Қазақ философия мектебі және дін ұғымы

Бөлім: Без рубрики 4

Осы кезге дейінгі көптеген жазбаларымда, және арнаулы кітап түрінде де қазақ сөз өнерінің майталмандары болған философ ағайындарды сынаумен келгенім де рас. Бұл менің оларды жек көргенім емес, керсінше дін болсын, басқа барлық ғылым-білім саласы болсын кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін айыратын әділ қазы болуға тиісті философия мектебінің өкілдері болу керек. Философия мектебінің білімін жете меңгермей ел басқару саясатында, дін басқару саясатының саласына басшы болу да үлкен қателіктерге бой ұрындыруға, әділ заңдарды қалыптастыруға зиян келтіретін білген де дұрыс. Сонымен бұрынғы кезде қазақ философтары дін десе басын ала қашып, немесе сенерін де сенбесін де білдірмей екі аралық, бейтараптық жағдайда келгені де сөзсіз.

Осындай қазақ философия мектебінің дін саласында, сөз атауларының өзгеру саласында, сұхбат білімінде, қоғамдағы ақпараттық және барлық білім, ғылым өндіріс саласына берген тұжырымдамаларда философиялық көзқарасының, сөзбен тұжырым бағалаудың жетіспеушілігінен сұхбат білімі болсын, дінге, ғылымға, өркениетке, дәстүрімізге көзқарастардың кез келген еріккенің ермегіне, жаза білген, жазу білімін меңгерген жастардың, өмірден тәжрибесі түгіл, ақылы да пісіп жетілмеген жас қаламгерлердің де ермегіне айналғаны хақ.

Осындай жағдайда мені қуантқаны философия мектебінің көптеген өкілдері бұл салаға еніп, сұқбатқа келіп, қалам тарта бастағаны үлкен жаңалық және қазақ елінің рухани жетілуге қарай қадам басқаны деп білемін. Сонымен осы мектебінің өкілмен арадағы сұхбаттан үзінді беріп, өз пікірімді де халыққа таныстыра кетсем.

Фейсбук бетінде философ-ғалым Абдаршит мырзамен болған сұхбаттан;

Мен; «Абеке дін мен Құдай бір, дін бар жерде құдай бар құдай жоқ жерде дін де болмайды. Және дінің бейнесі діл болады» деген пәтуама;

Абадрашит; «ДІЛ дінен шығады дегенге еш келіспеймін.»

Тоқберген: «Онда сен үшін Құдайда өтірікші болғаны ғой! Жеткен жерің қазағым осы болды ғой? Санда білмей, орынсыз сөз сөйлегендерге нендей өкініш. Ясауи бабамыздың Сәни дәптерін оқы, санын ал да есептеп шығар . Болмаса бала шағаға мазақ болма замандас»

Абдарашит: «Сезікті секірер… Жаратушыға деген Сеніміңізде күмән бар ау шамасы, содан өзіңізді-өзіңіз ақтау үшін шала, дүмше молдалығыңызды жан жаққа жария етіп әлек болып жатқаныңыз?.. Осындай молдасымақтар ғой — қазақтың ДІНІН әрі-сәрі етіп қойған, ал ДІЛІН күйрете бастаған… Алаңғасар орға жықса, дүмше молда — халықты діннен ажыратады: мысалы, ДІН мен ҚҰДАЙ дегеннің арасын ажырата алмайтын молда секілділер…»

Тоқберген: «Рахмет Абеке! Бағаңа қанықтым. Мейлі кім не десе о десін, Мұхаммед пайғамбардан алған батам бар, құдайдан алған мөрім бар, соған лайық талай сауап жасауға алған емшілік бағым бар, артымнан ерген халқым бар, мен несіне уайымдаймын? Жаратушы кімнің жағында, кімнің білімі дұрыс екенін уақыттың еншісіне қалдырайық. Қорғамақ болып, қатырақ айтып едім, секірген өзің отқа қарай. Сен сенбеді деп, Құдай күнделікті оқып жатқан кітабын тоқтатып тастамас, тәуекел. Дүмше болсам мүмкін дүмше шығармын, әйтеуір акедемиктерде менің көптеген есебімді шығара алмай, басы қатып жатыр. Дін мен Құдайды өзің ажыратып бөлек -бөлек қалтаңа салып ал, менде тұтас Құдайсыз дін, дінсіз құдайым да жоқ.»

Дінмен бар ма Құдайдың айырмасы?

Япырмау есітідің бе мұндай сөзді?
Дүмшесің, деп айыптап теріп сөзді
Білімді атап өзін, маған сауал берді
Ажыртып Дінмен, Құдайды алшы, деді.

Әулие ертеректе болған екен,
Тұрандай елімізді қылған мекен.
Қоштасып, атанбаққа ақиретке
Елді жинап, өсиетін айтқан екен.

Ұлы келіп, оңаша мұңын шақты,
Қандаймын әлде жаман, мүмкін жақсы
Болжамай, тағдырымды кетпексің бе,
Болашақта кім болмақпын маған айтшы?!

Шақыр деді, жолдасты, сұқбаттасты,
Ниетің бір, пікірлесің болса жақсы.
Болашағың, тағдырыңның айнасы ол,
Әулие, жолдасымен ұлын да бағалапты.

Тексізсің, орысша,- деп ныспың деген,
Ағайын, білімділер көп зәбір берген
Шықты біреу «дүмшесің» деп кіналаған,
Атамадым, оқырман білерсің кімнен екен.

Діннен бөлек, құдайды кімнен көрген,
Өлімің, дін амандығың кімнен екен?
Құдайсыз, қурайда сыбайды, деп
Дін мен құдай «Бір» екенін білмейді екен.

Абайын, әулие даналарын оқымайтын,
Бұл қандай тектілер сөзге де тоқтамайтын?
Бәріңде Мұхаммедтың ұлы боп, аталсаңда
Қаламаса құдай, арсыздықтан құтылмассың.

Діні ісімен Құдай ісін ажырта алмас,
Осындай сөз бастаған жындылар мас.
Құдайдан өзі көрмей, көргенге және себей,
Надандар көп қазақта тазыдай иіс алмас.

Абдаршит: «Өт жарылса да айтайын, ДІН «Құдай ісі» емес, «адам ісі»! Сондықтан адамдар әр дінге бөлініп алып, қырқысып жатқаны, …мына екеуіміз секілді…»

Тоқбереген: Өкіншіті. Бар мәселе менде емес, сендерде, ғалым философ мырзалар. Абайды танымайтын, дінді намаз оқу, жалбарыну деп қана бағалайтындардың өті жарылмайды керсінше тасқа айналады. Дін бауырыңмен де байланысты. Діні азғаның бауыры да тозады. Ал, енді Абайдан; «..Егер дін көңілің (ҰЖДАНЫҢ, ПЕРІШТЕҢ-тағдыр кітабың) өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білмге көңіліңнің мейрімі (ар-ұжданың) асырап алған шешеңнің мейрімі секілді. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім -ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды….» (32-сөз) Сонымен туысқан, менімен бірге жауды қуыса алмай жүргенің өзі ұлтыңа, бабаларыңа деген мейірімің шала. Тас бауыр, десем артық болар, бірақ бауырға тас байланып жүрмесін. Абай бол басқа бәле тілден деген.

«Абдрашит: Тоқа, босқа шабылып не керек? Сіз өзіңіз неғұрлым көп шабылған сайын беделіңіздің де төмендей түсерін ұқпайсыз ба? Мен Құдай адамға ақыл бергенін, оны бергенде «Құдай жолын» табу үшін бергенін, ал Құдайға қарау жолы Дін екенін жақсы білемін. Сондықтан адам санасындағы Дін мен Құдай түсінігі арасында еш теңдік белгісін қоя алмайсыз. Құдай «өзін-өзі тануға» мұқтаж емес. Оған адам мұқтаж — ДІН арқылы. Бірақ әр халықтың «Құдайға бару жолы» өзгелерге ұқсамайды. Ол жол сол халықтың жалпы мәдениеті мен білімімен, дүниетанымдық көзқарасымен ұштасып жатады. Ал Сіз осы екі ұғымды «бір ұғым» ретінде қарастыруыңыз өте зиянды құбылыс:

1) «Құдай жолына түссем» деген адамның ақылын, өзіндік ізденісін жоққа шығару! Шынында Дін мен Құдай бір ұғым болса, дайын нәрсені мойындап, тып тыныш отыра беру қажет қой. Онда несіне ізденеміз? Несіне өзімізді тәрбиелеп, жетіліп, адами тұрғыда кемелденіп отыруға ұмтыламыз? Несіне Құранды оқып, оның әр сөзінің астарынан мағына іздейміз?…

2) Адамды хайуанмен теңестіру! Өйткені, тек хайуанға ғана Дін де, Құдай да бәрібір. Олар ешқашан Құдай кім?, Дін не? деген сұрақ қоймайды. Міне, осы аз ғана сөздерден кейін, Сіз аздап ойланыңыз. Өйткені, мәселе дұрыс шешілуі үшін сұрақ дұрыс болуы тиіс. Ал әуел бастан қате сұраққа ешқашан дұрыс жауап таба алмайсыз. Ал мен Сіздің «қарғыстарыңыз» бен «лағынаттарыңызға» күліп қана қараймын. Ниетім де, пыйғылым да, ойым да таза -Құдай оны көріп тұр. Ал Сіздің МЕНІҢ пиғылымды қалай бағалайтыныңыз — мен үшін ешбір маңызды емес! Одан әрі айтыңыз — САУАБЫ МАҒАН!!!»

Ал енді осы жағдайларға байланысты; Құдай мен дін туралы мынандай ұғымды талқылап көрсек. Біреулерге; «Күна бар ма?»-деп сұрасаңыз, «Иә бар», деп жауап берері де сөзсіз. Ал мен «Күнә жоқ, себебі Құдайдың ол жерде болмағандығынан, ал Құдай бар жерде күнә өледі, мүлде жоғалады» дер едім. Сол сияқты; «Суықтық бар ма?» десеңіз, «Иә бар» деген жауап аласыз. Ал, мен; «Суықтық жоқ, ол жылудың болмауынан» деп жауап берсем не дейсіз?. «Қараңғылық бар ма?» десеңіз, тағы да «Иә, бар» деген жауап аласыз. Ал, мен; «Қараңғылық жоқ, ол жарықтың болмауынан» деп жауап беріп, жарықты қараңғылықпен жою яғни күнді сөндіру, сол сияқты, жылуды да суықпен өшіру мүмкін емес екенін дәлелдер едім.

Енді Абдрашит мырзаның да пәтуасы бүгінгі заман көзқарасымен бір жағынан дұрыс, жамандықты да тудыратын дін-апиын екенін ескертіп отыр. Тек жаратушы иеміздің, «Бәрін жұбымен, парымен жартым» деген қағидасын қаперге алмай отыр. Сондықтан жаратушымыз өзінің нұр сипатын Құдайлық болмысы жаратып болғанан кейін оған қарсы қараны, көлеңкені жалған ойды да жаратқан. Сонымен дін екі сипата бірі жарық нұр, екіншісі қараңғылыққа бастайтын ой. Ойдан сөз пайда болып, жарықтық, құдай нұрына сәйкес сөздің қалыптастыруды яғни көркем сөз өсіруді арнаулы пайғамбарлар, елшілер арқылы түсіндіріп және көркем сөздер жинағын, кітабын да түсіріп қойған. Ал, ібілісті қарсы ойға жетелеуші қылып, түрлі жаратылыс сипатын беріп, және оның да пендеге, адамзатқа айналуына сол арқылы ғана есті адамға айналып, жаратушыға қайта табысуына мүмкіндік берген.

Сонымен теріс ойды жаратушымыз жаратқанмен жамандықты, күнәні тікелей жартқан жоқ. Жамандықты адамзат тіршілігі барсында, дінге қарсы болуымен, ойды теріс жорумен амалға айналдырып, адамзат күнәні жартушыға айналып алды. Сондықтан барлық адамзат күнәдан ғана жаратылып, тек құдайын тану арқылы, яғни шынайы дінін анықтау арқылы, ақыл, есін жетілдіру үшін білімді-ғылымды заманына қарай меңгеру арқылы ғана нұр сипатқа, құдайлық болмыстың бөлшегіне айналып, әлемдік дәрежедегі құдай нұрын жанымызбен, жарығымызбен толықтырып отырамыз. Діннің шынайылығын негізгі құдайлық сипатын анықтау ғана барлық адамзатың ақыл ойына, естілігіне берілген сынақ. Ол үшін де әр пендеге тағдырына жасына байланысты міндеті келіп отыратын иманы, яғни жарық-нұры, құдайлық несібесі бар. Онсыз біз, білім соңына түсіп, ақылымыз байланып, ілімсіз жетілмей, күнәға батқан сайын батып, қараңғылыққа мүлде түсе береміз. Мұндай жағдайда да, яғни күнәлі жағдайымыз тағдыр шегінінің өлшемінен асқан кезде ғана құдай өзін көрсетіп, нұрын түсіргенде біздің рухани күнәміз әшкере жария болып, өледі немесе бейнеленіп ауруға, жараға, дерттерге айналып, немесе өзіміз оны өзіміз білген білім, ілім арқылы емделіп өлтіреміз.

Осындай жағдайдан барып, тағдыр сынағы деген ұғым пайда болады да тіршілік үшін мың өліп, мың тірілу шарт. Осыдан барып Құдай жолы дін жолы дегеніміздің өзі, тағдырда міндетті, жаратушыдан берілетін сөз-несібе. Аятта; «Кәпірлер аузымен Алланың нұрын өшіруге тырысады, бірақ Алла нұрын тамамдайды» деп ескерткен. Ал Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек Тәңір сені екі сөзбен атқан» деп дін жолы да, құдай жолы да, тағдырың да басында жазылған дейді.

Сондықтан да мен Абдрашит мырзаға Абай атамыздың қара сөздерін оқуды және 38-ші қара сөзін мұқият қарап шығуды ұсындым, Сонымен;

Абдрашит: «ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СӨЗ Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі — надандық, екіншісі — еріншектік, үшінші — залымдық деп білесің. Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады. Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады. ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.»

Мен Абрашит мырзаға қарсы пәтуамен, адам өздігінен есті бола алмайды, Құдай ісін меңгеру арқылы ғана осындай жағдайға жетеді. Құдайдан аян-уахи алып бағдар алмаса, құр білім жолымен бәрібір адасатынын ескерттім. Сонымен дін жолы мен құдай жолын тең ұстап бір жолға айналдыру керектігіне және;

«Осындай тәсілмен Құран аяттарын жеке-жеке философиялық ұғымға айналдырса, керісінше адамзатқа, өркениетке, ғылымға қарсы ілім болып шыға келеді. Енді Абайды өзіне-өзін қарсы қойып отырсыз философ мырза. Алла тағала дегеннің өзі-ғылым деген. Олай болса Құдайдың өзі ғылым. Ал барлық тіршіліктің маңызы тек екіге бөлінеді. Бір басында жақсылық бір басында күнә тұрады. Күнәнің барлығы Құдайдың, Дінің жоқтығы. Егер Құдай діні болған жерде күнә де, зұлымдық та, залымдық та, қалықта болуы мүмкін емес. Сондықтан сендердің дін деп түсінгендерің дін емес, өздеріміз сиқты пенделердің ойдан құрастырған ой жору білімі. Оны түсіну үшін сан ғылымын меңгеріп, мынау-дін, мынау жалған-дін, адамзатың теріс ойы дегенді әуелі философтар білмегенде, өзге имамдардан, діншілерден, тіптен хазірет атағын алған надандардан не сұрау? Дін надан, еріншек, залым, бол деп үйретеді, дегенді кім ойлап тапқан? Оны ойлап шығарған дінсіз яғни хакімсіз ғалымдар. Бар қателік өздеріңде. Ғылымды анық меңгере алмай құр сөздің соңына түсіп, жалаңбас жүріп, бастағы жынды су тазармай, жаныңмен көктен білім суатын, он саулығыңды ала-алмай, құр намаз оқып, ораза тұтқаныңнан не пайда? Әуелі өзіңді танымай мені танытпақ болып шаршағаныңмен, менің артымнан ерген, мен сияқтылар тек өзіңе және берген пәтуа сөзің қарап күліп отырғанын біл. Дін бар жерде хикмет бар. Ал хикмет бар жерде болашақты болжау, сонымен әрекет те бар. Менің қазақ еліне келетін апатты жағдайды ескерткен шілде айының соңына дейінгі жазған болжамым 90-пайыз орындалды. Ел билік те оны мойындады. Онда менде дін бар. Ал, егер ғалымыңа дінің сәйкес келсе, жыл аяғына дейін болжам жасап бер. Немесе бір ауруды құран арқылы дертін тауып емдеп көр. Сонда білеміз дініңнің бар жоғын, атаңның дәстүрін ұстадың ба жоқ па?

Абдрашит: Сіз ем қонатын жағдайдан кеткен екенсіз. Енді сізбен пікір таластыруды артық деп есептеймін. Құдай — «ғылым» болса, онда сіз ғылымы мықты, Құдайдың қолынан мөр алған жердегі Құдай екенсіз! Құдайдан мөр ала отырып, Пайғамбардан бата сұраған «тағы біреу» екенсіз. Енді мен Сізден, Сіз менен аулақ болыңыз, әйтпесе Сіздің алдыңызда күнаһар болып қалар түріміз бар екен. Хош мырза!

Енді оқырмандар мен мұндай қымбат сұқбатастармен қоштаса алмаймын. Мен үшін бұл болшақ жазылып жатқан жан ғылымның кітабына тақырыптарының қандай ойларды терең ашуға деген таптырмас бағдар. Болашақта мөр туралы, жол туралы және інжілде мөрдің қалай ашылуы мен ата жолындағы жүрек ашу мөрі туралы терең дәлелдеп ғылымдық маңызын да керектігіне ой салып отыр Абдаршит мырза. Сол сияқты дін ғалымдармен де осындай пікір алмасулар жиі болса екен деп те үміттенемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.