Хақиқат (278)
Бөлім: Зікір өлеңдер
Қырағы көздің шалғаны,
Көкіректен ояу ой бары
Қалт жібермес баққанын,
Жеткізбес миға жалғанды.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Қырағы көздің шалғаны,
Көкіректен ояу ой бары
Қалт жібермес баққанын,
Жеткізбес миға жалғанды.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Алла берген үкімін,
Ұқсасы Бол деп ӨЗІНІҢ.
Жер бетіне халифа,
Баласынан Адам бір кісінің.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Түрленер таңба белгіге,
Тәңірлік қуаттық жүйеге.
Жетпіс алты таңба Құдайдан,
Жалғанар мөр үніне.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Құдайдың сөзі қанатты,
Түсінгенге салмақты.
Екі қиыр шығыстан,
Шындық боп түсер хабары.
Сәулесі сөзбен табысқан,
Қаралықты бойдан жабысқан
Орап өтіп тазартар,
Ойыңды бойдан шалыққан.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Жасампаздық жақсы қасиет,
Жол табарлық ол қажет.
Тоғыз жолдың торабын,
Жол-жобамен меңгермек.
Орақ тілді пенденің,
Тілінен у мен бал тамар.
Басы бүтін пенденің,
Жеті жаны бір болар
Теңізде жүзген кемедей,
Жолаушылап өтесің.
Өмірің бұл керуендей,
Келдің көрдің кетесің.
Құлақтан кіріп бойды алған,
Сөздің мәні болады.
Қарсылық болса жүректе,
Күс болып сыртта тұрады.
Кебін киген адамдар,
Ұятпенен дос болар.
Әуреті тәнің қорғалса,
Жан бақшасы жайқалар.
Бөлім: Зікір өлеңдер
Жаманы ойдың басыңда,
Сары сумен қосыла.
Пиғылым түзу десеңде,
Қарсылық қылар ақылға.