Негізінде аққу, сұңқар ұғымы метафизикалық тұрғыда көз бен жүректің бірлік жүйесі және құс тілімен жалғанумен байланысты. Мұны құс тілі ілімімен байланысты деп түсіну керек және көру, есту қасиеттерінің бірлігі болмақ. Яғни көру сезімі арқылы ести білу қасиетінің жетілуімен, есту сезімі арқылы көру қасиетінің бейнеленуі болмақ. Бұл екі түрлі қуаттық жүйенің де екі түрлі көздің қасиеттілігін қалыптастырумен нәтижеленбек.  Енді Көз дегеніміз барлық жанды жаратылыстың  дүние мен табиғат жаратылысын танып меңгеруге негізгі жарығы болып,  екі жарты танымнан, танудан тұрады. Толық оқу …

Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жүрген сұхбаттан:

Жанар Даулетханова
Алланың аманатын арқалап, əулие бабаларымыздың аруағы қолдап Алланың ақ жолына Имандылыққа халқын жетелеп халқын арақтан нашақорлықтан тазартып ұрпақ үшін ақ жол ашқан Ақ ұл ағамыздың аты мəңгі өшпейтініне мен сенемін.
2017ж., 5 ноября в 17:50

Токберген Байтасов
Сезімдік тұрғыда осылай сияқты. Бірақ Ақ ұлдың атын өшіруге өзінің ең жақын шәкірттері ібіліске қызмет қылып арпалысып жатқанда Ақ ұлдың жаулары әзірге жеңіске жетіп жатқаны хақ. Ақ ұлдың ісін алға бастырып, ата жолын биікке шығаратын аз ғана аққу, сұңқар сарбаз шықпақ!

Тылсымнан құрбан айтының алдында «елді рухани оянуына аруақтарға уәде бергендерге қыспақ түседі, тезден өтеді»,- деген хабар келген. Артынша аруақтардың батасында Арыстан бабаның; «17000 пендеге қыспақ түсіп електен өтеді» деген хабары келді. Бұл санның ішінде Ақ ұлдың алдынан өткен жүрек құлағының мөрі ашылған 7600 аққу сұңқарлар болу керек.

Періштемен аруақтың айырмасын талқылайтын мезгіл келген ау шамасы. Сайт бетінде сауалдар қойыла бастапты. Әрине мұндай сұрақтарға жанама жауаппен масһабшылар түрлі пәтуалар бергенімен де жүрекпен қабылданбайтын ойы келіспеген сөздерді енді қазақтың рухани ояна бастаған ер, әйелдері қабылдауы да қиын шаруа.

Бас киімнің нығметтері; Жалпы ер әйелге ортақ рухани жағдай; Есте сақтау қабілеті артады және бір қалыпты болмақ. Ұйқы бездері қуаттанады. Бақ жанады. 11-санды нығмет келеді. (Бақ қарап, қыдыр дариды)