Өлім белгісі – ұйқы, тұрағы – жан.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 176

     «Әркім өлімді татады. Сендерді сынап, жаман жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар (19) Әрине оларды  да аталарын да  ұзын бір өмірге дейін пайдаландырдық» (Әнбия-44). Жаратылған нәрселердің бәрі бір жағдайдан бір жағдайға өтеді деп ескертеді жаратушымыз, сол өткелді өлім деп атаймыз. Тек уақыт айырмашылығы ғана салыстырмалы. Барлық құбылыс, жағдай 4 бөлікке бөлінеді; қатты, сұйық, бу, ауаға араласу (эфир).  Бұл қарапайым  құбылысты  судан байқауға болады.  Қандай нәрсе болсын бір жағдайдан  екінші жағдайға өту үшін  екінші, үшінші нәрселер әсері одан  шығатын,  бөлінетін нәрселер керекті, керексіз т.б.  қасиеттерімен  айқындалады.  Бәрі әртүрлі жиіліктегі тербелісті құрайды. Бірден басталып 60 сек, минут, 60 минут, сағат, 24 сағат тәулік, 367 күн жылды құраса, адам өзгерісі де осындай  тербеліске бағынады. Кіші тербеліс арасы ұқсас, сосын ара қашықтық ұлғая береді.  Енді соған ой жүгіртіп ақылмен барлап ақиретпен өлшесек, секунд дәрежесіне тең өлім тербелісі — ұйқы.  Күніне бір өліп қанша жыл өмір сүрсең,  соншалықты күн өліп тірілу бар. Оған дәлел аятта: «Өлер уақытта жанды Алла алады. Сондай-ақ  өлмегендердің жанын ұйқыда  алады. Сосын өліміне үкім берілгендікін тоқтады да  басқалардікі  белгілі мерзімге дейін жіберіледі. Сөз жоқ мұнда  түсінетін елге  ғибадаттар бар» (Зүмәр-42) Ұйқы мезгілінде көру, есту, ойлау қабілеттері  тоқтайды, кейбір сезім мүшелері ажыратылып, бірақ ұйқы уақытында сапар  шегуге, болашаққа,  өткен шаққа не  бір оқиғаларды бастан кешуге болады.  Бірақ барлық пендеде бірдей емес. Неге?  Кейбіреулер дым сезбей шынымен өледі? Немесе қорқынышты арпалыстарға түсіп болмаған соң шошып оянуына  тура келеді? Осыны ахирет деп, екінші бір  жиілікке өтуді айтады. Кіші  өлім «ұйқы» жанның қаншалықты қандай  дүние жинаған көрінісі. Аятта: «Ол сондай түнде  сендерді өлідей ұйықтатады. Және  күндіз не істегендеріңді біледі.  Сонан соң  сендерді белгілі бір  мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтіп барар жерің  сол жақ.  Одан кейін  істеріңді түсіндіреді» (Әнғам – 60).

     Күндізгі істер  өлшеніп есепке алынып, жаманды жақсы күйге түсіп, немесе керексіз мағлұматтар өшіріліп келесі  күнге  жан өзіне бағдар тапсырмалар алып отырады. Демек әр пенденің жанының ұйқы кезінде баратын өз орны, кеңістігі, есеп беретін орны болып бүкіл тағдыр жазылып отырады. Есте сақтау қабілеті жанда болады.  «(Мұхаммед Ғ.С.)  Раббыңның  мәрхаметін  олар бөліп бере ме?  Олардың  дүние тіршілігіндегі несібесін араларында Біз үйлестірдік. Сондай-ақ бір-біріне бағынсын деп,  бірінен-бірін дәрежеде көтердік. Раббыңның мәрхаметі олардың жиған-тергенінен артық» (Зұхрұф 32). Адам баласының бүкіл өмірлік ризықтық несібесі жан қуатына тәуелді болмақ. Сол үлесін тек ұйқы кіші өлім кезінде жинайды. Олай болса пенденің жарты ғұмыры қалай ұйықтауға немесе қалай өлуге тәуелді болмақ. Демек ұйқы немесе өлім келесі өмір жалғасы. Сондықтан да жан өзіне тек ақиретке өткен жандарға тәуелді түрде ғана несібе жинайды.

      Жалпы өлім белгілі мезгілге және  уақытқа  тәуелді  құбылыс. Мезгіл өз дәрежесінде 4 кезеңге бөлініп отырады. Өлімнің де пенде үшін сондай белгіленген мезгілдері болады. Енді сол  мезгілдер ішінде  қиямет сағаты, сосын  қиямет күні және  қиямет қайым болып, бір мезгіл есеп уақыты болып  тұжырымдалып отырады.  Жанның үлкен өлімі (өмірден озу) жалған өмір есебімен қиямет мезгілі, ақиреттің басы болып  есептеледі. Ақирет тіршілігі басталып өлшемді берілген жылдардан соң өлім  сағаты, күні және қиямет-қайым болып барып ұзын өмірге өтеді. Бір сағат ішінде қанша минут болып тербелсе, ақиреттік уақытының өзіндік ұзындық өлшемі бар.  Бұл әрине өз парызын өтеген жанның  рух белгісіне тәуелді түрде өмір сүрген жандар үшін есеп бағдар.  Өлімді  түсіну үшін жан ғылымынан хабардар болу керек,  ал жан ғылымын меңгеру үшін тәнді білу шарт, сондықтан да әулие бабамыз:

Ғалым тән мен жан екеуіне басшы болар,

Жан ғылымы Хазіретіне жақын тұрар,

Махаббаттың шарабынан  ішіп тұрар.

Ондай ғалым, ғалым болар достар — ә.

       Яссауи    бабамыз  жан ғылымын  меңгерген және түрлендіру (тазару),  рухтан  қосымша белгі алу (махаббат шарабы), байланысқа шығу тәсілін меңгерген ғұлама. Сол салған ізбен бабамыздың іздегенін іздеп көрелік, енді  мұқият болыңыз оқушым.

      Жан тазалығының соңғы шегі Алламен жүздесіп  мәңгілік бақыт ләззатына кенелу.  Бүкіл жеген тамағыңның нәтижесі тек  ауызда қалған дәмі ғана.  Қалғаны малдың ләззаты немесе қозғалыс қуатына айналар, оны нәпсі дейміз.  Адам жанын ғана Алла тағала бөлек ерекше жаратқан, бүкіл жаратылыс  тек соған  қызмет етеді. Сол үшін  оған керекті жоспарды  есту, көру, ойлау қабілетін берген, сонан сезім,  түсіну белгісі қалыптасып  сөз болып шығады. Сөз — соңғы нәтиже. Ахиретке өтетін басты белгі. Ахиретке өту тек өлім арқылы ғана  іске асады.  Яғни бір жағдайдан екінші  бір жағдайға жиілік өмірге өту.  Жалғыздық тек Алла тағалаға тән сипат.  Сондықтан  барлық  жаратылған  нәрсе жұп,  міндетті түрде  екінші болмысы болады.  Көрінбейтін (көмес) өмір деп  екінші бір жиілік тіршілік ортасын айтады. Екінші өмір жиілігінде жақсылық істер  жарық болып тағы оған  көбейтіліп өседі, дамиды, ал жаман қылық істер қараңғылыққа айналып сол қалпында  тазаруға тозаққа өтеді.  Тазарған жандардың ұжмақ, бейіш, сосын  жаннатқа өту  кезеңдері басталады. Әрқайсысының өз  уақыты, жиілігі, есебі бар.  Қиямет-қайымға дейін  адам жанына қайта-қайта  мүмкіндіктер,  түрленуге жоспарлар, есептер беріліп  отырады. Адам жанына өсіп-өну үшін әр түрлі нәрселер жаратқан. Жалған өмірде көркемдеп тәнді берсе, тозақта түрлі жаратылыс егесіне байлап қойса, әрі қарай күрделене бермек. Бірден жәннатқа жетіп барып кейін бірден тіріле салу ол надандар ойлап тапқан ертегі. Сондықтан қашанда жан жұмыс істейді, үнемі қозғалыста болады. Жалпы төрт кезең мезгілден өту шарт! Сынақтардан өтіп,  қиындығына төзіп, жеңіп шықсаң  келесі белеске өтесің.  Сынып кетсең өзің сияқты жандармен топтасып тағы  мүмкіндік беріледі.  Үштің бірі сосын  бестің бірі …  әрі қарай мыңның бірі болып жалғасып кете береді. Демек жан мәңгілік өмір сүреді, тек қайда бұрылу болашағыңның бір кірпішін құюды өзіңе беріп қойса, қалайтын құдай шебер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *