«Құдайсыз қурай сынбайды» деген даналар. «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қол қабыс» деген Шәкәрім әулие атамыз. Энштейн ғұлама; «Күнә жоқ, оның барлығы Құдайдың жоқтығы, Құдай болған жерде күнә да болмайды. Сол сияқты қараңғылық та жоқ, оның барлығы жарықтың жоқтығынан, суықтық та жоқ , оның болуы жылудың жоқтығынан.» деген екен. Ал жаратылыстың түп негізі Алла қандай жағдайда да бар және мәңгі. Алланың барлық қуаттардың егесі- тәңірі болып және жаратылыстағы; жамандық та, жақсылық та, жанды, жансыз барлық жаратылыс та тәңірлік сипаты, қуатымен басқарылып түрленетін және мұның бәрі де тұтастай бірлікте Алланың тәндері болып, барлық әлемді Алланың денесімен баурап тұрғанын білсек онда барлық нәрселерде белгілі бір Алланың мөрі бар екенін де аңғара аламыз

«Мұхаммед ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір хақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз Алла иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салады.( (22-54) Бұл аятпен  Алланың өзі ғана тура жолға салушы екендігін, яғни Алламен байланысқа түсуші, хабар алушы және оның ашық белгісі түрінде ғылым берілу керек екен. Сонда ғана иманның толысуы мен жүректердің көзі ашылып хақиқатты көруімен белгілі болмақ. Ал онда ғылым берілгендер қандай хақиқатқа бөлену керек?

       Құдай -БАР,  БІР Алла -Тәңір, Ол Алла- жалғыз, Барлық жаратылыстың Раббы Алла. Құдай Бір емес, жалғыз. Жалғыздықтың құпия сыры, ондай нұр барлығында жоқ. Тек Құдайдың өзіне ғана тән сипат. Сондықтан Ол Алла (құдайымыз-нұрымыз) жалғыз. Егер Құдай Бір болса, барлық жанды, жансыз нәрседе де бірдің қатысы болып, құдайлық сипат болар еді, онда Алланың өзі жалғыз басқарушы, үкім беруші болмас та еді. Ал жалғыздық тек жанды ақылға ғана тән болғандықтан «Алдыма жалғыз келесіңдер» деген Алла тағала. Олай болса әбір жанның өзіне тән жалғыздық белгісі,  қасиеттік, қабілеттік ерекшелігі болады деген ұғымды да білдіреді. Адам баласын түп негіз нұр сипаты кісілік жалғыздан жаратқанымен; «Жалғыздық Құдайға ғана жарасады» деп жартылық сипаттарды некемен қосып екі жарты (жын қуаты мен шайтан сезім қуаты) бір бүтін болып, төртке көбейту парыз болған адамзатқа. Сондықтан; «Бас екеу болмай, мал төртеу болмас» деген. Бас жалғыз, ол Алланың добы, құдайлық нұрдан жаратылған. Екі бастың өзара қосылмай неге өзінше жалғыз болып бірге жүруінде не сыр бар? Ойлау ерекшелігінде, ой қуатын меңгеруінде, қозғалыстық қуаттылығының жиілік, тербелестік, кернеулік, өрістік ерекшелігінде емес пе? Еркектің басы құдайдан, әйелдің басы еркектің аяғынан деп неге айтқан інжілде? Бастық қуаттық, ой  қозғалыстық ерекшелігі  болмаса қалай жыныстық айырмашылық пайда болады? Бір жыныстылықтықтың, рухани азғандаудың, әйелдердің еркекке айналуға құштарлығы, ерлердің жіңішке мінезділікке айналуына осы бастың тазалықтық жағдайы деп ойламайсыз ба? Сондықтан бастың қадірін білмегендер түбінде жалғыздықтың зардабын да тартады екі дүниеде де. Мал төртеу, олар бір ақылдың көлігі. Сондықтан; «Төртеу түгел болса төбеден, бір ақыл келеді.» Бір ойдың, таза ақылдың бірлік қуаты. Ал мұндай  ақылмен ойланғанда; Пұтқа табыну дегеннің өзі жанды, жансыздық ұғымына байланысты. Жанды ақылға Бірге «Единицаға» табынбаған Адам болып өмір сүре алмайды. Қазіргі заманда білімнің өзі қаракеттік, танымдық ақылдың өлшемі болып, мектеп жасына келген баланы да пұтқа табындыра алмайсың да, қисынсызға нандыра да алмайсың. Әрбір білімді адам баласы Алладан берген; Бір жанның сырын түсінсе, жансыз пұтқа табындыру деген түк қисыны жоқ ертегі ғана екенін біледі. Сондықтан масһабшы, тәпсіршілердің бұл ұғымды оңды-солды пайдалануының өзі надандық. Жын және шайтанда — бір ібіліс-кісілік бар, ал рухани бірліктегі жаныңда- бір «мендік» бар, киелі  рухта бір тазалықты сүйетін кісілік бар. Сондықтан Алланың Бір тәңірлік сипаты барлық жаратылыстың нәрселерінде бірдей барлығын білдіреді.  Бірақ Бір Алла болса, Бір ақылмен басқарылатын жанды қозғалыс иелері болып салады. Сондықтан әрбір сөздің өз орны барын ескерткен құранда. Сонымен Алла тағаланың өзі жол-ғылым болса, Раббымыздың бірлігінің ерекшелігі мен Алла тағаланың ғылымдық сыры қандай? Тәпсіршелердің білімді ақыл қылып, логикалық пайымдаумен сөз ұғымына үңілуіге, ойлану қабілетіне тиым салып, ақылды қақпанға байлап қойғанына яғни жынмен шектеліп негізделуден құтылғыңыз келсе, әр сөздің қуатын ерекшелігіне үңіліп, ойды еркін меңгерсеңіз ақылда бостандыққа шығарары сөзсіз… Ал енді өзіңізді байқап көріңіз тапқыш ақыл, таза ойды шақырып. Бірақ ол үшін не керек, қандай рухани қуаттарды меңгеру екенін білесіз бе?

Қазақтың қанындағы бар әдеті ескі ақылға, қайғыға шырмалып алып онан шыға алмай кекшілдік, ызақорлықпен негізделуден қазақ халқын ашық қырғынға ұшыратқан ел билеуші хандар, батырлар, билер болғаны да хақ. Өзара жерге таласу немесе бір жесірге бола бірін-бірі өмірі көрместей жауға айналу. Таққа талас, баққа таласпен қазақтың үнемі бірін-бірі өзара араз қылған ел билеушілерінің мұндай әрекеттерін сыртқы жаулар оңай пайдаланған. Қазақты жаулау үшін осындай дау-дамайды тудыратын сатқындар өз арамыздан шығып, сыртқы жаулармен ауыз жаласып жасырын пайда тауып отырғаны да хақ. Сонымен бірге дін тұрғысында да арамыздан үнемі сатқындар молда, ишандар шығып араптың салтын тықпалап өзіміздің ұлттық рухани даналықтарымызды, дәстүрге айналып бекіген дінімізді, тарихи шежіремізді мүлде жасырып жоғалтуға тырысып отырып бұл да талай замандар ғасырлар нәтижесін беріп отырғаны да сөзсіз.

Зайырлы деген ұғым адамзаттың және барлық жанды жаратылыс егелерінің, адамзат қолынан пайда болған туындыларының ішкі жасырын қасиетін білдіреді. Сонымен біздер неге зайыр сөзін мемлекеттің дін ұстанымына пайдаланып, ел билігі діннен бейтарап деп түсіндіреміз?   Бір нәрсені ұғыну үшін бейтарап болмай, сол нәрсемен бірге өмір сүріп, оның ішкі сырын жан-тәніңмен сезінбей, оның жалпы мазмұнын, құрылымын және қозғалысын, әсер-әрекетін зайырын білу мүмкін емес. Сонда біздің мемлекетіміздің ел билеушілерінің саясатының құпиялығы ма, әлде өздерінің ойларына шоқыну ма бұл жағдайымыз?

Аллаға табынамын деген ұғымда-Аллаға ғашықтықтан бастап оған ұқсау, еліктеу, сондай болу деген ұғым пайда болады. Біз түп иеміз жаратушыға табына алмаймыз. Ондай болғанда бізде жаратушы боламыз деген ұғым пайда болып немесе барлық қарсылық жамандақтарына да табынуға тиісті боламыз.  Сондықтан бар әлемді жаратушыға табыну да мүмкін емес. Бізге ақылымызбен қабылдауға лайық, әлем ішіндегі «ӨЗІНДІК» «Бірлік», «Мендік», махаббаттық сипаттарының көрінісі пайғамбарларға, ғұлама-даналарға, елшілерінің меңгерген ақылындарына ғана табыну арқылы біз бірге, жаннат тұрғындарына бірленіп қосыла аламыз. Ал «Мен» , «Маған»-деген де таза ақыл нұрының сипаты екенін білген жөн. Раббымыз; «Мұхаммед егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?», де.» (10-16)

Мұхамедия ағамыз Сары әулие туралы мақаланың астына; Бұған Тоқберген Байтасов не айтады? деген сауал қойған екен.  Бұл сауалға жауап берсем; Мұқан ағамен сонау 1995-жылдары біздің үйде дастархан басында бірге болып және есте қалатын бір әңгіме, оқиғаларға да куә болған едім. Мен Алматы маңына Киз ауылына көшіп келіп Каскелеңде көлік жөндейтін шеберхана ашып жұмыс істеп жүріп, Сары әулие аталған Марат мырзамен біраз жолдас болған да едім. Ол кезде бүкіл халықтың Маратты Сары әулие деп атап, емдеу тәсіліндегі  түрлі кереметтерге таң қалып, ерекше құрметтеп  жатқан уақыттары да болатын.