Қазығы түзу қадалған,

Салт-дәстүрің ақталған.

Ниеті берік, сенім мол,

Ұлт болған алға бастаған.

Басшысы адал, ақ ниет,

Қосшыда болса қасиет.

Жұлдызы туған солынан,

Айы туған оңыннан.

Ақ батаға кенелген

Халқы болса момыннан.

Несібесі болып молынан,

Жақтасып Алла төріне,

Бақ қонар екен жолынан.

Қыдыр дарып бойына,

Көгерер еді көсеге

Түсініп мұны көп жақсы,

Бірігіп басы қосылған.

Дін исламды ту қылған,

Құдай жолын ұстанған.

Аталар жолы бағың деп,

Қиянаттан сақтанған.

Жақсылықты Құдайдан,

Жамандығын көріп тағдырдан.

Ризалығын алып өлінің,

Тазартып жүгін ақталған.

Жеті атасын жете деп,

Тегінің жібіне жалғанған.

Сөз ата сөз тегін,

Үнімен Құран сақтаған.

Қазығы құран ақылдан,

Ясауи бабадан із қалған.

Жалғасын тауып жақсы сөз,

Даналар шығып арадан.

Тура жолын жалғаған.

Жобасын алып заманнан,

Ғылымын Алла қазығын,

Кітабы боп ұлттың санадан,

Ділін ұлттың жаңғыртқан!

(Маусым 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *