге тасы әдет-ғұрып, салт-дәстүріне келтіретін пайда, зиянына байланысты сарапталу керек.

     Үшіншіден; діннің ғылыми бағытын, даму барысын анықтау яғни тақуалық, сопылық мәнін, дәрежесін анықтау үшін жаратқаннан ұлықсат етілген әмір иелері; ислам діні бойынша шейх, хазірет, сопы немесе теолог, психолог мамандары жаратқаннан аян алу арқылы киелі кітап ғылымымен салыстыра отыра ортақ пәтуа жасауы керек. Қандай дінге де болсын көш басшысының жеке алатын аян, уахи, түс көру кітабы, құл қожалығы болып, соған байланысты еңбегі болмаса, онда жалған әмір иесі, яғни адастырушы болып есептеледі. Бұл аталарымыздан әулиелік, пайғамбарлық дәуірлерден келе жатқан дін ұстанымымыз. Және оның да жас мөлшері, яғни қырықтың қырқасынан асуы керек, болмаса ақылы толмаған және шайтанның ықпалына түсу қаупі сақталған, себебі еті тазарып, нәпсісі пісіп, діні кемелденіп қалыптаспаған болып саналады.

      Мешіт діншілерінің ұсынған жолы; тек намаз оқып, бес парызды өтеумен үйлерде отырып алып иманды, ақылды шақырып алу. Және тек арап еліне барып бір-екі рет «Умра» қажылық жасап келсең тақуа және тура жолдасың дейді. Бұндай жалған нанымды дін тәкаппарлығы деп атайды. Ал рухани болмысы, мақсаты ақиретте намаз оқу арқылы сыртқы күнәдан тазарып жаннаттық болу. Бұл құран және басқа кітаптардың ақирет заңдылығы, дін ғылымына мүлде қайшы, қате және үлкен адасушылық. Сондықтан қазақ елінің жалпы дін ұстанымында ішкі ой-еркі шектеліп тек сыртқы қылықтық бейнесі ғана қалыптасқан. Ой-еркін шектеп белгілі шеңберде құлыптап ұстаудан жан өсіміне рухани азық тоқтап, адам баласының басқа тәсілдермен рухани азық іздеуін туындатып, діни топтарға бөлшектелуді ғана қалыптастырады. Осындай рухани жетімсіздіктен пайда болған бос орындарды толтыру мақсатында қалыптасқан қазақ жеріндегі көптеген тақуалық ағымдардың ең үздігі деп есептелетін және түркі елдеріндегі дәстүрлі діннің барлық қағидаларын алуға тырысып тақуалық, сопылық негіздерін жалғастырушы және Ханафи масхабын жетілдіруші топтардың бірі; «Нақшпандиліктер» намазбен қоса сұхбат, игілік, сабырды меңгеру арқылы тақуа, сопылық жолдамыз деп намазды, зікірді өздерінше жетілдіріп орындаған болады. Бірақ құран насихатын меңгеруді, білімді тек ұстаз «пірлерінің» нұсқауымен ғана жүру керек деген ұғыммен, жолдан тосылған мақсаты бұлыңғыр, кемел адам қалыптаспайды. Себебі ұстазға табынғанмен ем-шипа, тазару және рухани өлімменен оятатын жеке құпия аян кітаптары жоқ, сондықтан тек ұстаз пәтуасына ғана жүгініп «құдайдай» көріп шоқынушылықты қалыптастырған. Құранның әрбір үкімінің сырының ашылуына аянына табынбаған, зерделеп пайғамбар сүннеттерімен салыстырып және жаңадан түскен, оқылған аяттармен дамытып өзара пікір, ғылыми өзгерістермен, шабытпен, біліммен жарысып отырмаған қандай да бір топ адасып тақуалық дәрежелердің бірін меңгергенмен, дін ғылымының дамуынсыз Мұса пайғамбарымызға түскен жеке кітап жынды бағындырып, бақсылық істерді меңгермей, сопылықтың ауылына жол түгіл із де таба алмайды. Жалпы қазақ діншілері бойынша біз тек Ханафи масхабымен ғана жүріп намаз оқып қана күнәден ақталуымыз керек, құранды тек арапша білетін тілмаштардың түсінігімен, тәпсірімен ғана жүріп құранды жалпы көпшілік болып ортақ оқитын аударма да қажетті болып есептелмейді. Сондықтан дін ғалымдары қазақ тіл ғылымынан, сөзді тұрақтандыру «философиядан» қорғап, Абай-Шәкәрім еңбектерін түсінбей, қазақтың терең даналық сөздерінің ұғымдарына бойлай алмаса да өздері тікелей жұлмалап аударып тәпсірлейді. Олай болса дін аудармашылықтарында ғалымдық жоқ, мақтампаздық, тәкаппарлық қана бар. Дінде Құран аудармасының ортақ кітабын, жалпы халықтық үгітін мойындап қалыптастырмақ түгіл; егер «Інжілді, Тәуратты білмесеңдер түк емессіңдер» деген құран аяттарына ортақ қосқанымызбен тұрмай; «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (13-7) Осындай әр елге жол-жоба түсіремін, сонымен сыналасыңдар деп те ескерткен аяттарды жалғанға шығару Аллаға ортақ қосу үлкен зұлымдық және діншілер тарапынан халыққа жасалған залымдық. Ханафи атамыз да масхабта қазаққа жол басшы болуы мүмкін емес. Себебі арнаулы берілген мұғжиза, құран сырын, ғылымын ашқан қосымша кітабы да жоқ. Ол ислам елдері үшін ортақ құлшылықтың намаздарды оқу және намаздарды орындаудың таза үлгісі. Бірақ тек Ханафи масхабының шешімдерімен намаздарды толық орындау мүмкін емес. Себебі екі арадағы діннің «пассионарлық» даму кезеңін, үн, таңба, мәдениет, ғылым, білім жетістіктердің және соған байланысты күнәнің де жүздеген есеге көбейіп, тылсым қара күштерінің өсу заңдылығын қамту мүмкін емес, ақылға да қонымсыз. Олай болса бұл ұстаным дінді бөлшектеп, сананы өсіру түгіл халықтың рухани тұрақтылығын да қалыптастыра алмайды, заман ағымына, ойлау өркениетіне ілесе де алмайды. Қазіргі жас баланың ойлау дәрежесін сол кездегі ғұламалар дәрежесімен салыстыруға болады. Сондықтан дін ғылымын дамытып құлшылықтың ірге тасын қалаушы ұстаздардың бірі ғана. Қазаққа берілген мұғжиза кітабы бар жол басшы Әзірет Сұлтан Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз. Бірақ оны түсіну үшін Ханафи масхабымен намаз оқып бес парызды ғана орындау ширегіне де келмейді. Алла жолында өзіңмен, нәпсіңмен соғысу тәсілдерін, шипагерлік, ғалым-сопылық, яғни іргелі ғылымдардан хабардар және астарлы сөз құпияларын меңгеру үшін періштелермен құс тілінде сөйлесіп, көктегі ақ бұлақтан сусындау керек. Құранда; «Көкте жеті жол және өздеріңе кедергіні асуға екі жолды көрсеттім» дейді жаратушымыз. Олай болса адамзатқа берілген бүкіл діндер осы тоғыз жолда тоғысу шарт. Міне осы жолдың алғашқы қарлығашы «Ақ жолдың» жолда іздеп жүрген данышпандарға емес қарапайым адасқан, тәніндегі сөз жолдары жабылып қайғы-қасіретке түскен халықтың арасына келуі және оған өз арамыздан елшінің тағайындалуы пайғамбарларымыз, періштелер армандаған мұғжиза еді. Осымен қатар түрлі ағымдардың бас көтеріп бірінде құпия зікір, бірінде айқай зікір, бірінде пікір, бірінде үшкір, бірінде құр айқай, бірінде бата дегендей Шәкәрім атамыз ескерткендей; « Жардың шашы сансыз көп, Мен жарымды таптым деп, Бір-бір талдан ұстап жүр.». Дінге керекті барлық дұрыс та, теріс те белгілер қазақ жерінде тоғыз жолда «жібек жолы» болып тоғысты. Сол жіптерді жалғап, өріп, кемісін толтырып, біріктіріп кетігін жамайтын мешіт дін ғұламалары болып, ғалымдарымыз ат салысып, үкіметіміз қолдағанда тура жолдың заманға, өркениетке, ғылымның үдісіне сай бейнесі қазақ жерінде қалыптасып әлемге әйгілі елге айналып бақ қонған халық болуымыз керек еді. Ақ ұлдың ата жолының негізгі мақсатын көрсеткен жол басшылық ұстанымын көсеткен «Өмір баспалдақтары» кітабынан «Тәрбие талғамы» деген өсиет өлеңінен үзінді келтірсек; «Елін сүю дәстүрі жоғалмаған, Ар-намысы қазақтың мәлім маған. Алдауға да көнетін аңқау халық, Ар-намысты таптауға бағынбаған. …Ешкімнен кем емессің, басқадан, Ғарышта да қазақ тілі сайраған. Елі үшін алыстарға жол салған Қаһарман Тоқтар, Талғат-сенің ағаң. Бойынан тәубашылдық арылмаған, Адалдық ақ ниеттен жаңылмаған. Кеңдігін қазағымның паш ету, Мақтан тұру аманат саған, балам. Мақтан тұт, кең байтақ жеріңді, Мақтан тұт, ұлы баба тегіңді. «Жақсы сөз-жарым ырыс» ескіден, Ақталсын ата жұрттың сенімі. Қадір тұр ана тілі, қасиетің, Елің менен жеріңді сүйіп өткің. Ата дәстүр, Ата жол сапарында, Атағын «Ата қазақ» биіктеткін. … «Елдің атын ер шығарар» біліп ал, Ар-намыс та адалдыққа табынар, Жақсыңды асыр «өмір» атты тірлікте, Бар ғаламат бір Аллаға бағынар. Үлгі тұтар ата тегің, алыбың, Жақсылықты жалғастыру парызың. Күш-қайратты, ар-намысты биіктет, «Қазақ елің» алтын бесік, қазығың!.»

      Осы шағын жолдарға ғана қазақтың салт-дәстүрін сыйғызып елді бірлікке, асыл дінімізге шақырған азаматтың артына шырақ алып түскен «кәпір, секта» атап, халықтың арасына іріткі салғандар кімдер? Әлде Құдайдың құрығы жетпейді, жастар жетіліп, ертең ұрпағым өзі бетіме түкірмейді деп ойлайды ма екен? Енді оған кім зұлымдық қылып, қазақтың керуен көшін тонап, Құдайдың сыйына кімдер қарсы шыққан? Бұған кінәлі тек мешіт діндарлары десеңіз қателесесіз. «Біріңді қазақ біріңді дос, көрмесең дүние бәрі бос» деген Абай атамыздың сәуегейлігі келді. Оған негізгі кінәлі бақты бағалай білмеген ақ жолдамыз деген біздердің де, араға кірген шайтанның қызметшілері ұраншылардың да үлесі бар. Сондай енді талпынып сынақтар арқылы өзін түзей бастаған елді «діни сауатсыздар», арап тілін білмегесін дінді білмейді деген түрлі мікір-хайла, өсек аңдушылар арамыздан осындай шариғат түгіл адамдық, ұлттық арсыздықтардың ұраншысы шайтан сыбайластарын тауып алды да соларды үлгі қылып жазып, халыққа қайта-қайта көрсетіп әйтеуір дегендеріне жетті. Өз көмекшілеріне сенім артқан аңқау ел басшымызды алдап түсірген шайтанның басшыларының араларында жүргенін әлі кезге дейін білетін көретін де емес елдің сенім артқан әкім қаралары.

     Енді осы себептердің кейбіреулерінен ғана мысалдар беріп, жалпы тарихтың бағасын болашақтың үлесіне қалдырайық. Мұғжиза қалай басталды? Ақ ұл кім? Бәйгеге түскен тұлпардың жолын тосқан, балтасын жасырған «Батыраш пен Қотыраштар» кімдер болды? Бұл жағдайдың нәтижесі қалай болады? Болашаққа не істегеніміз абзал деген сұрақтарға қысқа тоқтала кетейік. Осы болашақтың керуенінің көш басшысы болып танылатын «Ақ ұлымыз» енді иманы жолдас болғай; Қыдырәлі Тарыбаев Момбай ұлы Ұзынағаш ауданы Жамбыл ауылында туып өскен азамат. Балалықтың да, жастықтың да кезеңдерін бірге өткізген жолдастары алда өмір тарихы, осындай қасиетке қандай сынақтармен жаратқанның жетелеп әкелгені туралы болашақта жаза жатар, әзірше осы қазақ жерінде жұлдыздай жарқ етіп өткен қысқа ғұмырындағы істердің ғана сыртқы бейнесіне куәлікте ғана бола аламын. Ақ ұлымыз осы ғұмырының жаратқаннан берілген тағы бір сый шабыттың пырағына мініп, ақ жолдың негізгі ұстаным қағидасын және дінге өзінің көзқарасын өлеңмен бейнелеп кетіпті. Ол кітапты «Өмір баспалдақтары» деп атап ата жолының ішінде ғана таратылды. Әлі алда жалпы халыққа таныстыратын, дін ғалымдарының талқасына, талдауына түсіп бағасын беретін күн де жетер. Өмірінің жастайынан жетімдік пен тағдырдың қатаң сынына түскенін «Жалғыздық» атты өлеңінде; «Жаға» болған ағаны да көрмедім, «Кең тынысты» ініден де сезбедім. «Жалғыз» қылып жаратқанда құдайым, Кім жасауды мына менен көздедің? Жастайымнан жетімдіктің сүрлеуі, Көпшілікке көпшілдігім үлгі еді. Ауыртпалық қаршадайын тосқанда, Кім болуды мына менен көздеді? Жан айқайын жалғыздықтың сезгенде, Сорлы жанның кейпіндемін шерменде. Жақын жаннан опасыздық көргенде, Аруаққа дау айтамын, өлгенге.».
Бұл жолдардан жастайынан жапа шекен уақыттарында тылсыммен, аруақтармен сырласып өскендігін, жаратқаннан берген ерекше қасиеттің осындай үлкен сынақтардан өту арқылы қонғанын түсінуге болады. Оны да мына жолдармен көрсетіп кетіпті: «Жетімдіктің сүрлеуінен өткізіп, Бойымдағы қайсарлықта баб тапты. «Жалғыз» қылып жаратқанда құдайым, Арқа сүйер пенделіктен сақтапты. Уақытша «жалғыздығым» сынақ бұл, Мақсатымда қолдап шығар халық тұр, Жүректегі жаралар да жазылар, Жанашырлар, жан достарым табылар.» Ақ ұлдың жанында талай достар да, атаққұмар ішкі есебі бар жандайшаптар да көп болды. Бірақ осындай жалпы адамзатқа келген үлкен көштің жүгін қоса көтерісетін атына заты сай, жамандықтан тосып, ақиреттік білімді меңгерген жан достың болғанын мен көре алмадым. Керісінше дүние тіршілігінің қызығы мен шәкірттер арасындағы әртүрлі бас араздықтар, дүние қоңыздық, жалған бәсекелестікті қалыптастырушылар ғана достары болып, тылсымнан келетін негізгі құпия ақпараттардың тоқтап, жүректің жабылуына ғана үлестерін қосты. Ал осындай тығырықтан шығаратын ақыл беретін дін ағалары мен әкім қаралары керісінше жағадан алып жерге тығудың ғана айла шарғыларын жасағаны ақиқат. Бұл жолдың қалай басталғанын; «Түс көрдім бірде, балалық өткен сол баққа, Мұражай үйдің артына таман сол жақта…Бейнесін көріп жүз жасаған атамның, Жолбарыс көзін көргендей болып жатамын. Сыры да неде, ұғымы неде-тұңғиық, Түсінбей мен де тылсымға сұрақ қатамын… Бабамның берген батасы шығар бәлкім бұл, Түсіндім бірақ-«Батаны бала таптама!»… Бастайын Ата жолды туған елден, Ұл болып, кіндік қаным тамған жерден. Уақыт сыншыл болсын,-әділ қазы, Қолдашы қызыл жолбарыс, аян берген».
Бұл жолдардан тылсым сыры; Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымызға берілген таулардың үн қосуымен аң, құстардың ғайыптық бейнесі «киенің тілі», яғни құс тілінің үйретілуімен және үшінші көздің «жанарсыз көру», Сопы дәуріштік қасиетінің ашылуымен бастау алатыны көрінеді. «Өткеніңе үңілу-өзін білу, Өткеліне өткенмен бүгінгінің. Өткен тарих жолынан әсер алып, От боп жанды жүректе ұрпақ жалын.. Бас идім мазарына Арыстанбаб, Түнесін дейді екен ақтап алмақ. Күнәсін жуып-шайып пендешілік, Сезіндім бойымдағы жеңіл салмақ.» деп қазақтың намаз орындауы «заман басына» барып күнәдан жүктер мен жүрек кірлерін кетіру үшін Арыстан бабаға түнеп, Түркістаннан барып тілеп, шежіре тарихқа жалғану арқылы ақталу намазының бүкіл халықтық дәстүрі қайта бас көтерді. «Ақ жол ұстап киелі елдің ұрпақтары бүгінде, Құрбан шалды Сүйінбайдай пірі жатқан төрінде. «Бабалардың аруағы» қолдап тұрған киелі ел, Дініміз бен тілімізді кең таратар жерінде».

     Ғасырлар тезінен өтіп қалыптасқан қазақтың ғұрпы болып кейіннен Ясауи бабамыздан бастап исламның күнәдан ақталу, жер бетін кезіп жер, көк есіктеріне жалғану арқылы жүректі тазарту амалдары, яғни дініміздің дәстүрі болып түркі әлемінде ғана емес, бүкіл ислам әлемінің тура жолын қалыптастырып қазығын қағып жүздеген әули-әмбилер, әмір иелерін, хикметті істердің мектебін жаңа заманның салтына сай қалыптастырып және бүкіл әлем дініне үлгі болу Ақ ұл арқылы қазақ халқына жүктелген еді. Сол көшті қалыптастырып алыс ауылдардың өзінде ордалар ашылып халықты күнәдан арылуға, өзіне сын көзбен қарап қателігін түсініп өмірін тазалыққа, адал еңбек етіп, ұмыт қалған ата-баба сал-дәстүрін қайта жаңғырту, аруақтан бата, ақыл алу көлемді түрде жүрді де. Бірақ көптеген саясатшылардың бір-бірімен бәсекелесі ақ жолға зиянын тигізбей қалған жоқ. Сол уақытта Құдайдың атын жамылған «Ақ жол» деген құраны жоқ құдайсыз партия құрылып, тексерулер жүріп амал жоқ Құранда ескертілген «ақ жол» көктегі сөз, бата, ақыл жолдарының жер жолдарымен қосылуы белгісінен бас тартып енді «Ата жолы» деп атауды ұйғарды. Бұл адамнан қорыққандықтан емес, әлі аяғын баса алмай жатқан сәбиді сақтау мақсатында болған шаруа еді. Құдайдың үкімін жамылып партия құрған құдайсыздар өздері жауап берер залымдық надандықтарына. Кезінде бұл туралы кітапқа жазып та көрдім; «ақ жол партиясы бір баланың жолын, санасын ашып өсіріп көрсін» деп. Және сол уақытта аруақ жоқ, ол «шерік қосу», яғни арам қосу деген өз рухын және құранды мазақтаған шайтан адамдарының соғысына дем беруші жазушы, тілші де ата дәстүрін тәрк еткен де өз қазағымыз болды. Күнәден ақталудың екінші сатысы — ол емшілік істерімен тазару болатын. Сонан қасиет көздері ашылған ұл-қыздарымыз ата-бабамыздан қанымызға сіңген Тәурат, Зәбур дінінің негізін қалайтын, құранда көрсетілген қамшы арқылы тәндегі теріс ақпараттарды еріксіз жағып жүкті жеңілдету және ет пен тері арасындағы шайтан үйлерін, ошақтарын, кенелерін (паразитті) өлтіріп, жанның сүннеттелуін қамтамасыз ететін бақсылық істерді; қамшы, аса таяқ, т.б. сияқты амалдар да дін, үкімет тарапынан қудаланып, ордаларды аралап жүріп аласталып тыйым салынды. Жүрек ашу амалындағы алдымен қамшымен тазартып отыру да тоқтатылды. Себебі тәндегі дақтар, яғни адамның кенелері жанып одан зиян келеді деген дәрігерлердің, жан танушы ғалымдардың әлемдік надандығы ғана.
Бұл ақ жолдың алға қарай өркендеуіне, қасиетті аққу-сұңқарлардың өз дәрежесіне, тәннің иістен тазарып тақуалық сатыларына көтерілуіне тосқауыл болды. Ең үлкен қасірет; Ақ ұлдың қолының теріс өрістермен арамданып жүректің кірлеуіне, тылсымнан, көктен келетін негізгі құпия ақпардың тоқтауына әкеп соқтырды. Жүрек ашылатын пенделердің дәреттерін толық қалыптастырып, иістен тазартып, алдын-ала шариғат үкімдерін толық орындауын қалыптастыратын, үйретуге бұйырылған және соны қадағалауға тиісті Ақ ұлдың көмекшілері керісінше ақ жолды негізгі бағытынан тайдыруға, әлсіретуге ғана көмектесті. Шариғат үкімдерін орындамайтын, қылықтары ата дәстүрге жат ортаға қандай ақылды, оқыған азаматтар барады? Аруақтардың жетелеуімен қасиетті осы тазартуға себепші болады деп енгізгендерді аластап немесе өз дегендеріне көндіріп отырды. Сонымен Ақ ұлымыз рухани жетімсіздікке ұшырап жалғыз арпалысып бәрібір Ата жолының көшін алға сүйреуіне соған байланысты түрлі қарсы амалдарға баруына мәжбүр болды. Ал негізінен ақ жол үш кезеңнен, үш түрлі топтан тұрып өзара үлгі арқылы пікір талас өнегелермен бір-бірінен үлгі алу арқылы біртұтасқа айналу керек еді. Алғашқы топ ақ жолдың негізін қалап, оларға тазалығына қарамай ерекше хикметтер, жеңілдіктер берілген еді.
Бұл топтың мақсаты халықты қарапайым өнегелер мен тіршілік арқылы намаздарды орындаумен алғашқы тазару сатыларын меңгеруді яғни дәрет т.б. шариғат амалдарының, діннің алғашқы негізін үйрету еді. Ал намаз оқу, тақуалық т.б. шариғат амалдарының толық негізін қалыптастыратын екінші топ та болды. Енді үшінші топтағыларға құранның хикмет сырларын меңгеру жолында тура жолды толық жалғау үшін тарихат амалдарын толықтырып әрі қарай адамның кемелденуін, сопылық істерді Ясауи жолын қалыптастыру мүмкіндігі берілді. Және бұл топқа ғалымдар, дінді зерттеушілер, емшілікті толық меңгерушілер тартылу керек еді. Бірақ баспасөздің, діншілердің, әкім қаралардың көзіне алғашқы көпшілік топтың өкілдері ғана көзге түсіп, солардың үлгісімен ақ жол бағаланып, қудаланып солай сотталды да. Осы топтардың арасын жалғап біріне-бірін үлгі қылып, ақ жолдың ақпараттық ғылым, білімдік үлгісін дәріптеп халыққа, елімізге келген бақтың толық болмаса жетістігін көрсетіп, бірыңғай ақпараттық жүйені қалыптастырып ақ ұлдың ісін кеңітіп жәрдем беруге тиісті аманат алған орынбасарлардың білімсіздіктің, надандықтың, берілген жеңілдіктің соңында кетіп, артық берілген дүние қызығына түсіп шайтанның ықпалына, ізіне еруден өз арамызда алауыздық, аш көздік, көреалмастық, іштарлық, күншілдік, қасиеттерді дүниемен бағалау, өзін-өзі бағалап мақтанға, тәкаппарлыққа бой ұсыну т.б. қылықтарынан жиренген көптеген білімді, зиялы, парасатты, үлгілі аққу-сұңқарлардың бейтарап жағдайға түсіп өз бетімен тек намаздарын оқып, көбі мешіт т.б. «намазхандар» қатарын толықтыруына себеп болды. Ақпараттық кеңістіктің қалыптаспауынан және ақ ұлдың насихат, хикметті істердің, жүрек ашудың құран, інжіл, тәурат, зәбур негіздерімен ғылыми негізделіп дінші, ғалымдар арасында пікір таластың болып тіптен ата жолының негізгі ұстаным, бағытын көрсеткен, құран үгітін түсіндірген ақ ұлдың; «Өмір баспалдақтары» кітабын да халыққа таратып түсіндіре алған жоқпыз.

      Аруақ өмірінің тылсым құпиясын түсінуге әлемде көптеген институттар ашылып бірақ сырын түсіне алмай жатқан тылсым хикметтерін Аақ ұл өз кітабында қарапайым түрде түсіндіріп кеткенін ғалымдарымыз, діншілеріміз мүлде байқамады да. Мысалға; «Біреу сенер, біреу сенбес шындығымды айтайын, Су сияқты келеді екен талай аруақ байқадым. Бабаларға басымды иіп, сәлем беріп жатқанда, Аруақты көзбен көрген «бақыттымын мына мен» деп айта алдым.» «Алла барын ұрпаққа мойындатып, Батасымен пендеге жолын ашып, Көш келген мұнар тау шыңдарына, Пенде менен аруақ араласып. Биіктіктің жолдарына ойлы-қырлы, Өткелі көп пендеге жұмбақ сырлы. Көпірі ол-ниет пен ақыл-ойдың, Шалыс кетсең түсесің түбіне ордың. Алда «ар» мен «уақ»-тың, адам баласының ақыл-ойы мен істерінің өрістік сипаты болып, оны құранның сандық мәнімен су иондарының теріс атомы болып кеңістікте 10 санымен бейнеленетінін дәлелдейміз де. Інжілдегі ақталу қағидасын, елшілердің аян арқылы Ғиса өсиеттерін қарапайым түрде дәлелдеп көрсеткенін білу үшін әуелі құранды әбден терең зерттеп сосын інжілмен салыстырып оқу керек. Ал аруақ не береді, қандай жаратушымен себептік байланыс «делдалдықта» тұрады? десеңіз. «Ақ пендесін ақ батамен тербеген, «Арыстанбаб басында түне» деген. Ақ жолыңды бақ жолыңды нұсқайды, Адасқанды кісен салып ұстайды. Бірге болсын тілеуің еліңмен, «Ясауидің басында тіле» деген. Мұсылмандық кәлималы тіліңді, Көсем баба тексереді ілімді. Өр мінез қайсарлық та керек те, Намыс отын жаққызады жүректе, Шын биікке шығар пенде жандардың, Аруағы батыр баба, хандардың. Аруақ біткен адалдықты қолдайды, «Аруақты аттап кеткен» оңбайды. Елің үшін, жерің үшін, бақ үшін, Көшке ілеспей адасуға болмайды. «Адасқанның айыбы жоқ», ақталсын, Ата дәстүр, Ата жолы басталсын. Періштенің ақтың жолы, ауыр сын, Көш керуен Алла нұрын жаудырсын!..»
Халықты ата-дәстүріне, елдікке, бірлікке,тазалыққа шақырып көп болып бір-біріне көркем қарыз беріп, артық хайыр жасау арқылы нәпсіні өлтіріп, ортақ қазаннан ас ішу ислам дәстүрінің көркем негізін қайта қалыптастыруға сырттан келгендер және атаққұмар, шен, билікке құмарлар халықты партияға, дін топтарына бөліп басқаруды көксегендер үшін әрине мұндай халықтың бірлігі қауіп төндіре бастады. Сонан құдайдың пәрменін құдайсыздардың заңына бағындырып, түрлі ұлықсат қағаздармен, заңсыз зираттауға болмайды қылмыс жасау т. б. мешіт діншілерінің айдап салуымен амал жоқ Ақ ұлға дінге қарсы амалға барып «серіктестік» ашып, құран заңын, құдай заңын үкімет заңына бағыныштылыққа мәжбүрленуіне тура келді.

     Бұл жаратқаннан қазақ еліне берілген үлкен сынынан сүрінудің үлкені еді. Оған ақ ұлды кінәлау бекер, осы ұлы көшті қалайда қалыптастыру үшін түрлі айла-шарғыға шайтан адамдардың да еркіне көнуге тура келді. Біздердің ұсынған діннің тазалығын, дәрет, киім және тазарту, емшілік амалдарын тастауға болмайтынын ескерткенде; маған осы салада бөлек ізденуді тапсырған еді. «Егер көпшілікке, дінге алғашқы қадам басқандарға бұл қатаң тәртіпті ұсынсақ, әрең басын иген әлі күнәнің құлдығында жүргендерді қашырып аламыз»- деді. Сондықтан емшілік істерді де, намазды орындау, қамшы, аса таяқ, т.б. тазару амалдарын толықтай алып жүргендер аз ғана топ болып көптің арасынан байқалмады да. Тек құдайдың бұйрығына бағынып жүру және өз ағайыныңнан, үкіметіңен жапа шегіп, шыдамдылықпен төзіп, өз бағытыңды құпия болса да жалғастырып, ақырын күту бұл тура жолдың негізгі қағидасы да.
Осындай жағдаймен қанша үкімет, діншілердің қудалағанымен құдайдың құдіретінің, аруақтың қолдауымен, ақ жолдың негізгі қабырғасын қалап қасиеттердің жетілуін, құранның хикметті сырларының, сопылық негіздерінің қағидасының қазақ елінде ірге тасы қаланып тылсымнан айқын көрініс беруіне мүмкін болды. Бірақ үлгі болатындай көп қасиетті жастарды соңымыздан ерте алмадық. Оған себеп арамызда ақпараттық байланыста, бірлікте бір-бірімізге төзімділіктің қалыптаспауы болды. Керісінше арамызда бақталасық пен іштарлық әлі жалғасын табуда. Сондықтан халықтың басым бөлігі алғашқы жолды бастаушыларда, жеңіл жағында болды. Екінші орта топ шариғатты қалыптастырушыларға қазақтың оқыған сауатты, ел басқару істерінде жүргендер тартылды да, ал үшінші топ қағидасы қиын ауыр және төзімділікті, сабырлықты, қатаң тәртіпті қажет еткесін көп ішінде жасырын немесе «қумалар, «секта» деп өсектеліп көпке мәлім болмай қала берді. Бұл жағдайларды ақ ұл жақсы білгенімен негізгі тылсымнан келетін таза ақпаратты жеткізуге арадағы ақ жолдың ісін жүргізушілер, ақ ұлдың орынбасарлары білімсіз, аяндарды жорудан, көрегенділік танытудан қауқарсыз болып шықты. Керісінше жылы орыннан айырылатындай тура жолға ақ ұлдың салмайтынын, ол тек жол басшы болғанын, ал аруақтың әр пендеге артқан жүгін, тапсырмасын құранды оқып түсіну арқылы ғана берілген аяндардың құпиясын шешу мүмкін болып және тапсырмалар да жеке-жеке берілетінін ескермеді.

     Абай атамыз ескерткендей «К..өт-ін көрсеткеннен жол сұрама» деп бойын, әурет қабын сақтай алмаған аққу, сұңқарда терең сырлы бата да болмайды. Аян болғанмен құпия түстер, уахилар тоқтайды. Ақ жолда батаны қадірлемей аяқ асты болып, өз пайдасына бұрмалап аруақпен ойнау арсыздық қалыпты жағдайға айналды. Бұндай жағдайды ақ ұл; «Бес атаның аруағы бес жұлдыз боп ұшқанда, Алмағы мен салмағы бар батасында ұққанға. Ақ жолында аманаты «арың болсын» таразы, Әр пенденің жүрегіне тұмар болып тағады. Алла жолын аруақтар қолдайды, Аруақпен ойнағандар отқа түсіп оңбайды. Әр пендеге ашық болған «Ақ жолыңның» есігін, Бабалардың аруағы адалдықпен қорғайды. Имандылық кең тараса өсіп-өнген елімде, Калимасы жүрсе егер әр пенденің тілінде, Ұл-қызыңды адалдықпен арманына жеткізсең, Ата жүгі, әке үміті, ана сүті ақталғаны деп білем. Қандай шәкірт болғанымды біле алмаймын бүгінде, Алла өзі таразылап бере жатар түбінде.» деп батаға мұқият болуды ескертті де. Бірақ әрбір адам баласының «Алды-арттарыңнан күзетшілер қоямын, көрсеңдер (батасын, аянын) пайдасы өздеріңе, көрмесеңдер зияны өздеріңе» деп құранда ескерткендей аяндардың, батаның да тазалығы тән тазалығына, шариғат заңдылығын қалай толық орындауына байланысты екендігін көбіміз ескермедік. Осыдан тазалықты, жан киімін қалыптастырып, намаздарын толықтыра алмаған аққу, сұңқарлардың тылсыммен байланысы үзіліп, керісінше жалған ақпараттар, баталар пайда болып тура жолдың қисығына қарай бұрылып алды.

      Енді ақ жолды құлатуға көмектескен құзырлы орындардың да кейбір аз ғана көріністерінен нақты дәлелдер де бере кетейік; Президентімізге мешіт діндарлары бір кездесуінде; «Ақ жолдықтар дінді бұзып, Алланы әлсіретуде, соған шара қолданыңыз» деп сұрағанда, ел басымыз; «Тексеріп анықтап жауабын беріңдер!» деп бұйырды. Сонан діншілеріміз «Орбита» мешітінен екі жас молданы Арыстан бабаны тексеруге жібереді. Ол оқиғаның соңы сол екі молданың жолда апатқа ұшырап қаза табуымен, біздердің сол мешітте құран бағыштауымызбен аруақтарды тексеру аяқталды. Сол тексеруді ұйымдастырған имамдар енді бірі аруақ бар деп, екіншісі әлі қыңырайған жағынан қайтуға намысы жібермей қызметтерін жалғастырып жатыр. Жазықсыз төктірген қанның сұрауы бәріне жүктелгенін, әр қайсысының жан ұясына келетін қасірет болып есік қағып тұрғанын қаперіне де ілер емес. Және ашықтан-ашық «рухқа», яғни «құранға» табыну шайтани іс дегендей зираттауды спорт министірлігіне тапсыру керек дегендей түрлі мәжіліс, мақала, пайымдаулардың қазақ дәстүріне ашықтай қастандықтарға жүздеген мысалдар келтіруге болады. Оны болашақтың үлесіне қалдыра тұрайық. Мүмкін иманға келетіндер бар болар арасынан. Ал үкімет тарапынан қудалаудың мысалынан үзінді келтірсек; Қызылорда облысында ақ жол серік қосып кәпірге, мүшірікке айналғандар деп ордаларды түрлі арандату істерімен тексеріп сотқа беріп, құдайдың ісіне неге үкіметтен ұлықсат қағаз алмадыңдар? деген сылтаулармен айыппұлдар салынды. Ал ұлықсаты бардың өзін жергілікті салық заңына қайшы, дұрыс тіркелмеген т.б. түрлі сылтауларымен қоса соттарға жүгініп, қайтара айып пұлдар салғанымен қоймай баспасөз, көгілдір терезе арқылы үзбестен қаралау хабарлары таратылып, халықтың көңілін тек намаз оқуға шақырып, тура жол осы деп нандырумен, ақ жол деген «секта» деген ұғымды қалыптастырып нандыра білді. Бірде тылсымнан; «Сыр бойынан көтерілген аруақтар адасқан пенделерді көктен лақтырып етегімен қағып алып сынар жәйі бар» деген батаны аққуларымыз алғанымен оған түсініп мән де бермедік. Артынша Түмен бап атаның маңында сыр бойында тік ұшақ құлап, арты қайғылы оқиғалардың елімізде жалғасуымен қайталануы да болды. Тек президентіміздің көрегенділігімен, жедел араласуымен ғана сол себептерге қатысты ел басқарған азаматтарды сынақты ушықтырмай орындарын ауыстырып, ел алдында масқараға ұшыратпай аман алып қалды.

      Бұл жәй ғана жүздеген нақты оқиғалардың мысалдарынан үзінді ғана, болашақта аруаққа соғыс ашқандарды басын жерге ұрғызып, қазақ елі түгілі әлем діншілерін бас игізетін, жер шары халқы қазақтың дәстүрлі дінін мойындап таңқалдыратын дайындап қойған сыйы бар аруақтардың. Ұлықсат берген күні оны да көрсететін күн туар. Бұндай сынақтардың болатынын алдын-ала Ақ ұлымыз «өмір өзені» деп атап халықты, шәкірттерін сабырға шақырған өлең жолдарына үңілсек; «Кейде баяу, кейде өзенің сарқылар, Бір жағадан, бір жағаға кезі болар лақтырар. Саспа бала, тең ұстағын ескекті, Ақылға сал, суға батып кетпекті. Бір ескегің аруақтың қолдауы, Екіншісі — күш, жігерің бойдағы. Бір ескегің бабаң берген ақ таяқ, Екіншісі — заманыңның ырғағы. Бір ескегің — бойыңдағы қасиет, Екіншісі — бабаң айтқан өсиет. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» Бәріне баға берсін намыс пен ар. Алдамшы өмір арпалыссыз бола ма? Сын көз салып бабаң тұрар жотады. Ақ пен қара айналаңда көпшілік, Қара қылды қақ жарасың бабаң салған тектілік… Түпкі ниет, арман биік талап та, «Бақыт» деген ұлы сөз бар қазақта. Бағың үшін күрескенің азап па? Бағың үшін күрескенің мазақ па? Жеңіс туын тіксең егер мақсат деген биікке, Ұмыт болар кешегі күн, қиыншылық, күйік те, Жеңістің кілті болса қайсарлық пен тапқырлық, Деп білерсің бағың үшін күрескенің батырлық.» (30 шілде. 2000 жыл).
Я жылдар өтті талай опасыздық, талай жау жағадан алғанда аруақтың ақ батаның арқасында батпақтан шығарып, қасиет беріп, дәулетті қылған иттердің өзімізге қайта шауып, етектен тартқанына куә да болдық. Оның бәрі тізгенмен не пайда. Саспа, түбі жеңіп шығамыз, көп сөздерге мән берме деп жүріп нағыз жаудың өз ішімізге балақтан кіріп басқа шауып, ақыры «батыр аңғал бір оқтық», «еркек тоқты құрбандық» болып аяқталды. Оған діншілер сырттай білдірмесе де іштей қуанып, кейбіреулер «ата жол сектасы» сотталды деп мешіттерде ашықтай сүйінші сұрап, біреулер үкімет өлтірді дегендей өсектің отын тұтатқанымен бұл қазаққа келген дін тағдыры болып жазылды. Оған негізгі себеп; «Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де сенбейді. Алайда барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі, Күдіксіз Алла серттен таймайды.» (13-31). Талай пайғамбарлардың қолы жетпеген, діннің биік шыңы рухтың несібесі көктен қазақ жеріне май, бал болып төгілгенмен сөздің нәрінен, сырынан ажыраған елдің тұтқасын ұстаған, халықты жақсылыққа бастайтын Құдайдан несібесі артығымен берілген топтың өкілдері ақ пен қараны ажыратуға қауқарсыз болып, нәтижесінде қасіретке айналған көптеген апат-азаптармен амал жоқ мойындайтын діннің шартты сынағына әкеліп тірелді.
Бірақ жаратқанның шексіз рахымы болар пайғамбарлардың, періштелердің, Әулие-әмбилердің, Алла достарының дұғасымен қазақ еліне төнген апатты сынақты уақытша жеңілдетіп жіберілген арамыздан шыққан елшінің құрбандығымен әзірше тоқтатылды. «Ана қылдым құрбыны да аянмен, Өлген анам тірілгендей қалған ем. Ақ сүт аттап кеткен кезде ол пенде,.. Жақын жаннан опасыздық көргенде, Аруаққа дау айтамын өлгенге…». «Әлде пенде адалдықты саттың ба? Күнің үшін аққа қара жақтың ба? Ар алдында, шындық туын жыққызып, Арамдықтың паранжасын жаптың ба? Өзін-өзі әр пенде сынасын да, Өз тіліңді, өз дініңді ұғасың ба? Елің үшін, жер үшін, ұрпақ үшін, Ата дәстүр, ата жолға шығасың ба? Ерте ме, кеш сын сағаты соғылады, «Алла жолы» бағың болып табылады. Күнәңді жу, ар суына бұлаққа, Жауап бер де «кіммін» деген сұраққа!..» деп алдын-ала ата салт-дәстүрінен, дінінен, тілінен безгендерді ақиқаттың ақ жолына шақырып, алда сын сағаты туып, маңында қолтығынан демейтін ұлт жанды азаматтардың да қалмайтынын ескеріп; «Күн туғанда қиналғанда сүйеп пе ең? Жақсылық та, жамандық та ниеттен. Қайтармын Алла жазған маңдайға, «Жазымыштан озымыш жоқ» қандайда» деп шәкірттерінің сатқындықтарының өзі құрбаны болатынын да болжап, бәрібір ар алдында қазақ еліне жамандық ниетіне есеп беретін кездің келетінін ескертіп кетіпті. Діннің ақиқаты шежіремен салыстырумен ғана айқындалады. Сондықтан бұндай оқиғалардың тарихта қайталанса сол оқиғаларға қайта жалғану, яғни қиямет мезгілі болып екінші бір діннің даму сатысына өту болып табылады. Оған Інжілден мынандай мысал беруге болады; Кезінде осындай рухтан бата алып, халықты ізгілікке, ақталуға шақырып «тыныштықтың дәнін» себуші Ғиса пайғамбар көкке көтерілгеннен кейін елшілерін, көмекшілерін Тәураттың парызшылары қудалап, бұл кітапқа түспеген адасқан дін деген (қазіргі арапшы «намазхан» діншілердің қылықтары) сылтаумен елшілерді түрмеге жаптырады. Сонан; «Келген, жоғарғы кеңестің алдында тұрған елшілерді бас діни қызметкер тергеуге алды. –Біз сендерге сол Адамның (рухтың, Ғиса аруағының) атынан тәлім беруге қатаң тыйым салған жоқпыз ба? Алайда сендер ілімдеріңді бүкіл Иерусалимге таратыпсыңдар, -деді ол. Петір мен өзге елшілер былай деп жауап берді; -Адамдардың емес, Құдайды көбірек тыңдау керек! Ата-бабаларымыздың сиынған Құдайы сіздер ағашқа іліп өлтірген Исаны қайта тірілтіп, Көсем және Құтқарушы ретінде Өзінің оң жағындағы ең құрметті орынға көтеріп отырғызды. Осылай Ол Исраилдің бетін теріс жолдан қайтарып, күнәларын кешірмек. Біз бен Киелі Рух та бұл оқиғаларға куәміз. Құдай осы Киелі Рухын Өзіне бой ұсынғандарға сыйға береді. Жоғары кеңес осыны естігенде қатты ашуланып оларды өлтіретін ойлары болды. Алайда араларында Гамалиед есімді бір парызшыл орнынан тұрды; ол елдің бәрі қатты сыйлаған заң мұғалімі болатын. Гамалиед елшілерді біраз уақытқа залдан шығаруға бұйырып сөз сөйлей бастады.- Қадірлі исраилдіктер, елдестерім, мына кісілерге не істегілерің келетінін жақсылап ойланыңыздыр! Өздерің білетіндей, біраз жыл бұрын Теуда ел алдында шығып, өзін ұлы көсеммін деп жариялап, оған төрт жүзге жуық адам қосылды. Бірақ ол өлтіріліп, ергендер шашырап, жоқ болып кетті. Онан кейін халық санағы кезінде ғалелиялық Яһуда ел алдына шығып, соңынан көп халық ертіп, көтеріліске шығарды; Оның да көзі құртылып, оған ергендер қуылып, тарап кетті. Ал енді сіздерге айтатыным мынау: бұл кісілерге тимеңіздер, босатып жіберіңіздер. Себебі егер бұл әрекет адам бастаған іс болса, ол өзімен-өзі құриды, бірақ Құдайдан болса, оны құрта алмайсыздар, тіпті Құдайға қарсы күресетін боласыздар.» (Ел… істері 5-тарау 25-39 аят).

     Осындай қазақ елінен дін заңынан, шежіреден хабардар, құраннан сауаты бар бірде бір ғалым, теолог, сопы шықпағасын Құдайға қарсы, Құранға қарсы ұлттық дінін соттаған заң шығарып, елге келетін апаттарды жеделдетуге, жаратқанның лағнетін шақыруға ғана себепші болатынын ескерту мақсатында дін, ел басшылардың Құдаймен қарсы күресіп жатқанын дәлелдеген талай мақалаларды басылымдарға беріп, онан ешқандай нәтиже бермегесін, кітап қылып шығарып сол дін басшыларына, ғалым, академиктерге дейін өз қолыммен апарып та беріп көрдім. Бірақ Абай атамыздың барған жерімнен тек өз даусымның жаңғырығын естідім дегендей рухани өлімнен, мәңгүрттік ұйқыдан оянбаған ел, дін басшыларынан жаңғырық та шықпай, әлі кезге дейін ұйыққа онан сайын батып келеміз. Елдің сенім артқан данышпандарымыз рухани отаршылықтан кейінгі күнәсін түсініп, ескі күнәлі рухы өліп, бірақ одан жарыққа шығарар ата салт-дәстүрінен айырылғасын діліне жарық түспей, тіріле алмай, яғни надандықтың ұйқысынан ояна алмай жатырмыз. Оянғысы келгенін сырттан келген «жанашыр дінші» «данышпандар» жылтыр, мағынасы екі ұшты сөздермен «бағың енді ашылуда» деп тербетіп ұйықтатып жатыр. Сонан ел басқару ісімен айналысқан халықтың «жағалыларының» құлақтары созылып, жүректері естімейтін, жан көздері хикмет түгілі түсті көріп жору қабілетінен айырылған «тірі өлікке» айналып, мұрындары тесіліп, дақ түсіп, өзге елдің намысын ту қылып, надандықтың еркіндік деген «еріксіздік» батпағына ұйыққа батып, әзір өздігімен шығатын сыңайлары байқалмайды. Абай атамыздың; «Сөз (дін) түзелмей ел (діл) түзелмейді» деген сәуегейлігі келді.
Халықтың жаратқанға жалбарынған және періштелердің оны естіп дұға қылған көркем сөз жаңбырмен келіп жер көгертер, ал жер көгінен салт-дәстүрің арқылы азық алып сіңіріп, ана тілің арқылы ғана тәнің, етің тазарып рухың ұйқысынан оянар. Сөзі түзеліп, тәні-«жері» көгерген пенденің қаны тазарып жүрегі тірілсе ғана көк несібесі Бақ қарап, батаменен Қыдыр жүрекке зейнет болып дариды. Елдің-әйелдердің сөзі түгіл арсыздықпен ар киімі жұқарып, тозып, тесіліп періштелік сипатынан, жын перілік, шайтандық, маймылдық сипатқа ауысып, қара күштің үстемдік құрған, көз нәпсінің жалпы халықтық зинасы әдетімізге айналғаннан еркектердің көзін шел қаптап белсіздіктің, бел суының азғындығына ұшырады. Сонан шала жансар, ауру немесе мәңгүртке айналатын ұрпақтар көбеюде. Ел азғындығын ашық дәріптеу үйреншікті мақтан салтымызға айналды. Демек, онда алдымызда жаратқаннан азап, ауру, індет, аштық, өлім деген сыны елге қамшы болып жауып, ата дәстүрден безгендердің көбі жазаның құрбан болары сөзсіз. Аруақ арқылы ақталу заңдылығының 9 санымен берілген шарты бар. 9 жыл 3 кезеңнен өтумен, сыналумен, батамен аруақтың жетелеуімен тағдырыңа жаратқанның сыйын аласың. Ал Құдайдың үкіміне қарсылық білдірсең, 9 жыл үш кезеңмен сыналып және ғұмырыңа жазылған бар сыйынан айырылып, ажал болмаса мәңгілік азапқа түсесің. Барлық қазақ бұдан айналып өте алмайды. Аятта; «Екі жүзділерді жылына бір, екі сынасам да сонда да түсінбей ме?» деген аяттың үкімі басталып та кетті.

      Қазақтың «иман жүзі» араптан алған әдетпен қалыптаспайды. Қазақтың бір жүзі әдет-ғұрпында, екінші жүзі салт дәстүрінде, дінінде. Таразы тартылып сын сағаты басталып кетті. Қазақ жеріне әлем таң қаларлық жеті түрлі бақыттың, қасиеттің белгісі келуімен оған қарсы жеті түрлі азап, ауру, індет сыны түсті. Көрінбейтін өрістік сипаттағы зинашылдарды шағатын кенелер, арсыздықты шағатын шегіртке, түрлі жәндіктер, аяғы арамданғандардың табанынан тас болып кіретін, буындарды қатырып мешелге айналдыратын қара тіккендер, іштегі шыға алмаған қасиеттік қуаттар теріні күйдіріп тері індеттері, жазылмайтын аурулар көбейіп, бәрін білгіш дәрігерлерге, құдай адамдарынан ұлықсат беруші надандардың, ғалымдардың бәріне сынақ түсіп, жер жүзі тола алтын төлесе де құтыла алмайтын азап келеді. Әсіресе қыздарымыздың, әйелдеріміздің сүт бездері, аяқтары, бастары арамданудан жатырларында, жан ұяларында темір тотының пайда болып, туғандары бағзы заманда өткен жаман қылықты нәсілдерді, болмаса рухани сынға төзімсіз, жатып ішер, азғындыққа тез берілетін санасыз ұрпақтарды ғана өмірге әкеледі. Сонымен әйел жынысы арқылы арамданған және жалаңаш жалпы жүріп ыстыққа «радиацияға» ұшыраған еркектер де ұрықтары ашып, әйелдерін сонымен қоса аздырып, болмаса некесіз шашқан ұрықтары тасқа, әртүрлі бейнелерге жын-шайтанға айналып, өз жан ұясына қайта келіп ұрпақтарын азғындауымен мәңгүрттікке, қайғы-қасіретке, өзіне қол жұмсауына соқтырып және өздерінің де өмір жастарының қысқаруымен халық арасында белсіздік жұтының белең алуы арта береді.
Аятта Дәуіт пайғамбарымызға дін соғысының киімі – сауытты тау, тас, құстар үнімен көркем сөзбен тоқытып, солай көрінбейтін жаудан қорғануды адамзатқа үлгі еткен. Сондықтан аятта; «Сендерге көркем несібе киімді ыстықтан (радиация) қорғансын деп жараттым» деген. Және арсыздық пен шектен шығу арқылы ата-аналарың жаннаттан қуылғанындай шайтан сендерге зұлымдық жасамасын, ол сендерді көрмейтін жерден (әйелдің, еркектің әуретті, ұятты қуыс жерлерінен және жыныс тесіктерінен) көздеріңді өзіне аударып, көздеріңнің қуатын алып, өрістік дін киімдеріңді шештіреді деп ескерткен. Жер, көктен күн сайын артып келе жатқан ыстықтан (ҚА)-ны «Тын»-дырып, тазартатын әйел халқының дін киімі жұқарғандардың, арсыздықпен жоғалтқандардың іштері өртеніп тозаққа, азапқа түсіп басымен қайғы болып, түрлі рухани ауруларға ұшырап, көздері алайып, жүректер ауызға тығылып, тыныстары тарылып, өлім еселеп арта береді. Есесіне етегін жауып, ата салт-дәстүрін, тегін тауып, аруағын құрметтеп, құдайдан қорқып, қасиетін баға білгендерге бақ қонып, барлық әлем кілтін таба алмай жатқан аурулардың шипасы да беріліп жатыр. Өлім мен өмірдің арапалысы ешқандай діншіні де, ел басшыларын да айналып өтпейді.

     «Атасы бөлек аттан түс, атасы бір атқа мін!»деген текті қазақ ұрпағы едік деп, осы алдағы қазағымыздың атқамінерлерін тосып тұрған сыннан оңай өту жолын неге көрсетіп бірлікке, ортақ сұхбатпен пәтуаға шақырмасқа? Аталарымызға; «Әкеңді өлтірсе де алдыңа келсе кешірім бер» деген әулиелер алдарына апарып жаратқаннан неге кешірім сұратпасқа? Діншілердің «шерік, серік қосу» — кәпірлік деп атаған Ақ ұлға келген мұғжизаны «Жүрек ашуды» пайғамбарлардың көбіне нәсіп болмаған, діннің, елшіліктің негізгі биік шыңы болып құран арқылы, киелі кітаптар арқылы бұрыннан келе жатқан «хикмет» екенін түсіндіріп және намаздың да, тақуалықтың да, сопы ғалымдықтың да, барлық тоғыз түрлі дарындылық қасиеттердің де, жалпы әлем діншілерінің арманы болған істердің қазақтың қарапайым халықтың арасында «Ата жолында» іргесі қаланып, әлі толық жетіліп піспесе де аруақтардың көз тимесін деп тығып, дайындап, болашақ әлемнің рухани көш басшылығына әзірлеп жатқанын нақты істермен дәлелдеп көрсететін кез келді.
Мөр туралы қысқа мәлімет берсек; Адам денесінде жеті желдің есіктері рухтың зейнет есіктері бар. Төбеден, орайдан, екі табаннан, екі алақаннан, екі жауырыннан. Керісінше жыныс, әурет тесіктерінен қара күштердің енетін 7 құпия есіктері бар. Және бойға, дін киіміне берілетін тағы жеті түрлі белгі есіктері бар. Барлығы ақыл есігі болып 21 санымен тұжырымдалады. Бұл құранда 21-ші сүремен толық баяндалған. Ал адам баласы дүниеге сәби болып келгенде жүрегі бірінші дәрежедегі періште болып ашық келеді. Ол қасиет естіп, көріп, тілді, сөзді меңгеру үшін тылсымнан түс арқылы үйрену үшін қажет. Өсе келе немесе араммен азықтандыру, дәстүрді сақтамағанда ол мөр уақытша жабылады. Екінші, мөр жан тазалығына берілетін түс, аян көруге тылсыммен сырласуға ашылатын мөр. Үшінші, киелі кітаптарды меңгеру барысында әр адамға берілетін дін ғылымының мөрі. Яғни ақылдың кемелденуіне жаратқаннан санада сөйлесу дәрежесіне жету.
Бұл мөрлерді кезінде көптеген әулие-әмбилеріміз меңгерген. Ақ ұлға ерекше хикмет осы екі дәрежені жүректің екі құлағын да еріксіз ашу қасиеті берілген. Ақ жолда аруақ батасымен жүрек ашудың үш сатысы жүріп жатыр. Бірақ кейбіреулерде тазалық, дәрет сақталмағасын және ана тілін таза меңгермеуден, ата салт-дәстүрді ұстамаудан бірінші (жеті сезімді меңгеру) періштелік саты сөзді түсіну құлағы жабылып шайтанның ықпалына түсуде. Тылсымнан бата беру екінші дәрежесімен (екінші жетімен) атқарылады. Ал бірді қалыптастыра алмаған аққу, сұңқардың тек екімен батасы таза болу мүмкін емес! Екеуін толық меңгергендер емшілік, бақсылық қасиеттер арқылы құраннан терең хабар алатын үшінші дәрежесін, көкке жалғану жетісін (құпия кітаптан) меңгереді. Ондай қасиетке жеткендер, алғашқы қарлығаштар бар. Батаның да 3 өлшемі, 3 түрі, сандық мәні, үндік қуаттық өлшемі де бар. Бата негізінен; 333; 323;313 сандарымен өлшенеді. Және уағыз бата, емдік бата, терең сырлы ақпараттық бата болып анықталады. Қарапайым ғана саусақпен 3 сөздің құралу тербелісімен анықтауға да болады. Болашақта ғылыми негізделетін, құралдармен өлшенетін басқалай да әлі адамзатқа құпия сырлары бар. Бұл жәй ғана білімі ашылған, кезінде құпия хикмет қылып аталарымыздың көрсеткен істердің жүзден бірі ғана. Ақ жолда «серік, шерік қосып», кәпір болып жатыр деп халықты алдаған залымдарға, кітаптан басқаны оқи білмейтін ақымақтар мен жүрегі жабылған надандарға; Ата жолы Құдайдың ісі болып жалғасып жатқанына, ақ ұлдың ісінің де, рухының да өлмейтініне мысал болсын деп қана берілген ақпар.

      Болашақта әлемге ұялмай жариялайтын ақ жолдың, жан ғылымының нұрландыратын Ясауи бабамыздың көріп, біліп айта алмай кеткен, тылсымнан аянмен оқылып, жаздырып жатқан «Тылсым сыры» болып құран аяттарымен негізделген кітабы да бар! Ал адам баласы берілетін рухтың сыры; Мөрдің жеті сатыдан тұратыны Інжілде көрсетілген. Сондықтан оң қолды қою арқылы кез келген пенденің жүрек көзін ашу Ғиса пайғамбарымыздан басталып қазақ елінің оны меңгерген рух елшілігінің таңбасы «шырағдан» Қажы бабамыздың зиратынан табылып, Астанада мұражайда тұр. Ол шырағданның сандық мәні «1874»! Мұхаммед пайғамбарымыз да жауырынға қолын қойып жүрек көздерін ашатын қасиет болған. Ол қасиетті санаулы ғана (3 сахаба) меңгерген. Олар кімдер болды? Қазіргі сопылық жолдамыз деп ұстазын пір санап, қолтығынан өту осы бірінші дәрежелік мөрдің, яғни періштедей тазарып, балам болдың деген белгісін береді. Онымен шынында ол періштедей таза болып, тылсымға жалғанып, аян, түс, уахи алу дәрежесіне жетті ме? Өздерінен оны сұрап көрсеңіздер болады. Ал Ясауи бабамыз бұл жүрек ашудың терең сырларын, хикметтерін меңгеріп, түркі әлемінде мыңдаған шәкірттер дайындап, сол мұра енді біздерге ұрпақтарына нәсіп болып, кез-келген қазақ баласының ондай дәрежеге жету себебі қанымызда, ділімізде, хикметтің жүрегімізде туғаннан зейнеттелуінен деп түсінгеніміз абзал. Мариям анамыздың және басты 4 елшінің қазақ жерінде жерленуі, қазақ елінде Ғиса пайғамбар хикметін, Ясауи бабамыздың білімін жалғастыратын «Ақ ұлдың» елші болып келгеніне куәлікке жетпей ме? Ақ ұлдың хикметінің саны да «1874» және 21+бір. Ақылмен ғана иман келтіріп нақты ғылымға, құран насихатына, киелі кітаптарға бой ұсынсақ және дәстүрлі дінімізді мойындасақ «Ақ ұлдың» рухы қазақ жерінде ту болып желбіреп, өлген жүректерді еріксіз оятқан хикметті істері көптеген дарынды, адал қазақтың ұлдарына нәсіп болып, қазақ дін дәстүрінің әлемге ақыл беретін аға дін болар күні туатыны сөзсіз. Өздігімен дінді меңгеріп күнәлі рухы өліп, қайта жаңғырмаған, оянбаған жағдайда ішкі әлемнің соғысымен бір күні жарылыс болып, білімсіз, шежіреден хабарсыз пенделердің жынның еркіне беріліп өзіне қол жұмсауы, өзгені жаруы, болмаса басқа азғындардың жетегіне еріп кету қаупі («намазхандар» арасында да) арта береді. Ал бұндай жағдай жалпы халықтық сипатқа айналғанда жаратқаннан қан төгіске, соғысқа сынақтар түсіп жан құрбандығы сол халықтан алынады. Бұл рухани тоқырауға ислам елдері ұшырағанына күнделікті куә болып отырмыз.

     Ел, дін басшыларының, ғалымдардың арасында жасынан көк жиекті көріп өскен, талағында биті бар ұлт жанды азаматтар болса негізгі бағытынан адасқан, тура жолдың қисығына бұрылып алған көпшілік ақ жолдықтарды тәрбиелеуге ат салысар деген үмітпен және алдағы діндегі «шерік, серік» деген исламдағы жалғандықты әшкерелейтін, басылымның тек қазақ арасында таралып ақиқатты, құран ғылымын ашылуына қол созар деген ақ ниетпен; Оян қазақ! Атаң келді алдыңа! Атаңменен несібе, батаң келді халқыңа! «Батасыз құл жарымас, баталы құл арымас!» Ниеттен де қолыңды жай; «Алға басып, өркені өсіп келе жатыр адамзат, Не боларын ертеңгі күн болашақ. Бар дүние, бар ғаламат бір Алланың қолында, Алла жолын мойындасаң оңғарылар жолың да. Растығын «Алланың» Абай атам жырлап өткен өлеңмен, Алла жалғыз, Алла шексіз шек келтірме оған сен. «Құдайсыз қурай сынбас» деген сөз ескіден, Шындығына ақ ниетің, ой-өрісің жеткізер.» «Аруақтың пендесімін аманатты жүктеген, Бұйрығын Бабалардың орындайтын көптеген. Алла барын мойындатып, иманды ғып ұрпақты, «Ата жолға елің үшін еңбек терін төк» деген… Аруақ көп, тылсым жақтан ел үшін, Алла жолмен биіктетер ел ісін. Ту көтерді Айша Бибі періште, Еңбек етер, ұрпақ үшін біз үшін. «Бір жеңнен қол шығарып» бірлесіп, «Бір жағадан бас шығарып» жүздесіп, Айша Ананың ақ туына ілессек, Жетерміз-ау биіктерге күнде өсіп, Аманатын аруақтың жеткіздім, Ақылға сап, сараптап бір өткізгін. «Өлі риза болмай, тірі байымас» дегенді, Туралықты Бабалар, айтып кеткен тек біздің.» «Жүрегіңде «Алла» болсын бар ғаламды билеуші, Жол көрсетер құран кітап, бір өзіңе жетекші. Аруақтар батасымен болсын қазақ, тіреуің, Сонда ғана жалған өмір сынағынан өтерсің..!»
(21 қазан, 2000 жыл. Қыдырәлі Момбай ұлы)
Мамыр айы 2011. Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.