Жер сатты деп ел басын жамандамақ,
Үйреншікті ойбай ғой бастан аяқ,
Шайтандардың әрекеті жала жаппақ.
Өзін-өзі көрсету жан ашыр боп,
Тектілігін сақтаған қазақтай-ақ.
Тектілігін құдай көрмей қалып,
Даурығып ел үркітіп атақ алмақ.
Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді,
Әулие болсаң хан қылайық сайламай-ақ.
Ата-баба аманаты тапталып ұмыт болды,
Кім бар көрсетсін ерейік ойланбай-ақ.
Басының қадірін білмей жүріп,
Сананы осындайлар қайдан алмақ?
Қанша жыл жала жауып Нұрсұлтанға,
Бір сөзі расталмаған бастан аяқ
Орысқа бодан болып қырылдық деп,
Кеше ғана шулаған тажалдай-ақ.
Жеті ел мүше болып қосылады,
Бәрі ақымақ, кедейлікке құмардай-ақ.
Бірлігін талай елдің басын қосып,
Қазақ елі аға ұлт боп жол бастамақ.
Өнер, ғылым жарысқан мұндай шақта,
Дәстүр-дінің ұлтты сақтар қорғандай нақ.
Естілер амал қылып әулиелікке,
Жол көрсет жастарға артқы дауласпай-ақ.
Өзіңде жоқ жарықты тілмен безеп,
Дұрыс тыныш жүрген қарғамай-ақ.
Кәпірлік дәлелсіз жала жаппақ,
Құдайдан лағнетін түбі таппақ.
Ел биліктің бәрі түгел надан емес,
Құдайым мұны көрмей тұрғандай-ақ.
**** ****