Қажылық-қажырлық  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 122

Бойыңда нәпсі жауың бар,

Жүректің күйін сауыңдар.
Міндетің енді ауырлар,

Қажыдан қайтқан бауырлар!

(Д.Байтұрсұн ұлы)

****   ****

Күніңді екі табыңдар,

Ақиретте мұнан ауыл бар,

Ата анаң риза болмаса,

Несіне қажы болдыңдар?

Тозақтан хабар алыңдар,

Өзіңде 41 қауым бар,

Тазартпай жеті атаңды,

Қажы емес зиярат қылдыңдар.

Төртеуді түгел қылдыңдар,

Жалғанбақ беске болдыңдар,

Хақиқатын қажылық дәлелдеп,

Шындықтан хабар алыңдар!

Қажырлы енді болдыңдар,

Алладан қару алдыңдар

Дұғасы қабыл болатын,

Қажыдан сұрау наным бар.

Қазақта қажы мыңың бар,

Дұғасын құдай қабылдар.

Қазақтың күйі түзелмей,

Тұр әлі, соған таңым бар.

Мұның рас мәні бар,

Атаның жолы заңы бар.

Жете мен сана түзеумен,

Ұжданды мәңгі жан болар.

Бойында ардан сауыт бар,

Досына Алла жақындар.

Он үңгірден өтіп алатын,

Ежелден қазақ салты бар.

Қажының бүгін саны бар,

Ал кімде жеті жаны бар?

Алтауың араз қажы боп,

Атаққа құмар болдыңдар.

Қажыға бармақ ойым бар,

Алланың өзі шақырар.

Шақыру әлі келген жоқ,

Иман аз онда жақындар.

Артымда аруақ қауым бар,

Алатын менен қарыз бар.

Аманатын қауым ақтамай,

Қажырлы болам айтыңдар?

(Қыркүйек 2016 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *