«Цивилизация»

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 34

Ел билігі қазақтың табынғаны,

Әлемнің замандық өмір салты.

Елес болып сұлу қыздай еліктірген

Дүние байлық ібілістің аздырмағы.

Цивилизация ел басының шоқынғаны,

«Мәңгілік ел» құдайсыз ел қылмағы

Ар-ұятпен ата жолы аманатын,

Гендірлік теңдікпен бұғаулады.

Цивизация -ел биліктің тәңір бағы,

Қол соғып жүр, зиялы қауымдары.

Көкке жиған байлығын тауысуға,

Жан көбейтпек дәстүрін алдырмады.

Ай сайын жиналып сөз қылады,

Кереметін дүние жиған жобаларды.

Құдайсыз-ақ күн көріп мәңгі болмақ,

Тыңдасаңдар ел басшысы Нұрсұлтанды!

***  ****

Ұятын қазақ таппады,

Дүниемен болып мақтаны.

Мәңілік елді жасатпақ,

Шайтаннан жын тапқаны.

Ар-ұятсыз салт болған,

Ел басқарды Нұрсұлтан.

Таңбаланып тарихта,

Дінсіз билік аталған.

Ел билігі бүгін зайырлы,

Дүниемен ғана қайырлы

Ойсыз басшы ақылды,

Ар ұятқа жақса шайырды.

Ар-ұятын жерлеген,

Зияратын әулие іздеген.

Алладан арың басқа деп,

Қорқытты елді өлімен.

Белгісіне қиямет көнбеген,

Тәңірдей жерде көргеннен.

Хабарын құдай тыңдамай,

Менікі ғана жөн деген.

Атыңды қойды Астана,

Аллаға жетпек сатыға.

Ар ұятсыз халқы бар,

Тегіңе таңба масқара!

(Қараша 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *