Қиямет сағаты 2016 жылдың екінші жартысындағы рухани сынақтар белгілері.

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 41

Адамзат әлемнің көшірмесі, және әлемдік уақыттың негізі болып саналады. Себебі барлық әлемнің нәрселерін адамзаттың пайдасына ғана жаратып, ал оның тағдыры уақыт болып табылады. Сондықтан адамзаттың тағдыры, уақыты аруақ болып, аруақтық қуаттан замандық уақиғалармен табиғатыңда жағдайы туындайды. Бүгінгі таңдағы заманың уақиғалары өткен шақпен, бүгінгі адамзаттың іс әрекеттерінің қилысунан пайда болған қуаттық жүйеге жаратушы тарапынан жауап берумен пайда болады.

Сонымен қазақ ел билігінің ұстанған саясаты мен білімді қауыммен, бұқара халықтың өмір сүру салтынан алдағы жарты жылдағы рухани өмірімізбен табиғат мезгілінің құбылыстары жайлы Раббымыздың ескертуін баяндап көрейік;

Шілде айы; Жауын-шашын көп болады. Таулы жерлерде су тасқындары болып, халық шығынға ұшырайды. Берекеті кетеді. Жол апаттары орын алады. Шығындар көп болып, ел қазынасына көп қаржы шығын болады. Егінге де өсіп жетілуіне зиян келеді.

Тамыз айы; Егін алқабында қара құрттар көбейеді. Егінің жартысына жуығы бүлінеді. Жауын –шашын азайып, алғашқы 10-күндігі ыстық болады. Халық арасында іш аурулары көбейеді.

Қыркүйек айы; Ауа-райы қоңыр салқын болады. Қатты жел тұрып, ғимраттардың қирауы да болады. Жалпы шаруаға қолайлы жәйлі болады. Бірақ халықтың жер мәселесіндегі ел биліктің ұстанған саясатына күмәнділік артады. Көшеге шығып қарсылық көрсетуде орын алуы мүмкін. Шиеленісті оқиғалар көп болады.

Қазан айы; Алғашқы 10-күндігі жауын-шашынды болады. 15-нен кейін арты қарға ұласады. Жолда жүргіншіншілердің абай болуы керек. Жол апаттары көбейеді. Мал аурулары көп тарайды. Әсіресе қара мал етінен абай болу керек.

Қараша айында; Ауа –райы құбылмалы болып, қар еріп, күн суытады. Көп жерлерде аязды болады. Екінші он күндікте қатты аяз болады.

Желтоқсан айында; Аязды болады. Халықтың түрлі ауруы, дерті асқынады. Өкпе, тыныс жолдары, жүрек аурулары көбейеді. Мал өлімі, шығын көп болады. Жолда абай болу керек, ажалмен байланысты апаттар орын алады. Енді ел билеушілердің дін,діл, әлеуметтік жағдайды қалыптастыру тұрғысындағы қабалдаған шарлары мен заңдарына және халықтың арсыздық әрекеттерінің жағдайына байланысты болатын ай сайынғы құдайдан келетін үкім жауаптарды әр айдың аяғында жариялап отырамыз. Сонымен бірге қандайда болатын сынақтардың алдын алып, құдайдан сұрап, ескертулерін орындаумен елге, тұрмысқа қолайлы жағдайды да қалыптастаруға болатынын да білген жөн. Бірақ бұл мәсһабтық біліммен, тәпсірмен мүмкін емес, оған қазақ дәстүрі, әулиелік жолы ғана керек. (жалғасы бар. Шілде айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *