Қиямет сағатының белгілері

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 67

«Әркім істегенінің бодауын алу үшін; Мен мезгілін құпиялаған қиямет анық келеді.» (20-15) Қазіргі таңда қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем елдерінің рухани дағдарысқа түсіп, иман қуатының жоғалуымен және оның орнына тек жалбарыну, сенімді бекіту құлшылығы келіп иманға ашық қарсы шығудан оның арты дүниелік сынықтар мен азаптарға, апаттарға ұласып жатқаны да сөзсіз. Бұл Раббымыздың біздерге де қаншама жыл сынақтан өтумен және дін тұрғысында қандай имандылығымызды көк отанның қазынасын сақтай алдық соған байланысты әлемде ерекше белгі қазақ елінде басталып иманды меңгеру мен сенімділік құлшылығының арасында ақпараттық соғыстың басталғанына да ондаған жыл өткені де сөзсіз. Сонымен осыдан екі жыл бұрын Құдайдың ашық түсірген хикметін, мұғжизаларын теріске шығарып соттаған қазақ елі үшін желтоқсан айының аяғында қияметтік сын сағаттың соғылғаны және мұның енді алдағы уақытта алты жылы барын да білген жөн.

Әрбір тылсымнан түсіп жатқан мейлі ауа райының ерекше ауытқуы түрлі су апаттары мен егіннің де орылмай қалуы немесе дұрыс өнім бермеуі де бұл біздердің дін ниетіміздің, ұжданымыздың жеміс бермей, сеніміміз де бұзылып иманды жоғалтып алғанға берген ескертулер болмақ. Бұл туралы біздер ата жолдықтар  жылына 6-ай салып алдын-ала Құдайдың берген уахина сәйкес ескертіп отырамыз да. Бұл ескертулерге жалпы қазақ зиялылар қауымы сана түгіл танымдық ақылға тән жетелігі де болмай құлақ аспағанмен ел басшымыз тарапынан оңды шешімдердің қабылдауымен көптеген сынақтардың айналып өтуіне де жағдай болғаны да хақ. Осы желтоқсан айында майда сынақтар болмаса және ауыл шаруашылығындағы толқулармен ғана аяқталу керек еді. Бірақ 1-ші желтоқсан күні екі от апатымен ірі белгі түсті Алматы және Алматы обылысына. Бұл белгінің де бізің дінді теріске алып, исламды тастағанымызды «трамвай» тұрағының өртке орануымен екі жолымыздың айрылғанымызға ескертуден қаншама шығын келді. Және 7 адамның өлімімен аяқталған да от апаты болды. Бұл ел басшымызға арнаулы президенттік шырша дайындап, оны жария қылмаса да ашылу салтанатын өткізгеніне берілген ескерту және иманы жолдас болсын Талғат ағамыздың қазасын зялы қауым өкілдері кәпір құсатып мылтықпен қоршап, зеңбірек сүйретіп, басына гүл шоғын қойып жерлеу рәсімін өткізу салтанатына және Алматы теле хабар орталығының сенімді ғана дін деп білген имансыздарының ата жолына жала жауып ұйымдастырған әрекеттеріне берілген де жауап деп түсінген дұрыс. Демек осындай іс басында жүрген ағайындарымыздың отының басына да қасіреттің келуін ескертеді. Және желтоқсан айында әкімдердің жаппай шырша құрып, жарысуынан жынға табынып, шоқынуына да биыл жалпы халыққа да үлкен ескерту болады. Олай болса желтоқсан айынан кейін халықтың жағдайына да қиындық сынақтар түседі. Ит ауруы, бас ауруы, түрлі дерттер еселеп арта береді. Мұны іс басындағылар осы бастан ойлап, шыршаға кеткен қаражатты неге мұқтаждарға жаңа жыл есебінен сый қылып таратпасқа? Сонда халық та мүлде жынды мастар болмаса,көшеге неге шырша қоймадың деп сұрай қоймас. Сонымен бірге сенім құлшылығын иманды меңгеру деп әлемді алдап жүрген масһабшы, тағы да осындай топтарға ақпараттық тұрғыда тосқауыл беретін ата  жолы білімін халыққа кең таныстырып мұны халықтың өзіне шешуді тапсырған да жөн болар еді. Ал бұл жағдай болмаса келесі жыл үлкен сынақтармен талай ел билеушілерге қайғы–қасірет те келмек. Бұл ескертуді Керейхан мен Жәнібек сұлтан зиярат басын көтеру керек деген жолдаудан кейін Астана қаласында Наурызбай батыр мен Керейхан, Жәнібек сұлтан даңғылында жолушылар таситын көлік пен жүк көлігінің соғысып көп адам жарақат алғаны да аруақтардан ел билікке ескерту деп ұққан жөн. Құдайды заңмен де басқадай амалмен де жеңе алмайтынына енді қазақ қауымының көзі жеткен жоқ па? Әлде халықты мұндай өздерінің тақ, дәрежесін қорғау үшін ашық арандатуға ұшыратудың түбінде тарихта қарғысқа ұшыраудың керегі бар ма? Ештен кеш жақсы ағайын, ойланайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *