Қазақтың болар күні, бағы жанған  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 133

Қазақ едік құдайға шын иланған,

Дәстүрімен ата-баба қолдау болған.

Бөріктің намысы бір, деп атап,

Бас қадірін ар қуатын сақтай алған.

Үлкендері жүрекке нұр жинаған,

Әулиеліктің үлгісіне жалғана алған.

Ақ батамен көгертетін ақсақалы,

Адастырмай жастарды дін иманнан.

Бүгін заман әулиелігін бар ма алған,

Аян көріп, уахи алған бір құдайдан?

Зұлымдығын бұл заманың ескертетін,

Қияметтік заман ісіне жоба болған.

Дін жаның, Мен аманат құдай салған,

Әр пендеге тағдырға сыйы болған.

Екі өмірдің арасында көпір болып,

Сөйлетіп, талап беріп адам қылған.

Ғылымын жаратқаның дәнін иман,

Өсірмей ар, ұяттпен дәстүр салттан.

Қияметтің бар белгісі түсіп жатыр,

Мәңгілік елге тозақтық  сыны болған.

Қайда едің сонда ақын сондай заман,

Дана Абайдың насихатын қолға алған.

Ата баба аманатын ата жолын,

Құдай ісін меңгеріп жоба алған?

Үлгісі қазақта көп Алланың достарынан,

Хикметімен, мұғжизадан мирас қалған.

Жалғанып кітабына артағы ұрпақ,

Әулиелік, ғибараттарын қайталаған.

Масһаб пен түрлі топпен дінің алған,

Өз ұлттыңның әулиелігі артта қалған.

Қайда болдың имам, дінші, хазірет,

Шәкәрімдей сопы ісін жалғай алған.

Бар ма әлемде пір Бекетей әулие болған,

Тура жолдың хикметіне жалғана алған.

Ясауидің ізбасары әулиелер көп,

Пайғамбарлық қасиеттерді қайталаған.

Қайда едің бектері елдің ақыл айтқан,

Дәстүрің мен ата жолын ел неге алмаған.

Қайда жүрдің атақты мен көп шенділер,

Заманында халық  аруағынан ажыраған.

Қайда, қайда едіңдер сол бір заман,

Кім құтылмақ қоятын бұл сауалдан.

Үш тілменен үш мінезді ұрпақтарды,

Ғылым атап аздыруға діл мен жаннан.

Өз жерінде өгей боп елің азған,

Өз тілімен, діл жанынан ажыраған.

Әлемнің тілі мен салтын меңгерумен,

Мәңгілік ел, нұрлы жолмен жерін сатқан.

Гендірлікті ел басшың жүр мақтаған,

Құтқара алмас өз қыздарын шайтанынан.

Неге, неге айтпадыңдар деп ағайын,

Болжай алмай келетінін сол бір заман.

Екі сөзін меңгеруден басын тартқан,

Дінсіз билік құдайдан сөз ұрлаған.

Ақша берген қалталы елге төрін беріп,

Өз ұлтының діл мен жанын саудалаған.

Екі жүзді білімділер дінсіз азғындаған,

Атақ, шенге байлығына мастанғаннан.

Қияметтің сынағына көңіл бермей,

Тұқымы азып нәсіл тегіне жалғанбаған.

Астананың күнін тойлап ел қуанған,

Түсті белгі көшесінде сел ағызған.

Сол күні қанша апат белгі келді,

Топан сумен талай жерде мал қырылған.

Жүректері ел биліктің тасқа айналған,

Еркектер мас, әйелзаты жәндік болған.

Қияметің мезгілімен азабы осы заман,

Алты ауызы араз боп жан қырылған.

Аманатын ата-баба зарын қылған,

Хабарын жазып жүрмін Раббымыздан.

Соқыр, саңырау түсінбейді үлкендер де,

Бар үмітім  жастарда енді рұқы оянған.

Демеңдер қайда едің сол бір заман,

Аманатын ата-баба ақтай алған.

Ата жолын қасиетін меңгерумен,

Жалғанып тектілікке жеткен шамам.

Үлгісін ата жолдың жанға шипаң,

Ақ бақсылық істеріне кітап алған.

Құдайдың өзі мұны қалау қылып,

Үлгісін сендерге жастар өткізе алсам!?

Күн болар, қазақтың бағы жанған,

Ата жол, дәстүрімен билік құрған.

Осы заман ел билігі ел аздырған,

Құлайтын астарындағы шірік тақтан.

Бұл заманда қиямет сыны болған,

Тарихта белгі қалар қанмен жазған.

Ғылым іздеп, жандарын өсіре алмай,

Ұстанып саясатты қолдан қырған.

(Шілде айы 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *