Қасқа…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 77

Болмасын қасқа деген балам,

Ер жеткенде басына бақ қонбаған.

Еңбегінен баланың шашын алмай,

Кекіл қойған қазақта ғұрпы болған.

Екі рет жан өмірі қайталанған,

Ібілістің ұрпағы боп ісін алған.

«Қасқа» деп атағанды пенделерді,

Жындылықпен тағдыры таңбаланған.

Жан ғылымын зікірмен жалғандырған,

Бір хикмет іс болды аян болған.

Тозақта терең құдық көкке қарай,

Бас сүйектен өріліп жалғандырған.

Бас сүйектен төртеуден тесік болған,

Төрт көздің орны бар қараңғыдан.

«Қасқа бастар осылай болады» деп

Үн келген ата-баба аруағынан.

Көкке жетіп жын болып үн тыңдаған,

Құдайдың ғайбат күші жалын атқан.

Жерге жанып құлаған талай бастар,

Құрт, құмырсқа жәндікке айналдырған.

Жалаңбастық әдетің бар европадан,

Өмірі жоқ тірі емеске куә болған.

Өлілердің алдында бөрік шешу,

Еркектерге дін салты христианнан.

Жаннан кітап беріліп адастырған,

Ібілістің бұл білімін қазақ алған.

Қасқа болу мақтанышың бүгін таңда,

Екі өмірдің белгісі еді азапталған.

Қулықпен дүние ісіне жалғандырған,

Қулығы дүние білімі таздандырған.

Екі аралық жүйеден хабар алып,

Жындылық, мастықпен жан ұрланған.

Екі күнің төбеде күнің болған,

Жете, сана ақылға жалғандырған.

Жалаңбастар төрт көзі түгел болмас,

Тозақтағы қасқа басты дәлел қылсам.

Жалаңбастар қазақта білім қуған,

Ел басқарып дінді де қолына алған.

Жыннан қасқа басқарған елді Құдай,

Қияметпен азап беріп толғандырған.

Бақ қарап, қыдырға жалғандырған,

Ақ жаулық пен бөріктілік байлығыңнан.

Ар, ұяттың ғылымын меңгере алмай,

Ақыл қалай жетіліп сана болған?

Ақай басты, қоқай басты, қасқа басты,

Төрт жынына сарай болған дудар басты.

Тағдырын қарғыспенен жүктеп алып,

Ақиретке жалғанбай бақ қонбасты.

Қазақтың үлкенінен жете қашты,

Сана қайдан, қадірлер мұндай басты.

Сананы жаңғыртуға жолдау айтып,

Арсыздыққа байлағанды жасырмақшы!

(Мамыр айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *