Үміт пен күдігі арпалысқан,
Елі қазақ билікке сенім артқан
Ел басы ай сайын жолдау айтып,
Нәтижесін көре алмай сарсылытқан.
Нұрлы жол, нұрлы отан үміт артқан,
Құдайдың нұр сипатын дүние қылған.
Ару, сырқат, жазылмайтын дерті болып,
Елді жаны нұрлана алмай тозақтанған.
Экспо құрлысы бар қылған мақтан,
Әлемді қонақ қылып ел танытқан.
Қазақтың бағы бәрі қағазда бар,
Мәңгі ел жобасы бар ұрандатқан.
Сағымды қуып, жетіп кім ұстаған,
Дүние қыз еліктіріп қусаң қашқан.
Ата заң жетім болды өз еліне,
Ел билік ар-ұяты сөзді ұмытқан.
«Цивилизация» ел басының діні тұтқан,
Әлемнен қарыз жинап ел байытқан.
Ішіп-жеп, болашақтың нәсілдерін,
Жер қасиетін дүниеге айырбастан.
Қияметтік белгісі түсіп болған,
Халықтың жан қуаты азып тұрған.
Құдайдың азабы басталған күн,
Бос сөздер құтқармайды азаптардан.
Бұзықтық, дінсіздікті құдай атқан,
Аласапыран күн туар хақиқаттан.
Басымен халық түгел қайғы болып,
Қам қылмақ құтылуға сын азаптан!
Сенім, үміт жобалар желге ұшқан,
Ел биліктер тарихта таңбаланған.
Дүниенің қызғына айырбастап,
Қауымбыз аманатын арын сатқан!
(Қараша 2016 жыл)