Қариясыз қалған қазағым

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 211

КҚриясы жок елдің,

жастары болар дуана.

Бір сынаған жаманды,

екінші қайтып сынама.

Тіршілікте сыйласпаған агайын,

кұм кұйылсын көзіне,

Өлгенде боска жылама. (М.Өтемісұлы.)

****   ****

Қартая білу адамға,

Сынағы діннің жаныңа.

Алжусыз қарттық меңгермей

Ақсақалы болмас ауылда?

Кәрілігі бұл таңында,

Жыннан шайтан болуға,

Жігіттікпен қоштаспай,

Күйлеген үлкен, заманға.

Жас емес үлкен дуана,

Дәстүрің қазақ бола ма?

Анадан кетсе ақ жаулық,

Етексіз қызың жын ғана.

Бөрікті бүгін шал бар ма?

Жынды су бастан шығарған.

Қара жын баста телпегі,

Сегіз қыр жынға байламға.

Әжелік жоқ бойында,

Шайтаны ерген соңында.

Қара қатын қылығы,

Кемпірлік жоқ жанында.

Жеті жаны түгел би қайда,

Алты аузын бірге жалғауға.

Иманнан билік бас тартса,

Еліңде қазақ дін бар ма?

Тәңірің «зайыр» болғанда,

Құдайдан қайыр болар ма?

Екі жүзді мұнафық,

Білімді үлкен оңған ба?

Тіршілік өмір сынарға,

Берілген жанды жалғауға.

Тағдырың Алла дін жібі,

Дәстүрмен өріп аларға.

Қуатын әлемге қосарға,

Тақуалықты үлкен аларға.

Дәстүрі ата жолында

Сұпылық ісін жалғарға.

Ұжданды кісі боларға,

Ар сауытын қорғарға.

Қазақта үлкен алжыды,

Жастарға жолды саларға.

Шешендік ойсыз айтарға,

Көсемдей білім көп алса.

Төрелік тектілік жоғалған,

Бір есті тұлға боларға.

Қариялық енді қылар ма,

Жоғалтқан үлкен заманда,

Жете мен сана күндерін,

Иманмен іздеп табарға.

Ми тазартпай ой бар ма,

Ар ұятты ойлауға.

Нұрсыз сұлтан басқарған,

Арсыздық салтты қолдауға.

Із кесіп жастар сонарда,

Ақиқатқа жалғарға.

Білімнің түсіп соңына,

Таба алмай үлгі аларға.

Әулиелік мал табарға,

Көсемсіп партия құрарға.

Жүректен берер қуат жоқ,

Ақсақалсыз ел азар да.

Қиямет осы қазаққа,

Қариядан естілік жоғалса.

Дүние мен байлық ойлары,

Түсінбес Раббынан хабарға.

(Қаңтар 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *