Орақ тілді пенденің,
Тілінен у мен бал тамар.
Басы бүтін пенденің,
Жеті жаны бір болар
Орақ тілді пенденің,
Тілінен у мен бал тамар.
Басы бүтін пенденің,
Жеті жаны бір болар
Теңізде жүзген кемедей,
Жолаушылап өтесің.
Өмірің бұл керуендей,
Келдің көрдің кетесің.
Құлақтан кіріп бойды алған,
Сөздің мәні болады.
Қарсылық болса жүректе,
Күс болып сыртта тұрады.
Кебін киген адамдар,
Ұятпенен дос болар.
Әуреті тәнің қорғалса,
Жан бақшасы жайқалар.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Жаманы ойдың басыңда,
Сары сумен қосыла.
Пиғылым түзу десеңде,
Қарсылық қылар ақылға.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Асықты көңіл дүниеге,
Ниетті беріп әрнеге.
Қызығын жалған аңсайды,
Байланып білім, сезімге.
Нәр татып ұлттық бақшадан,
Өзге елден болдық салт алған.
Кісілігіне қарап сөз алып,
Дәстүрін ұлттың тастаған.
Маңдай көз тағдыр есігі,
Жақсы мен жаман кепілі.
Жан сарайдың бөлшегі,
Тағдырдың болар серігі.
Болмаса ауру тәніңде,
Көрмессің азап өмірде.
Сау басқа тілеп сақина,
Алмайтын аз бүгінде.
Қисыны жоқ мәні жоқ,
Салмақ болған ойы жоқ.
Іспен сөзден абай бол,
Сырты бояу, іші боқ.