Орын, үй қуат мекені(188)

Бөлім: Зікір өлеңдер 41

Бірлікпенен іс қылмақ,

Жетістікке қол созбақ

Тектілердің ісі емес,

Орын таппай баптанбақ.

Сегіз сері жасырған,

Қулықтарын асырған.

Адалдықпен меңгерсе,

Тау мен тасқа жалғанған.

Күш ғаламад келер ед,

Бойға қуат берер ед.

Ойын ойнап тар істің,

Адамшылық кім демек?

Тақиясына тар келмек,

Селтең қаққан көпке ермек.

Бастан әуелі ойланып,

Кеңес құрмай бол демек.

Ұлы іске қарманбай,

Өлексе жеген қарғадай.

Дүние боқты жинаған,

Ерлік емес ой таппай.

Есірген көптің мақтанға,

Айналған ессіз мастарға.

Қосарлану ерлік пе,

Тәтті сөз айтып жаққанға?

Десең дағы ауыр сөз,

Ащы шындық болар тез.

Айтың неге кім демек,

Сопыларға болмас кез.

Балаша мәз боп қуанып,

Кешірілді деп күнәміз.

Жаттанды білім құр ермек,

Амалсыз немен жуамыз?

Ғылым таппай мақтанба,

Құранды босқа жатауға

Құс жолына жалғанбай,

Мекенін таппай қарман ба?

Орын, үй қуат мекені,

Жаратылыстың бар әлемі.

Адамзат болып көбейіп,

Бір қуатпен көктен өтпегі.

Қырық бір періште қызметі,

Адамзат тәні үйлері.

Кебенек ақыл шекпені,

Бейнеттің түбі зейнеті.

Ақиқат шындық мекені,

Бір қуатпен пенде жетеді.

Көк пен жердің шегінен,

Жалғанып Бізбен өтеді!

(Қараша 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *