Оянар қазақ күн келер  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 45

Түбінде елім күн келер,

Оян деп аруақ түске енер.

Тазартып жыннан ой үнін,

Құдайдан жоба із келер.

Саясатынан арсыз жиренер,

Биліктен шығар кісілер.

Білімді қауым оянып,

Ар, Ұят ісін меңгерер.

Заманың қазақ өзгерер,

Өзгергенді көз көрер.

Билігің қазақ құлайды,

Құдайға қарсы кім төзер.

Зұлымдығын билік түсінер,

Дәстүрі ата жөн көрер.

Жоғалтқан жанын қыз, қатын

Ауысып нәсіл сенделер.

Діншілер түгел өзгерер,

Айдауына аруақ көндігер.

Екі жүзді арада,

Шығады көптен кім білер?

Талайға азап түсірер,

Жүрекке жынды кіргізер.

Бүгінгі керемет ертең жоқ,

Қиын да қыстау күн келер.

Арттағыға үлгі бұл күндер,

Кім сатты арды ел білер.

Білімнен кітап арқалап,

Есектік қауым деп білер.

Аққу, сұңқар дегендер

Біліммен қасиет ізденер.

Шайтанның құрған торынан,

Босанып қайта түзелер.

Оянып ер пенделер,

Дәстүрін қазақ меңгерер.

Бақташы болып қыз, қатынға

Жаулық пен етек жөнделер.

Масқара болдық деп жүрер,

Билеген елді төрелер.

Нұрсұлтан өзі бас болып,

Киесін бөрік меңгерер.

Бүгінгі салтың өзгерер,

Номадтық нәсіл меңгерер

Өлі мен тірі сөйлескен,

Әлемнің жұрты көз тігер.

Хикметін Құдай кім білер,

Патшалығында өмір сүргізер.

Дәстүрін, тілін әлемге

Ұлы дала елін үлгі етер!

Ертек деп мұны жүргендер,

Білімді қауым, билік, діншілер.

Намысың өлген қаныңда,

Ұрпағы боп ібіліс өнгендер!

(Ақпан 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *