Біреу маған от жақ деп қылды бұйрық,

Жағайын деп ұмтылдым, көңіл жүйрік.

От жаққалы жатқаным-бір үлкен үй,

Отын жиып қойыпты талай күндік.

Шақпақ жағып жібердім, қуға түсті,

Тұтандырып алуым болды күшті.

Қызыл өңеш болғанда азар жанып,

Соған шейін асығып, ішім пысты.

Отқа әкеліп отынды салып еді,-

Жалын шығып лапылдап жанып еді.

Үй жылынса, қайтейін, залал да көп,-

Жалын барып талайды шалып еді.

Жалын кетіп, аздан соң шоқ болды құр,

Отын бітті, үрсем де жана алмай тұр.

Жалынды оттай жайнаған, қайран өмір,

Шоқ сөнген соң қап-қара болды көмір.

(Шәкәрім әулие)

***   ****

Өмірдің нәрі махаббат бір сипатты,

Жаратқан бір кісіден жан жаратты.

Кісіден жұбайын жан тұрағы ғып,

Жан анадан, сүйегі- асыл  үй ағашы.

Ошағы үйдің орны жатыр, от анасы,

Тұзы ауыр, судан отын, май парасы.

Бой жетті деп қызулы қызды айттырып,

Некемен ат байлаған тегіне үш ағашты.

Отынды жаққан еркектер шақпақ затты,

Май жинаған бойына зейтүн атты.

Ғашықтық, ыстық ықылас жұптасуымен,

Өмірдің отын жаққан ер шақуаты.

Лаһабтың қолы құрсын қарғыс атты,

Аруағын өсіре алмай бір қуатты.

Қатыны отын арқалап тозақ кірмек,

Құранның құпиясы, сыры — өмір аяты.

Бұл оттың жарығы мол, ләззат қызуы бар,

От жанса, отының шоғы болар.

Оттан талай жалынмен жын қуат пен,

Шоқ сөнсе, ысы- күнә, көмірі және қалар.

Көмірін қанда жағып тазартатын,

Күнәні етек кірімен шығаратын.

Қатын деп қасиетті атау берген,

Қанынан  ер шарап пен сана алатын.

Әйел — жер, өмірге қуат отын жинап,

Үйінің ошағында  отын жақпақ.

Аманат атына нәсіл жан беретін,

Жерін өртеп, ер азамат атын алмақ.

Мал-етін, қуат беріп, тазартатын,

Ер азамат бақташы боп мал бағатын.

Егін сап, ұлт бақшасын өсіреді,

Ақиретке азық жинап, ақтауға аманатын.

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *