Қазағым татулықтың сынында бақ.  

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 35

Жер сатты деп ел басын жамандамақ,

Үйреншікті ойбай ғой бастан аяқ,

Шайтандардың  әрекеті жала жаппақ.

Өзін-өзі көрсету жан ашыр боп,

Тектілігін сақтаған қазақтай-ақ.

Тектілігін  құдай көрмей қалып,

Даурығып ел үркітіп атақ алмақ.

Жақсы болсаң жарықты кім көрмейді,

Әулие болсаң хан қылайық сайламай-ақ.

Ата-баба аманаты тапталып ұмыт болды,

Кім бар көрсетсін ерейік ойланбай-ақ.

Басының қадірін білмей жүріп,

Сананы осындайлар қайдан алмақ?

Қанша жыл жала жауып Нұрсұлтанға,

Бір сөзі расталмаған бастан аяқ

Орысқа бодан болып қырылдық деп,

Кеше ғана шулаған тажалдай-ақ.

Жеті ел мүше болып қосылады,

Бәрі ақымақ, кедейлікке құмардай-ақ.

Бірлігін талай елдің басын қосып,

Қазақ елі аға ұлт боп жол бастамақ.

Өнер, ғылым жарысқан мұндай шақта,

Дәстүр-дінің ұлтты сақтар қорғандай нақ.

Естілер амал қылып әулиелікке,

Жол көрсет жастарға артқы дауласпай-ақ.

Өзіңде жоқ жарықты тілмен безеп,

Дұрыс тыныш жүрген қарғамай-ақ.

Кәпірлік дәлелсіз жала жаппақ,

Құдайдан лағнетін түбі таппақ.

Ел биліктің бәрі түгел надан емес,

Құдайым мұны көрмей тұрғандай-ақ.

****    ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *