Қатынға лайық болған кім?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 90

Қатын десе тұлданған,

Қарсы тұрып сөз айтқан.

Жаман сөзді айттың деп,

Үні шыққан шайтаннан.

Еріне бақ бұл қонған,

Өмірлік серік ұғымынан.

Ізетпен қызмет қылатын,

Көңілі кең иманнан.

Тең қуат жоқ Алладан,

Теңсіздік қатын аталған.

Шайтаны мұны терістеп,

Қарсылықты тудырған.

Сабырға қатын тұра алған,

Қиындықта жұбатқан.

Қанағат қылып азға да,

Қуаныш ерге сыйлаған.

Қатын ұғым ұжданнан,

Ар ұятпен қорғалған.

Өмірдің деген бұлағы,

Пайғамбарға сый кәусардан.

Қатын деме ер болсаң,

Хабарың болса, дін иманнан.

Әйелдер лайық аз бүгін,

Ақ жаулығын сыйлаған.

Қаннан тегің жинаған,

Қатынға лайық кім болған.

Шайпау тілді қатын жоқ,

Етектен сана жоғалған.

Қатынға лайық іс қылған,

Аз ғана бар қазақтан.

Үлгісі деп біл анамнан,

Қатыннан ана жаралған.

Айтуға ауыз бармаған,

Қасиетінен садақа қатыннан.

Шашын жайып, қиылған,

Сасық иіс шайтаннан.

Қатындық мирас анадан,

Ақ сүтін бізге арнаған.

Еркек болсаң намысты,

Сөз қадірін сақтаған!

Қатындығын қор қылған,

Өзін үстем зор қылған.

Әйелге де лайық па?

Қатын шықпас наданнан!

Махаббатқа жалғанған,

Әкенің тегін жалғаған.

Көбейсе қазақ қатыны

Азғындығына заман арланған!

(Мамыр айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *