Пірліктің бар шоқтығы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 112

Пір — Раббы, Пір — Мұхаммед, Ілім — Құран,

Құранды меңгерумен болмақ кісі-Адам.

Інжіл, Тәурат, Зәбур мен елшілерден,

Жиналып бір ислам діні шыққан.

Сүнетімен Мұхаммедтен толықтырған,

Ислам деп дін бірлігін аттын қойған.

Кітабына тылсымнан жалғана алмай,

Адасып талай әулиесі жолда қалған.

Алланың өзін іздеп досты тапқан,

Пір қылып екі араға көпір салған.

Алланың иірген жібін ұстап,

Тарқатып кері оралған болма надан!

Қарулан білім алып шариғаттан,

Ұлттыңның діл білімін берік ұстан.

Масһабтың бар білімі түзу деме,

Ішінде қақпаны бар, ібіліс қарсылықтан.

Жеті атаң шежіресін тарихаттан,

Ақ арыстық Мұсадайын кітап алған.

Қасиетін жеті әулие меңгерумен,

Жер кезіп табаныңмен рұққа жалған.

Төрт көзің түгелдігі сопылықтан,

Ғисадай  төрт жағынан хабар алсаң.

Тарихатты меңгеруді бұл белгісі,

Төбемен білім алған жұлдыз  жақтан.

Мағрипаттың сатысына қадам басқан,

Сан ғылымын меңгермек даналықтан.

Тұнғиық ой теңізіне шомыларды,

Жетесіздік тазарып, бой толысқан.

Мағрипатта дарабоздық оза шапқан,

Сопы ғалым құраннан сыр тарқатқан.

Алладан аян алып көкке шығар,

Ақиқатты көруге есік ашқан.

Ар сауыты толымды қорғап тұрған,

Жете, сана түйсікпен қуаттанған.

Мәңгіліктің белгісін алған сопы,

Сегіз жолын, құс жолына жалғастырған.

Қазан-ошақ киесі құт боп қонған,

Ғиса мен Мұхаммедке жалғастырған.

Бес күлшені бес мың адам тауыса алмай,

Артында несібе нан артық қалған.

Жердің бар кіндігі Раббы нұрдан,

Әлемнің бар нәрсесін қозғап тұрған.

Ақиқаттың шыңы бұл әулиелік,

Ясауидей бабамыз мирасқа алған!

Исламды толықтырмай деме Құран,

Араптың тіліменен үгіт алсаң.

Тіл білімі- жеті әлемнен кітап алып,

Ділімен ана, бір ғылымға жалғандырған!

(қазан 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *